Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы, Салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы Келісім

Жаңа

Келісім Москва қаласы 1998 жылғы 6 шілде. 1998 жылғы 6 шілдеде күшіне енді.

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдары мен халықаралық мiндеттемелерiн басшылыққа ала отырып, салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға және оның жолын кесуге, өз мемлекеттерiнiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты тапсырмаларды тиiмдi шешудегi өзара мүдделiлiктi негiзге ала отырып, осы мақсаттарда барлық құқықтық және басқа да мүмкiндiктердi пайдалануға зор маңыз бере отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Келiсiмнiң тақырыбы

      1. Тараптардың құзыреттi органдарының салық заңдарын бұзушылықпен пәрмендi күрес жүргiзудi ұйымдастыру мақсатындағы ынтымақтастығы - осы Келiсiмнiң тақырыбы болып табылады.
     2. Осы Келiсiм, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын, азаматтық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне әсерiн тигiзбейдi.

2-бап
Терминдер

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
      а) "құзыреттi орган:"
      Қазақстан Тарабы үшiн - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiн;
      Ресей Тарабы үшiн - Ресей Федерациясының Салық полициясы федеральдық қызметiн бiлдiредi.
      Құзыреттi органдардың ресми атауы өзгерген жағдайда, Тараптар ол туралы бiр-бiрiне тез арада хабарлайды.
      б) "салық заңдарын бұзушылық" - Тараптардың құзыреттi органдарына күрес жүргiзу жүктелген салық заңдары саласындағы қылмыстар мен немесе құқық бұзушылықтар.

3-бап
Ынтымақтастық нысандары

      Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде ынтымақтастықтың мынадай нысандарын пайдаланады: заңды және жеке тұлғалардың салық заңдарын бұзуы туралы ақпаратпен алмасу;
      салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған iс-шараларды өткiзу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл;
      заңды және жеке тұлғаларға салық салуға байланысты құжаттардың расталған көшiрмесiн тиiмдi түрде ұсыну;
      ұлттық салық жүйелерi туралы, салық заңдарының өзгерiстерi мен толықтырулары туралы ақпаратпен, сондай-ақ салық заңдарын бұзушылықпен күрестi ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдармен алмасу;
      салық заңдарын бұзушылықпен күресте пайдаланылатын ақпараттық жүйелердi құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi тәжiрибе алмасу;
      жұмыс топтарын құру, өкiлдер алмасу мен кадрлар оқытуды қоса алғанда, ынтымақтастық кезiнде туындайтын мәселелер жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыру;
      салық заңдарын бұзушылықпен күрес проблемалары жөнiнде ғылыми практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу.
      Тараптардың құзыреттi органдары өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдары мен халықаралық мiндеттемелерiн басшылыққа ала отырып, осы Келiсiмнiң шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты мәселелер бойынша бiр-бiрiмен тiкелей өзара iс-қимыл жасайды.

4-бап
Салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу

      1. Салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу мынадай мәселелер бойынша:
      салық заңдарын бұзушылар қолданатын тәсiлдердi көрсете отырып, заңды және жеке тұлғалардың салық салудан табыстарын жасыруы;
      заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк және коммерциялық банктерде шоттарын ашуы, сондай-ақ егер оларда салық салудан жасырған сомалар бар деуге негiздер болса, осы шоттар бойынша қаражаттардың айналымы;
      салық заңдарын бұзған заңды және жеке тұлғалардан салық салынатын базасының мөлшерi мен өндiрiп алынатын сомаларды белгiлеу, сондай-ақ салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге байланысты өзге де мәселелер бойынша жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында айтылған ақпарат бiр Тараптың құзыреттi органына екiншi Тараптың құзыреттi органының сұрау салуы негiзiнде, ақпарат беру сұрау салынып отырған Тараптың ұлттық заңдары мен мемлекеттiк мүдделерiне қайшы келмейтiн жағдайда ұсынылады.
      Егер Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органы өзiнде бар ақпарат екiншi Тараптың құзыреттi органы үшiн қызығушылық туғызады деп санаса, ол бұл ақпаратты жеке өз бастамасы бойынша ұсынуы мүмкiн.

5-бап
Iс-шаралар өткiзу

      Салық заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнiндегi іс-шаралар өткiзу кезiндегi мұндай заңды бұзушылықтар жасаған немесе оған күдiктi адамдарға қатысты Тараптардың құзыреттi органдарының өзара iс-қимыл күш пен қаражатты бiрлесiп жоспарлауды, пайдалануды, осы iс-шаралардың барысы және өткiзу нәтижелерi туралы ақпарат алмасуды қамтиды.

6-бап
Құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну

      Тараптардың құзыреттi органдары сұрау салу бойынша заңды және жеке тұлғаларға салық салуға қатысты құжаттардың көшiрмелерiн (шоттар, фактуралар, жүк құжаттары, шарттар, келiсiм-шарттар, сертификаттар, анықтамалар және басқалары, сондай-ақ салық заңдарының бұзылуына), қатысы бар мәселелер бойынша құжаттарды бір-бiрiне ұсынады.
      Көшiрмелер уәкiлеттi адамның қолымен және сұрау салушы құзыреттi органның мөрiмен расталады.

7-бап
Құқықтық сипаттағы материалдар алмасу

      Тараптардың құзыреттi органдары салық заңдары саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi қылмыстарды тергеудi жүргiзу мен iс жүргiзудiң ұлттық салық жүйелерi, құқықтық негiздерi туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады, жаңа нормативтiк-құқықтық актiлер қабылданғаннан соң немесе қолданылып жүрген нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрместен салық заңдарындағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.

8-бап
Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастық

      Тараптардың құзыреттi органдары салық заңдарын бұзумен күрестi ұйымдастыру кезiнде ақпараттық жүйелердi құру және олардың жұмыс істеуiне қатысты мәселелер бойынша тәжiрибе, әдiстемелiк және ғылыми материалдар алмасуды жүзеге асырады.

9-бап
Кадрлар даярлауда тәжiрибе алмасу және көмек көрсету

      Тараптардың құзыреттi органдары салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрестi көкейкестi мәселелерi бойынша өздерiнiң оқу орындарының негiзiнде кадрларды оқыту мен қайта даярлауда, бiрлескен ғылыми зерттеулерді, ғылыми-практикалық конференцияларды және семинарлар өткiзуде ынтымақтасады, сондай-ақ сапаршылармен алмасады.
      Осы ынтымақтастықтың нақтылы нысандарын жүзеге асыру және атап айтқанда, оны қаржыландыру Тараптардың құзыреттi органдары арасында жасалатын тиiстi келiсiмдерге сәйкес айқындалады.

10-бап
Сұрау салудың нысаны мен мазмұны

      1. Ақпарат алуға деген сұрау салу жазбаша нысанда немесе мәтiндi берудiң техникалық құралдарын пайдалана отырып берiлуi керек.
      Кейiнге қалдыруды көтермейтiн жағдайларда телефон байланысы арқылы берiлген ауызша сұрау салу қабылдануы мүмкiн, алайда ол тез арада жазбаша нысанда расталуы тиiс.
      Мәтiндi беруге техникалық құралдарды пайдаланған кезде, сондай-ақ алынған сұрау салудың растығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған жағдайда сұрау салынған құзыреттi орган жазбаша нысанда растауды өтiнiп сұрау сала алады.
      2. Ақпаратты алуға деген сұрау салудың мазмұнында:
      сұрау салушы құзыреттi органның атауы;
      сұрау салынатын құзыреттi органның атауы;
      сұрау салудың қысқаша мазмұны және оның негiздемесi;
      оның орындалуы үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер болуға тиiс.
      Қылмыстық iстер бойынша ақпарат алуға деген сұрау салуда бұдан басқа:
      iс жүзiндегi жағдайлардың қысқаша сипаттамасы;
      сұрау салушы тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес қылмысты саралау;
      келтiрiлген зиянның мөлшерi көрсетiледi.

11-бап
Сұрау салудың орындалуы

      1. Сұрау салу орындалуға кiдiрiссiз қабылданады. Сұрау салынған құзыреттi орган анықтау тәртiбiмен, егер бұл сұрау салуды орындау үшiн қажеттi болса, қосымша ақпаратты сұрай алады.
      2. Салынған сұрауды орындау мүмкiн болмаған жағдайда сұрау салынған құзыреттi орган бұл туралы сұрау салушы құзыреттi органға дереу хабар бередi.
      Егер бұл мемлекеттiң салынған құзыреттi орган мемлекетiнiң заңдарына қайшы келсе сұрау орындаудан бас тартылады.
      Сұрау салуды орындаудан бас тарту себептерi туралы сұрау салушы құзыреттi орган хабардар етiледi.

12-бап
Сұрау салуды орындау кезiндегi өзара iс-қимыл

      Сұрау салынған құзыреттi орган сұрау салушы құзыреттi органның уәкiлеттi өкілдерiне, егер бұл оның мемлекетiнiң заңдарына қайшы келмесе, өз мемлекетiнiң аумағында сұрау салудың орындалуына қатысуға рұқсат етуi мүмкiн.

13-бап
Тiлдер

      Ақпаратты алуға деген сұрау салу және оған берiлетiн жауап орыс тiлiнде әзірленеді.
     Сұрау салу басқа тiлде орындалған жағдайда оған расталған орыс тiлiндегi аудармасы қоса берiледi.

14-бап
Ақпаратты пайдалану

      Тараптардың құзыреттi органдары салық заңдарының бұзылуының алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге байланысты мәселелер бойынша ақпараттың құпиялылығына кепiлдiк бередi.
      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған ақпарат осы ақпаратты берген құзыреттi органның жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа берiлмейдi.

15-бап
Шығындар

      Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң мемлекеттерiнiң аумағында осы Келісімдi орындауға байланысты шығындарды көтередi. Қосымша шығындарды талап ететiн сұрау салу алынған жағдайда оларды қаржыландыру туралы мәселенi өзара уағдаластық бойынша Тараптардың құзыреттi органдары қарайды.
      Жоспарланған кездесулер кезiнде, егер басқа жазбаша уағдаластық болмаса, қабылдаушы құзыретті орган өзiнiң мемлекетi аумағында басқа құзыреттi органның делегациясын қабылдауды қамтамасыз етедi және соған байланысты барлық шығындарды төлейді, ал жiберушi құзыреттi орган жолақы төлемi бойынша шығындарды өтейді.
      Кезектен тыс кездесулер өткiзген жағдайда олардың бастамашысы болып табылатын құзыретті орган барлық шығындарды өтейдi.

16-бап
Келісімді жүзеге асыру жөнiндегi одан арғы iс-шаралар

      Тараптардың құзыреттi органдарының өкiлдерi осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты мәселелер бойынша қажет болған жағдайда консультациялар өткiзедi.

17-бап
Келісімнiң күшiне енуi және қолданысын тоқтату

      Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және
Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша мәлімдемесін дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты ай өткенге дейін қолданыста болады.
     Мәскеу қаласында 1998 жылғы 6 шiлдеде екi дана болып, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды және екi мәтiннiң күшi бiрдей.
     Осы Келісімнің ережелерiн түсiндiру кезiнде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтiн пайдаланылады.

(Қолдары)

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады