Дүниежүзілік Экономикалық форумның қамқорлығымен "Еуразия 2000" халықаралық экономикалық саммитін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 қаңтар N 29

      Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің шет елдермен аймақтық интеграцияны нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Дүниежүзілік Экономикалық Форумның қамқорлығымен "Еуразия 2000" халықаралық экономикалық саммиті (бұдан әрі - Саммит) 2000 жылдың 26-28 сәуірінде Алматы қаласында өткізілсін.
      2. Мыналар:
      1) Саммиттің ұйымдастыру комитетінің құрамы (1-қосымша);
      2) Саммитті дайындау және өткізу жөніндегі шаралар жоспары (2-қосымша) бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бір ай мерзімде 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің "Өкілдік шығыстар" және "Инвестицияларды тарту жөніндегі жарнамалық-ақпараттық жұмыс жүргізу" бағдарламаларына сәйкес Саммит өткізуге сметалық шығыстарды келісіп, Қазақстан Республикасы

 

Үкіметінің қарауына енгізсін.

     4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                         2000 жылғы 7 қаңтардағы

                                       N 29 қаулысымен бекітілген


     "Еуразия 2000" халықаралық экономикалық саммитін

            ұйымдастыруы комитетінің құрамы


     Саудабаев Қанат        - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Бекмырзаұлы              Министрі Кеңсесінің басшысы, төраға


     Ыдырысов Ерлан         - Қазақстан Республикасының Сыртқы

     Әбілфайызұлы             істер министрі, төрағаның орынбасары


     Қуанышев Дулат         - Қазақстан Республикасы

     Оразбекұлы               Инвестициялар жөніндегі агенттігінің

                              төрағасы, хатшы


     Тараков Лев            - Қазақстан Республикасы Президенті

     Юрьевич                  Баспасөз қызметінің жетекшісі

                              (келісім бойынша)


     Түймебаев Жансеиіт     - Қазақстан Республикасы Президенті

     Қансеиітұлы              Протоколының бастығы (келісім бойынша)


     Арғынғазин Әнуарбек    - Қазақстан Республикасы Президенті

     Арғынғазынұлы            Іс басқарушысының орынбасары

                              (келісім бойынша)


     Бүркітбаев Серік       - Қазақстан Республикасының Көлік

     Мінуарұлы                және коммуникация министрі


     Кәкімжанов Зейнолла    - Қазақстан Республикасының

     Халидоллаұлы             Мемлекеттік кіріс министрі


     Күлекеев Жақсыбек      - Қазақстан Республикасының

     Әбдірахметұлы            Экономика министрі


     Марченко Григорий      - Қазақстан Республикасының Ұлттық

     Александрович            Банкінің төрағасы (келісім бойынша)


     Мыңбаев Сауат          - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Мұхаметбайұлы            шаруашылығы министрі


     Сүлейменов             - Қазақстан Республикасының Ішкі

     Қайырбек Шошанұлы        істер министрі


     Школьник Владимир      - Қазақстан Республикасының

     Сергеевич                Энергетика, индустрия және сауда

                              министрі


     Жәмішев Болат          - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Бидахметұлы              бірінші вице-министрі


     Храпунов Виктор        - Алматы қаласының әкімі

     Вячеславович            


     Баталов Асқар          - "Қазинвест" Қазақстан

     Болатұлы                 инвестицияларға жәрдемдесу

                              орталығының бас директоры

                              (келісім бойынша)


                                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                     2000 жылғы 7 қаңтардағы

                                     N 29 қаулысымен бекітілген


     Дүниежүзілік Экономикалық Форумның қамқорлығымен "Еуразия 2000"

    халықаралық экономикалық саммитін дайындау және өткізу жөніндегі

                іс-шаралардың жұмыс жоспары

_________________________________________________________________________

N        Шаралар           Атқарылу            Атқарылуына жауаптылар

р/с                         мерзімі

_________________________________________________________________________

1            2               3                             4

_________________________________________________________________________

             1. Ұйымдастыру шаралары

_________________________________________________________________________

1 Қазақстан Республикасы   2000 ж.   Ұйымдастыру комитеті, Президенттің

   Президентінің, ресми     5 сәуір   Протоколы (келісім бойынша), Сыртқы

   делегациялар басшылары.            істер министрлігі, Инвестициялар

   ның қатысуын есепке ала            жөніндегі агенттік

   отырып, Саммит өткізу 

   сценарийін әзірлеу

_________________________________________________________________________

2 Алматы қаласының әуе.    2000 ж.   Ұйымдастыру комитеті, Президенттің

   жайында Саммиттің ресми  25-29     Іс басқармасы (келісім бойынша),

   делегациялар басшыларын  сәуір     Сыртқы істер министрлігі, Инвести.

   қарсы алу мен шығарып              циялар жөніндегі агенттік

   салуды қамтамасыз ету   

_________________________________________________________________________

3 Саммитке қатысатын       2000 ж.   Ұйымдастыру комитеті, Сыртқы істер

   қазақстандық ресми деле. қаңтар    министрлігі, Инвестициялар жөніндегі

   гацияның құрамын анық.             агенттік

   тау, оның ішінде Қазақстан

   Республикасының іскерлік

   топтар өкілдерінің құрамын

   айқындау

_________________________________________________________________________

4 Саммит өткізудің шартта. 2000 ж.   Ұйымдастыру комитеті, Қаржы министр.

   рын тең ұйымдастырушымен ақпан     лігі, Инвестициялар жөніндегі агент.

   (Дүниежүзілік экономикалық         тік, Сыртқы істер министрлігі,

   форум) бірге пысықтау және         "Қазинвест" Қазақстан инвестициялар.

   шығындарды жабу көздері            ға жәрдемдесу орталығы (келісім

   туралы ұсыныстар енгізу            бойынша)

_________________________________________________________________________

5 Саммиттің сметалық шығыс. 2000 ж.  Сыртқы істер министрлігі, Инвести.

   тарын әзірлеп, Қазақстан  қаңтар-  циялар жөніндегі агенттік, Қаржы

   Республикасының Үкіметі.  ақпан    министрлігі   

   не бекітуге енгізу        

_________________________________________________________________________

6 Саммиттің бағдарламасын   2000 ж.  Ұйымдастыру комитеті, тең ұйымдасты.

   әзірлеу                  15 наурыз рушы, Инвестициялар жөніндегі агент.

                                      тік, Сыртқы істер министрлігі,

                                      "Қазинвест" Қазақстан инвестициялар.

                                      ға жәрдемдесу орталығы (келісім

                                      бойынша)

_________________________________________________________________________

7 Ресми делегациялар басшы. 2000 ж.  Тең ұйымдастырушы, Сыртқы істер    

   ларына, халықаралық ұйым. қаңтар   министрлігі, Инвестициялар жөніндегі

   дар басшыларына, компания.         агенттік, "Қазинвест" Қазақстан

  лар мен банктерге, оның             инвестицияларға жәрдемдесу орталығы

  ішінде БАҚ шетелдік және            (келісім бойынша), Президенттің

  отандық өкілдеріне Саммитке         Баспасөз қызметі (келісім бойынша)

  қатысуға шақырулар жіберу

_________________________________________________________________________

8 Саммиттің қонақтары мен    2000 ж. Сыртқы істер министрлігі

   қатысушыларының рұқсатта. 26 сәуір

   ма алуын қолдауды қамта.

   масыз ету

_________________________________________________________________________

9 Саммитке қатысушылардың    2000 ж.  Сыртқы істер министрлігі,

   келу-кету құжаттарын ре.   1-26     Мемлекеттік кіріс министрлігі

   сімдеуді, ақпараттық       сәуір

   материалдар мен жабдық.

   тар әкелуін қамтамасыз

   ету

_________________________________________________________________________

10 Саммиттың ресми делега.   2000 ж.   Ұйымдастыру комитеті, Президенттің

  цияларына көліктік қыз.    25-29     Іс басқармасы (келісім бойынша),

  мет көрсету                сәуір     Сыртқы істер министрлігі, Алматы

                                       қаласының әкімі

_________________________________________________________________________

11 Саммиттің ресми делега.   2000 ж.   Сыртқы істер министрлігі

   цияларына еріп жүрген     25-29   

   адамдарға ұялы байланыс   сәуір

   құралдарын жалға алу

_________________________________________________________________________

12 Саммиттің ресми делега.   2000 ж.   Алматы қаласының әкімі

   циялар басшыларына        25-29  

   гүлдер тапсыруды қамта.   сәуір

   масыз ету

_________________________________________________________________________

13 Қонақ үй нөмірлерін сақ.  2000 ж.  Президенттің Іс басқармасы (келісім

   тап қоюды ұйымдастыру,    25-29    бойынша), Сыртқы істер министрлігі,

   Саммиттің ресми делега.   сәуір    тең ұйымдастырушы, "Қазинвест"

   циялар басшылары мен               Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу

   еріп жүрген адамдарды              орталығы (келісім бойынша)

   орналастыру, оларға қыз.          

   мет көрсету жөнінде

   қажетті шаралар қабылдау

_________________________________________________________________________

14 Саммиттің қонақтары мен   2000 ж.  Президенттің Іс басқармасы

   қатысушыларына медицина.  25-29    (келісім бойынша)

   лық қызмет көрсетуді      сәуір

   қамтамасыз ету

_________________________________________________________________________

15 Баспасөз өнімін дайын.    2000 ж.  Инвестициялар жөніндегі агенттік,

   дауды ұйымдастыру         20 сәуір Қаржы министрлігі, "Қазинвест"

                                      Қазақстан инвестицияларға жәрдем.

                                      десу орталығы (келісім бойынша),

                                      мүдделі министрліктер мен

                                      ведомстволар

_________________________________________________________________________

16 Ұрандар, жалаулар дайын.  2000 ж.  Ұйымдастыру комитеті, Алматы қала.

   дауды, қалада жүру бағыт.  25-29   сының әкімі, "Қазинвест" Қазақстан

   тарын безендіруді          сәуір   инвестицияларға жәрдемдесу орталығы

   ұйымдастыру                        (келісім бойынша)

_________________________________________________________________________

17 Мыналарды:                 2000 ж. Ішкі істер министрлігі, Алматы

   ресми делегацияларының     26-28   қаласының әкімі

   мүшелері тұратын және      сәуір  

   болатын жерлерде қауіп.

   сіздікті, сондай-ақ жүру

   бағыттарында Жол полициясы

   департаментінің автомаши.

   наларымен алып жүруді;

   Саммит өткізетін орында

   тәртіп сақтауды қамтамасыз

   ету

_________________________________________________________________________

18 Саммитке қатысушылардың    2000 ж.  Ұйымдастыру комитеті, "Қазинвест"

   Қазақстан Республикасының  26-28    Қазақстан инвестицияларға жәрдем.

   министрліктер, ведомство.  сәуір    десу орталығымен (келісім бойынша) 

   лар басшыларымен екі жақ.           бірлесіп тиісті министрліктер

   тық кездесуін ұйымдастыру           және ведомстволар

_________________________________________________________________________

19 Қазақстан Республикасы     2000 ж.  Ұйымдастыру комитеті, Президенттің

   Президентінің атынан      26 сәуір  Іс басқармасы (келісім бойынша)

   Саммиттің қонақтары мен             Қаржы министрлігі, Сыртқы істер

   қатысушыларына арналған             министрлігі, Инвестициялар жөнін.

   ресми қабылдау ұйымдастыру          дегі агенттік

_________________________________________________________________________

20 Қазақстан Республикасы     2000 ж.  Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

   Президентінің атынан      26 сәуір  келісім министрлігі, "Қазинвест"

   Саммитте концерт бағдар.            Қазақстан инвестицияларға жәрдем.

   ламасын және ресми                  десу орталығы (келісім бойынша),

   қабылдауға музыкалық                Қаржы министрлігі

   сүйемелдеуін ұйымдастыру

________________________________________________________________________

21 Саммиттің қонақтары мен    2000 ж.  Көлік және коммуникациялар

   қатысушыларының ұшып кетуі  3-29    министрлігі

   жөніндегі келісуді, қызмет сәуір

   көрсетуді, жанармай құюды,

   арнайы ұшақтардың тұратын

   жерін дайындауды ұйымдастыру

_________________________________________________________________________

22 Арнайы авиарейстердің бо.  2000 ж. Көлік және коммуникациялар

   луын қамтамасыз ету        17-29    министрлігі

_________________________________________________________________________

23 Саммитте ілеспе аудармаға  2000 ж.  Тең ұйымдастырушы, Президенттің

   жағдай жасауды қамтамасыз  26-28    Іс басқармасы (келісім бойынша),

   ету (аппараттар, аударма.  сәуір    Сыртқы істер министрлігі, "Қазин.

   шылар)                              вест" Қазақстан инвестицияларға

                                       жәрдемдесу орталығы (келісім

                                       бойынша), Инвестициялар жөніндегі

                                       агенттік

_________________________________________________________________________

24 Саммитте жұмыс бабындағы  2000 ж.   Президенттің Іс басқармасымен

   қонақ асын ұйымдастыру    26 сәуір  (келісім бойынша) бірлесіп тең

                                       ұйымдастырушы, Сыртқы істер

                                       министрлігі, Инвестициялар жөнін.

                                       дегі агенттік

_________________________________________________________________________

25 Саммиттің қорытындылары   2000 ж.   Президенттің Баспасөз қызметі

   бойынша Қазақстан Респуб. 28 сәуір  (келісім бойынша), Ұйымдастыру

   ликасы Президентінің                комитеті, Сыртқы істер министрлігі,

   баспасөз маслихатын                 Инвестициялар жөніндегі агенттік

   дайындау және ұйымдастыру

_________________________________________________________________________

                  2. Ақпараттық-анықтамалық материалдар

_________________________________________________________________________

26 Қазақстан Республикасының  2000 ж.  Инвестициялар жөніндегі агенттік,

   Инвестициялар жөніндегі    21 сәуір Қаржы министрлігімен бірлесіп

   агенттігінің бюллетенін"           "Қазинвест" Қазақстан инвестицияларға

   (ағылшын және орыс тіл.             жәрдемдесу орталығы (келісім

   дерінде) дайындау және              бойынша)

   шығару

_________________________________________________________________________

27 "1999-2000 ж.ж. Қазақстан.  2000 ж.  Инвестициялар жөніндегі агенттік,

   ның Инвестициялық сапар.    26-28    "Қазинвест" Қазақстан инвестиция.

   серігін", "Қазақстанның     сәуір    ларға жәрдемдесу орталығы

   инвестициялық мүмкіндік.             (келісім бойынша)

   тері" компакт-дискін

   (ағылшын тілінде) дайын.

   дау және Саммиттің қатысу.

   шыларына тарату

_________________________________________________________________________

28 Аумақтардың инвестиция.    2000 ж.   Барлық облыстар, Астана және Алматы

   лық мүмкіндіктері туралы   25 наурыз қалаларының әкімдері, "Қазинвест"

   ақпараттық бюллетеньдерді            Қазақстан инвестицияларға жәрдем.

   дайындау және шығару                 десу орталығы (келісім бойныша)

_________________________________________________________________________

29 Қазақстан Республикасының  2000 ж.   Барлық облыстар, Астана және

   ықтимал инвестициялық      20 сәуір  Алматы қалаларының әкімдері,

   жобалар тізбесін электрон.           Экономика министрлігі, "Қазинвест"

   дық тасушыларда дайындау             Қазақстан инвестицияларға жәрдем.

   және ресімдеу                        десу орталығы (келісім бойынша)

_________________________________________________________________________

                  3. Саммитте сөйленетін сөздердің жобалары

_________________________________________________________________________

30 Қазақстан Республикасы    2000 ж.    Ұйымдастыру комитеті, Президенттің

   Президентінің баяндамасы. 7 сәуір    Баспасөз қызметі (келісім бойынша),

   ның жобасын дайындау                 Сыртқы істер министрлігі, Инвести.

                                        циялар жөніндегі агенттік

_________________________________________________________________________

31 Саммитке:                  2000 ж.

   Премьер-Министрдің         7 сәуір   Ұйымдастыру комитеті

   Сыртқы істер министрінің             Сыртқы істер министрлігі

   Қаржы министрінің                    Қаржы министрлігі  

   Экономика министрінің                Экономика министрлігі

   Көлік және коммуникация              Көлік және коммуникациялар

   министрінің                          министрлігі

   Энергетика, индустрия және           Энергетика, индустрия және сауда

   сауда министрінің                    министрлігі

   Мемлекеттік кіріс министрінің        Мемлекеттік кіріс министрлігі

   Ауыл шаруашылығы министрінің         Ауыл шаруашылығы министрлігі

   Ұлттық Банк төрағасының              Ұлттық Банк (келісім бойынша)

   Бағалы қағаздар жөніндегі            Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық

   ұлттық комиссия төрағасының          комиссиясы (келісім бойынша) 

   Инвестициялар жөніндегі агенттігі    Инвестициялар жөніндегі агенттік

   төрағасының                          Алматы қаласының әкімі

   Алматы қаласы әкімнің   

   баяндамаларының жобаларын           

   дайындау және электрондық

   тасушылар арқылы Инвестиция.

   лар жөніндегі агенттігіне

   тапсыру

_________________________________________________________________________

32 Саммиттің қорытындылары     2000 ж.  Ұйымдастыру комитеті, Сыртқы істер

   бойынша БАҚ-тың өкілдеріне  28 сәуір министрлігі, Инвестициялар жөнін.

   арналған баспасөз масли.             дегі агенттігі, "Қазинвест"

   хатына материалдар дайындау          Қазақстан инвестицияларға жәрдем.

                                        десу орталығы (келісім бойынша)

_________________________________________________________________________

33 Саммит жөніндегі баспасөзге  2000 ж. Ұйымдастыру комитеті, Сыртқы

   материалдар дайындау, шетел. 25-29   істер министрлігі, Инвестициялар

   дік және отандық БАҚ-та      сәуір   жөніндегі агенттігі, Президенттің

   Саммит жұмысы мен қорытын.           телерадикомплексі (келісім бойын.

   дыларын көрсетуді қамтамасыз         ша), "Хабар" агенттігі" ЖАҚ       

        ету                             (келісім бойынша)Мәдениет,        

                                        ақпарат және қоғамдық келісім     

                                        министрлігі

_________________________________________________________________________

               4. Саммиттің қорытындылары бойынша есеп

_________________________________________________________________________

34 Саммиттің қорытындылары      2000 ж. Ұйымдастыру комитеті, Сыртқы

   бойынша есеп дайындау       20 мамыр істер министрлігі, Инвестициялар

                                        жөніндегі агенттігі, "Қазинвест"

                                        Қазақстан инвестицияларға

                                        жәрдемдесу орталығы (келісім

                                        бойынша)

_________________________________________________________________________





      Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады