Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 29 қаңтар N 139 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.18. N 1219 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудiң және жүзеге асырудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 476-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің 2000 жылғы    
29 қаңтардағы       
N 139 қаулысына      
қосымша           

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің 1998 жылғы     
31 желтоқсандағы       
 N 1389 қаулысына      
қосымша           

              Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын
           қалыптастыру жөнiндегі комиссияның құрамы

    Өтембаев Ержан           - Қазақстан Республикасы Премьер-
    Әбiлхайырұлы               Министрінің орынбасары, төраға    

    Күлекеев Жақсыбек        - Қазақстан Республикасының
    Әбдiрахметұлы              Экономика министрi

    Школьник Владимир        - Қазақстан Республикасының
    Сергеевич                  Энергетика, индустрия және сауда
                               министрi

    Есенбаев Мәжит           - Қазақстан Республикасының
    Төлеубекұлы                Қаржы министрi

    Бүркiтбаев Серiк         - Қазақстан Республикасының Көлiк
    Мiнәуарұлы                 және коммуникациялар министрi    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады