Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы мен ұқсатушы өнеркәсіп саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығы туралы Келісім

Жаңа

Келісім, Каир қаласы, 1995 жылғы 16 маусым

      1995 жылғы 16 маусымда күшіне енді

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі,
      - ауыл шаруашылығы мен ұқсатушы өнеркәсіп саласындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіне отырып,
      - жоғары өнімді ауыл шаруашылық өндірісін жасау ниетіне сүйене отырып,
      - ауыл шаруашылық өнімдерімен және ұқсатушы жабдықтармен бір-бірін тиімді жабдықтауға ұмтыла отырып,
      - өзара экономикалық байланыстарды жүзеге асыру кезінде теңқұқықтықты, өзара пайда мен халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілерге келісті:

1-бап

      Тараптар ауыл шаруашылық өндірісі мен ұқсатушы өнеркәсіп саласындағы ұзақ мерзімді және тұрақты қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

2-бап

      Тараптар ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге және ұқсатушы өнеркәсіптің жоғары өнімді технологиясын дамытуға және оны енгізуге ықпал ететін болады.

3-бап

      Тараптар бір-бірінің ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады.

4-бап

      Тараптар ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру және ауыл шаруашылық шикізатын ұқсату жөніндегі бірлескен кәсіпорындарды құруға мүмкіндіктер жасайды және жағдайлар туғызады.

5-бап

      Тараптар екі мемлекеттік қазіргі ережелері мен тәртібіне сәйкес кадрларды даярлау саласында және оқытудың басқа салаларында ынтымақтастық жасайды.

6-бап

      Осы Келісім Тараптардың заңдарында қарастырылатын тиісті процедураларды орындаған соң күшіне енеді және 5 жылдық мерзімге жасалады. Егер аталған екі Тараптың бірі оны бұзу туралы осы мерзім бітуге кемінде 6 ай қалғанша екінші Тарапқа дипломатиялық каналдар арқылы жазбаша түрде хабарландырмаса, онда осы Келісімнің мерзімі келесі бесжылдық мерзіміне өздігінен ұзартылады.

      1995 жылғы 16 маусымда Каир қаласында әрқайсысы араб, қазақ және ағылшын тілдерінде екі дана болып жасалған, сондай-ақ барлық текстің күші бірдей. Осы Келісімді түсіндіруде әртүрлі көзқарастар пайда болса, Тараптар ағылшын тіліндегі тексті басшылыққа алады.

(Қолдары)  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады