Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Моңғолияға 1999 жылғы 22-23 қарашада ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 25 қаңтар N 126

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Моңғолияға 1999 жылғы 22-23 қарашада ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және қазақстан-моңғолия ынтымақтастығын одан әрі дамытуды және кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Моңғолияға 1999 жылғы 22-23 қарашада ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, басқа да мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және мүдделі ұйымдар Іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Іс-шаралар

 

жоспарының орындалу барысы туралы кем дегенде жарты жылда бір рет

Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етіп отырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                         2000 жылғы 25 қаңтардағы N 126

                                             қаулысымен бекітілген


           Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

             Моңғолияға 1999 жылғы 22-23 қарашада ресми сапары

             барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге

                    асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


________________________________________________________________________

| N |          Іс-шара             |Атқарылу|    Жауапты атқарушылар     |

|р/с|                              | мерзімі|                            |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 1 |               2              |    3   |              4             |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 1 |Қазақстан Республикасына тұр. |  2000  |Сыртқы істер министрлігі,   |

|   |ғылықты тұруға келген ұлты қа.| жылдың |Ішкі істер министрлігі,     |

|   |зақ Моңғолия азаматтарының    |   IV   |Көші-қон және демография жө.|

|   |Моңғолия азаматтығынан шығу   |тоқсаны |ніндегі агенттік            |

|   |және Қазақстан Республикасы   |        |                            |

|   |азаматтығын алудың оңайлатыл. |        |                            |

|   |ған тәртібі жөніндегі келісім.|        |                            |

|   |ді жасауға келіссөздер жүргізу|        |                            |

|   |және қол қоюға дайындау       |        |                            |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 2 |Көлік саласындағы ынтымақтас. |  2000  |Көлік және коммуникациялар  |

|   |тық:                          | жылдың |министрлігі, Энергетика, ин.|

|   |   Моңғолиямен темір жол қаты.|II жарты|дустрия және сауда министр. |

|   |насын Ресей Федерациясы және  | жылдығы|лігі, Қаржы министрлігі,    |

|   |Қытай Халық Республикасының   |        |Экономика министрлігі, Ин.  |

|   |аумағы арқылы пайдалану;      |        |вестициялар жөніндегі агент.|

|   |   Қазақстан Республикасы-Ре. |        |тік, Шығыс Қазақстан облысы.|

|   |сей Федерациясы-Моңғолия авто.|        |ның әкімі, "Қазақстан темір |

|   |көлік жолын салудың экономика.|        |жолы" РМК (келісім бойынша),|

|   |лық қажеттілігін және оны қар.|        |"Эйр Қазақстан тобы" хол.   |

|   |жыландыру көздерін айқындау;  |        |дингтік компаниясы (келісім |

|   |   Осы маршрутты Астана мен   |        |бойынша)                    |

|   |Улан-Баторға дейін жалғастыру |        |                            |

|   |мүмкіншілігімен Өскемен-Баян- |        |                            |

|   |Өлгий әуе қатынасын ашу       |        |                            |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 3 |Ынтымақтастықтың нақты салала.|  2000  |Сыртқы істер министрлігі,   |

|   |рын айқындау үшін екі елдің   | жылдың |Ауыл шаруашылығы министрлі. |

|   |шекаралас облыстары басшылары.|II жарты|гі, Шығыс Қазақстан облысы. |

|   |ның кездесуін өткізу          |жылдығы |ның әкімі                   |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 4 |Моңғолиядан Қазақстан Респу.  |  2000  |Сыртқы істер министрлігі,   |

|   |бликасына Ресей Федерациясы   | жылдың |Ауыл шаруашылығы министрлі. |

|   |арқылы мал айдап өту жолдары  |I жарты |гі, Шығыс Қазақстан облысы. |

|   |туралы мәселені ресей тарапы. |жылдығы |ның әкімі                   |

|   |мен шешу                      |        |                            |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 5 |Пайдаланылмай тұрған ғимарат. |  2000  |Ақмола және Қарағанды облыс.|

|   |тарды, объектілерді және әске.| жылдың |тарының әкімдері, Көші-қон  |

|   |ри қалашықтарды оралмандар    |II жарты|және демография жөніндегі   |

|   |үшін тұрғын үйге пайдалану жә.|жылдығы |агенттік, Энергетика, индус.|

|   |не оларды одан әрі мал шаруа. |        |трия және сауда министрлігі,|

|   |шылығы саласына жұмысқа тарту |        |Ауыл шаруашылығы министрлігі|

|   |(Степногорск, Приозерск және  |        |Қаржы министрлігі, Сыртқы   |

|   |т.б.)                         |        |істер министрлігі           |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 6 |Моңғолиядағы қазақ диаспорасы.|  2000  |Сыртқы істер министрлігі,   |

|   |ның қазақ тіліндегі оқу құрал.| жылдың |Білім және ғылым министрлі. |

|   |дарын, басқа да әдебиеттерді  |I жарты |гі, Мәдениет, ақпарат және  |

|   |алуына жәрдемдесуді ұйымдасты.|жылдығы |қоғамдық келісім министрлі. |

|   |Моңғолияда моңғол қазақтарының|        |гі, Әділет министрлігі, Кө. |

|   |қоғамдық қорын құру туралы мә.|        |ші-қон және демография жө.  |

|   |селені диаспораның басшылығы. |        |ніндегі агенттік            |

|   |мен пысықтау                  |        |                            |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 7 |Моңғолиямен тауар айналымын   |  2000  |Энергетика, индустрия және  |

|   |ұлғайтудың мүмкіндігін зерде. | жылдың |сауда министрлігі, "Қазақ.  |

|   |леу                           |   I    |азықтүлік корпорациясы" ЖАҚ|

|   |                              |тоқсаны |(келісім бойынша)           |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 8 |Қазақстан Республикасы үшін   | 2001-  |Білім және ғылым министрлі. |

|   |орхон-енисей ескерткіштерінің | 2002   |гі, Мәдениет, ақпарат және  |

|   |көшірмелерін даярлау. ЮНЕСКО- | жылдар |қоғамдық келісім министрлі. |

|   |ны тарта отырып қатысуымен    |        |гі, Сыртқы істер министрлігі|

|   |көшпелі және ежелгі түрік мә. |        |                            |

|   |дениеттерінің ескерткіштерін  |        |                            |

|   |қорғау және зерделеу жөніндегі|        |                            |

|   |ынтымақтастықты тереңдету     |        |                            |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 9 |"Балқашмыс" АҚ борышын астық, |  2000  |Қаржы министрлігі, Әділет   |

|   |ЖЖМ, бұрын пайдаланылған әске.| жылдың |министрлігі, Энергетика, ин.|

|   |ри техникаларды жеткізу және  |II жарты|дустрия және сауда министр. |

|   |басқа да нұсқалар жолымен ке. |жылдығы |лігі, Ауыл шаруашылығы ми.  |

|   |зеңдік негізде өтеудің мүмкін.|        |нистрлігі, Қорғаныс министр.|

|   |діктерін қарай отырып, реттеу.|        |лігі, Сыртқы істер министрлі|

|   |ге жәрдемдесу                 |        |гі, Президенттің Іс басқар. |

|   |                              |        |масы (келісім бойынша), Аста|

|   |                              |        |на қаласының әкімі          |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 10|Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы.|  2000  |Мәдениет, ақпарат және қо.  |

|   |ның 60 жылдығын (2000 жылғы   | жылдың |ғамдық келісім министрлігі, |

|   |шілде) тойлауға Қазақстан Рес.|   I    |Сыртқы істер министрлігі    |

|   |публикасы делегациясының (мә. |тоқсаны |                            |

|   |дениет және өнер адамдарының  |        |                            |

|   |қатысуымен) құрамын бекіту    |        |                            |

|___|______________________________|________|____________________________|

| 11|Моңғолияның Баян-Өлгий айма.  |  2000  |Ауыл шаруашылығы министрлі. |

|   |ғындағы қазақ диаспорасына 5  | жылдың |гі, Мемлекеттік сатып алу   |

|   |мың тонна астық беру түрінде  |   I    |жөніндегі агенттік (келісім |

|   |ізгілік көмек көрсету         |тоқсаны |бойынша)                    |

|___|______________________________|________|____________________________|




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады