Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім, Минск қ., 2009 жылғы 10 маусым

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісім 2009 жылғы 10 маусымда күшіне енді.

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлігі,
      екі ел арасындағы туризм саласында өзара достық қарым-қатынастарды теңдік және өзара пайда негізінде нығайтуға ұмтыла отырып,
      туризмнің экономикалық қарым-қатынастарды дамытудағы маңыздылығын сезіне отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты осы Келісімге және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес нығайтады және дамытады.

2-бап

      Тараптар туристік топтар мен жеке туристер алмасуын дамытуды соның ішінде, туризм мәселелері бойынша өткізілетін спорттық, музыкалық, театрлық және фольклорлық фестивальдар, көрмелер, симпозиумдар және конгресстер сияқты спорттық іс-шаралар мақсатында саяхаттауды көтермелейді.

3-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес туризм саласындағы статистикалық және басқа да ақпаратпен алмасады, сонымен қатар:
      өз мемлекеттеріндегі туристік іс-әрекетті реттейтін заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілер туралы;
      шетелдік туристердің келуіне байланысты ішкі заңнама туралы;
      табиғи ресурстар мен мәдени құндылықтарды қорғап сақтауға байланысты ішкі заңнама туралы;
      өз мемлекеттерінің туристік ресурстары туралы;
      қонақ үй және басқа да туристерді орналастыру құралдарын басқару тәжірибесі туралы. 

4-бап

      Тараптар туристерге қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылатын бірлескен кәсіпорындар мен туризм саласында инвестициялауды жүзеге асыратын қазақстандық және белорустік туристік ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықты орнатып дамытуға жәрдемдеседі.

5-бап

      Тараптар туризмнің дамуы туралы тәжірибе мен ақпарат алмасуды және екі елде өткізілетін туристік іс-шараларды қолдайды.

6-бап

      Тараптар екі елде де қолданылатын оқу және білім бағдарламаларымен алмасу арқылы туризм индустриясындағы мамандандырылған кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастыққа мүмкіндік туғызады.

7-бап

      Тараптар өздерінің Дүниежүзілік туристік ұйымдағы (ДТҰ) және басқа да халықаралық туристік ұйымдардағы қызметін үйлестіреді.

8-бап

      Тараптар осы Келісім бойынша ескерілген ынтымақтастықты өздерінің бюджеттік қаражаттары шегінде жүзеге асырады.
      Тараптар осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмеген болса, өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес дербес көтереді.

9-бап

      Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және бес жыл бойы қолданыста болады. Осы Келісімнің қолданыс мерзімінің аяқталуына алты ай қалғанға дейін Тараптардың бірі екінші Тарапты осы Келісімнің әрекетін тоқтату жайында дипломатиялық арналар арқылы хабардар етпесе, онда ол келесі бесжылдық мерзімге өздігінен ұзартылады.

10-бап

      Осы Келісімнің қолданысын тоқтату оның қолданылу барысында келісілген бағдарлама және жобалардың орындалуына, олардың аяқталуға тиіс мерзімдеріне дейін әсер етпейді.

      2009 жылы 10 маусымда Минск қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, белорус және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің заңдық күші бірдей.

(Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады