Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мұнайгаз өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім

Жаңа

Келісім, Ашгабатта 1993 жылғы 19 мамыр

      * Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 74-құжат.

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiкменстанның Yкiметі, екi Тараптың арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен дамыту мақсаттарында, теңдiк пен өзара пайда негiзiнде мұнайгаз өнеркәсiбiн дамытудағы өзара мүдделiлiктi мойындай отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-бап

      Түрiкменстан 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасына 7,0 млрд.м куб. көлемiнде табиғи газ, соның iшiнде 2,8 млрд.м куб. Саман-Тепин газын бередi.
      Тараптар Қазақстан Республикасының оңтүстiк аудандарына газды тiкелей беру мүмкiндiгiн қарастырады, ол үшiн Қазақстан жағы Өзбекстан Республикасымен Мүбарек ГПЗ-iн қайта өңдегеннен кейiн Саман-Тепин газын тасымалдау және "Қазақгаз" Ұлттық газ компаниясына "Бұхара-Урал" газ құбыры телiмiнiң КС "Сазакино"-дан КС-0 Газлиге дейiн диаметрi 1020 мм ұзындығы 220 км болатын бiр желiсiн жалға беру туралы келiссөздер жүргiзедi.

2-бап

      Түрiкменстаннан Қазақстан Республикасына газ жеткiзу келiсiм бағалары бойынша жүзеге асырылады.

3-бап

      Қазақстан жағы өзiнiң ауқымы бойынша Түрiкменстанның табиғи газының еркiн өтуiне жол ашады. Газдың-транзитi үшiн тарифтер жеке шартпен анықталады.

4-бап

      Түрiкмен жағы қазақ жағына жеке шарттарға сәйкес мұнай өнiмдерiн қайтару шарттарымен Түрiкменстанның мұнай қайта өңдеу заводтарында мұнайды қайта өңдеу мүмкiндiгiн жасайды.
      Қазақстан жағы мемлекеттiк, коммерциялық құрылымдарға және Түрiкменстанға тiкелей мұнай жеткiзетiн мұнай өндiру кәсiпорындарына үкiметаралық келiсiмдермен анықталған квотаның үстiнен қосып қажеттi квоталарды бөлуге жәрдемдеседi.

5-бап

      Осы Келiсiм оған қол қойылған кезден бастап күшiне енедi.
      Ашгабатта 1993 жылы 19 мамырда әрқайсысы қазақ, түрiкмен және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сондай-ақ барлық текстiң күшi бiрдей.

(Қолдары)   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады