Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 ақпан N 301

      Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті, заң базасын жетілдіруді, кеден рәсімдерін оңтайландыру мен оңайлатуды қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002

 

жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі Қазақстан

Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған

тұжырымдамасын кезең-кезеңмен іске асыру жөнінде шаралар қолдансын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                    Қазақстан Республикасы

                                                         Үкіметінің

                                                    2000 жылғы 25 ақпандағы

                                                       N 301 қаулысымен

                                                          мақұлданған


                         Қазақстан Республикасы

                     Мемлекеттік кіріс министрлігі

                            Кеден комитеті




                 Қазақстан Республикасының кеден қызметін

                 жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған

                              ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ



                                 КIРIСПЕ



 
       Қазақстан Республикасы кеден органдарының қалыптасуы өте ауыр экономикалық жағдайларда жүрiп жатыр. Кеден қызметiнiң сегiз жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi.
      Қазiргi уақытта кеден қызметiн қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi.
      Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады.
      Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттiлiгi қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды.
      Осы Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеуге және осының базасында кеден органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша реформалардың мейлiнше ықтимал барысын алдын ала болжауға, басымдықтарды айқындауға әрекеттену болып табылады.
 
                  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН
                        ҚЫЗМЕТIНIҢ МИССИЯСЫ
 
      Сыртқы сауданы ырықсыздандыру және елдiң географиялық орналасуын ескере отырып тауарлардың халықаралық транзитi үшiн қолайлы режим жағдайын жасау.
      МАҚСАТТАР МЕН МIНДЕТТЕР:
      - Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi мен экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету;
      - Кеден төлемдерi мен салықтарын уақытында және толық алу, валюталық-банктiк кеден бақылауын жүзеге асыру;
      - Елдiң сыртқы саудасын реттеудiң мемлекет белгiлеген тарифтiк және тарифтiк емес шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi кеден қызметiнiң рөлiн нығайту;
      - Заң базасын қамтамасыз ету;
      - Кеден iсi саласында контрабандаға және қылмыстарға, кеден ережелерiн бұзушылықтарға қарсы күрес;
      - Кеден рәсiмдерiн оңтайландыру. Мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге септiгiн тигiзетiн жағдайларды жасау;
      - Стратегиялық мақсаттағы тауарлардың, екi ұдай мақсаттағы тауарлардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету.
 
              Проблеманың мазмұны және оны тұжырымдамалық
                    шешу қажеттілігінің дәйектемесі
 
      Осы кезеңдегi экономиканың дамуы және Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылықтар байланыстары жүйесiне бiрте-бiрте кiруiнiң қажеттiлiгi кеден қызметiне реформа жүргiзудi талап етедi. Бұл реформалардың негiзгi мақсаты сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын іздеу болып табылады. Жүргiзiлетiн реформаның негiзiне алынған принциптер қарапайым-реформа:
      - кедендiк бақылау жүйесiн оңайлатуға;
      - заңдар мен кеден рәсiмдерiнiң ашықтығына;
      - кеден төлемдерiнiң түсуiн өсiрудiң стратегиясын әзiрлеуге бағытталған.
      Тұжырымдаманы жасаудың негiзгi мақсаты - жақын арадағы перспективаға арналған мiндеттердi анық айқындау және ұзақ мерзiмдi басымдықтарға дәйектi түрде көшу.
      Кеден органдарын жетiлдiрудiң тұжырымдамасын әзiрлей отырып бiз реформаларды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар аймақтық бiрлестiктердiң (ТМД, Кеден одағы) шеңберiндегi бiздiң уағдаластықтарымыздан туындайтын халықаралық мiндеттемелерiмiздiң орындалуына жәрдемiн тигiзуi, кеден iсiне қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы үшiн әлемдiк экономикалық жүйеге үйлесiмдi түрде кірудiң қажеттілiгiн негiзге аламыз.
      Бұдан басқа, реформаларда Дүниежүзiлiк кеден ұйымының (ДКҰ), Дүниежүзiлiк сауда ұйымының конвенциялары мен келiсiмдерiнде өз көрiнiсiн тапқан халықаралық танылған практика көрiнiс табуы тиiс.
 
                    Кеден қызметiнiң қазiргi жай-күйi
 
      Республика кеден жүйесiнiң қалыптасуы нақты тарихи: бiр жағынан - Кеңестiк мемлекеттiң құлауы, экономикалық дағдарыс, екiншi жағынан - егемендiк алу мен тәуелсiз мемлекет құру жағдайында жүзеге асырылды. 1991 жылы бiздiң мемлекетiмiз қазiргi заманғы кеден қызметiн құруға кiрiстi. Президенттiң алғашқы Жарлықтарының бiрi "Қазақстан Республикасының Кеден комитетiн құру туралы" 12.12.1991 жылғы Жарлығы болды. Республикада бұған дейiн тiкелей КСР Одағына бағынатын Қазақ республикалық кеденi, Қорғас кеденi, Гурьев кеденi жұмыс iстедi.
      1991 жылы республиканың кеден органдарындағы адам саны 150-ден сәл асатын. Егемен мемлекет ретiнде Қазақстан Республикасы құрылғасын бұрынғы КСРО мемлекеттерiмен шекараларда кеден бақылауын жасау қажеттiлiгi туды, "ашық шекара" деп аталатынның ұзындығы 12760 км, бұдан басқа ҚХР-мен - 1560 км болды. Қазақстан Республикасының кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша кедендiк және шекаралық шарттылықтарды орындау үшiн бiрде бiр жайластырылған кедендiк өткiзу орны болған жоқ.
      1995 жылға дейiн қажеттi заң базасының, кадр құрамының, қаржыландырудың болмауы кеден қызметiнiң проблемасын елеулi түрде қиындатты. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" заң күшi бар Жарлығы (1995 жылғы маусым) қабылданғанға дейiн республикада кеден iсi көбiне бiрiне-бiрi қайшы келетiн 200-ден астам түрлi құжаттармен реттелдi.
      Кеден қызметiнiң iсiне мыналар айтарлықтай ықпал етедi:
      - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдарының көлемi, сондай-ақ елдiң мемлекеттiк шекарасынан өтетiн жеке адамдардың саны;
      - сыртқы сауда айналымының қысқаруына қарамастан кеден төлемдерiнiң түсуi есебiнен мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң толығу қарқынының өсуi;
      - жағдайлардың саны бойынша да, сондай-ақ бұл ретте тәркiленетiн тауарлардың құны бойынша да кедендiк құқық бұзушылықтар ауқымының күрт өсуi;
      - әлеуметтiк-қауiптi контрабанда көрiнiстерiнiң айтарлықтай және тұрақты түрде өсуi. Атап айтқанда, есірткі құралдарының контрабандасы. 1999 жылы 2 тонна есiрткi құралдары ұсталды. Алғаш рет "ауыр" есiрткiлер 26 кг героин, 133 кг апиын ұсталынды.
      Ұлттық экономиканың қалыптасуы кезеңiнде кеден қызметтерi бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толықтырудың негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады.
 
                                Өндiрiп алынды:
                     - 1997 ж. - 22 024 705 мың теңге
                     - 1998 ж. - 33 706 710 мың теңге
                     - 1999 ж. - 38 187 619 мың теңге
 

                                  - Болжам:



 
                      - 2000 ж. - 58 237 763 мың теңге
 
      1997 жылдан бастап кеден органдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жүзеге асыратын кедендiк-банктiк валюталық бақылауы енгiзiлдi. Кедендiк-банктiк валюталық бақылаудың мақсаты валюталық түсiмнiң толықтығы мен уақытылы түсуiн, сондай-ақ ақша қаражатының импорттың мақсатына заңды және негiздi пайдаланылуын қамтамасыз ету. Кеден органдары жүргiзген iс-шаралардың нәтижесiнде СЭК қатысушылар тарапынан қаржы тәртiбi күшейдi, валюталық мәмiлелердi жүзеге асыру кезiндегi ақша айналысының уақыты қысқарды.
      Контрабандамен және кеден iсi саласындағы қылмыстармен, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден ережелерi мен салық заңдарының бұзылуларымен күрес барысында 1999 жылы осы бағытта кеден органдары жұмысының айтарлықтай жанданғанын көрсететiн нәтижелерге қол жеткiзiлдi.
      356 қылмыстық iс қозғалды, оның iшiнде экономикалық контрабанда бойынша - 108; кеден төлемдерi мен салықтарын төлеуден жалтарғаны үшiн - 42 iс; есiрткi құралдарының, тыйым салынған және айналыстан шығарылған заттардың заңсыз айналымының анықталған фактiлерi бойынша - 78 iс, басқа да түрлi қылмыстар бойынша - 128 iс. Бүкiл 1998 жылы - 105 iс, 1997 жылы - 80 iс.
      Кеден ережелерiн бұзғаны туралы iстер бойынша өндiрiп алынған айыппұлдардың және тауарлар мен көлiк құралдары құнының сомасы өткен жылы 4 млрд. теңгенi, 1998 жылы - 3,09 млрд. теңгенi құрады.
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлық енгiзiлген 1995 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңде республиканың кеден қызметi кеден бақылауын ұйымдастырудың сан алуан түрлi аспектiлерi бойынша белгiлi бiр жұмысты атқарды.
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Заңға сәйкес сенiмдi кеден бақылауын қамтамасыз етуге мүмкiншiлiк беретiн нормативтiк құжаттар әзiрлендi. Тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау мәселелерi шешiлу үстiнде.
      Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн стратегиялық және басқа да өмiрлiк маңызы бар материалдардың, екi ұдай мақсаттағы тауарлардың әкелiнуiн бақылау жолға қойылды. Сондай-ақ радиоактивтi және бөлiнетiн материалдарға да.
      Өткен жылдан бастап бiз қолданылып жүрген кеден заңына өзгерiстер енгiзу мәселесiмен тығыз айналыстық. Тұтастай алғанда 236-бап өзгертiлдi. Өзгертулердiң негiзгi мақсаты - кеден шарттылықтарын оңайлату және жеделдету.
      Өзгерiстердiң бiрқатары Қазақстанның кеден заңын ДСҰ-ның талаптарына және Кеден одағы туралы келiсiмдерге сәйкестiкке келтiру үшiн жасалды. Бұл өзгерiстер қазақстандық заңдарды ең озық халықаралық стандарттармен үйлестiруге қызмет етедi және кеден рәсiмдерiн оңайлату мен кедендiк шарттылықтардың өткiзiлуiн жеделдетуге, сондай-ақ кеден ресiмiн жүзеге асыру кезiнде импортшыларда туындайтын жекелеген практикалық проблемаларды шешуге бағытталған.
      Кеден режимдерiнiң басым көпшiлiгiн қолдану жөнiндегi рұқсат беру жүйесi осы жүйенi орындалуы түрлi жағдайларға қарамастан сол немесе өзге де режимнiң орындалуын қамтамасыз етуi тиiс талаптармен ауыстырыла отырып, алынып тасталды; уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) қызметiндегi "бұрмалаушылықтарды" жоюға қадам жасалды; кеден рәсiмдерi оңайлатылды; кеден декларациясын, құжаттарды тексерудiң және тауарларды қарап-тексерудiң мерзiмдерi (үш күнге дейiн) нақтыланды. Аталған өзгерiстер сыртқы экономикалық қызметтiң адал қатысушыларын қолдауға бағытталған. Мұнымен бiр мезгiлде СЭҚ терiс пиғылды қатысушыларына қатысты талаптар өзгердi, кеден заңдарын бұзған жағдайларда қолданылатын санкциялар күшейтiлдi, сондай-ақ қолданылып жүрген кеден заңдарында көзделген жеңiлдiктер шектелдi немесе мейлiнше анық айқындалды.
      Тауарларды алдын ала, кезеңдiк декларациялау жөнiндегi рәсiмдер көзделдi. Заңға интеллектуалдық меншiк құқығын қорғау жөнiндегi жаңа тарау енгiзiлдi. Транзиттiң кедендiк режимiне қатысты өзгерiстер енгiзiлдi.
      Қазiргi уақытта ТМД аумағында толық не белгiлі бiр шарттылықтармен қатысатын, 12 мемлекеттi бiрiктiрген еркiн сауда аймағы, Кеден одағы, ОАЭҚ жұмыс iстейдi. Өткен кезең iшiнде мемлекеттiк және үкiметтiк деңгейде ТМД-ны, Кеден одағын қалыптастыру iсiнде принциптi маңызы бар бiрқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл - ТМД қатысушы мемлекеттердiң кеден заңдарының негiздерi, Сыртқы сауданың кеден статистикасын жүргiзудiң бiрыңғай методологиясы, ТМД сыртқы сауда қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасы туралы келiсiм.
      Кеден одағы туралы келiсiмдi дамытуда өзара саудадағы кеден рәсiмдерiн бiрдейлендiретiн және оңайлататын бiрқатар үкiметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды және iске асырылып жатыр. Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң ресей кеден қызметiнiң жанындағы өкiлдiгi ашылды.
      Қазақстан Республикасының кеден қызметi 1992 жылдан бастап Дүниежүзiлiк кеден ұйымының мүшесi болып табылады.
      Кеден қызметiнiң маңызды шарты кеден инфрақұрылымының болуы болып табылады. Тұтастай алғанда кедендiк бақылаудың техникалық құралдармен, байланыспен, автокөлiк құралдарымен жарақтандырылуы республика бойынша 30% шамасында.
      "Мемлекеттiк шекарада бақылау-өткiзу пункттерiнiң (БӨП) құрылысын салу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 10.03.1998 жылғы N 193 қаулысымен 1998-1999 жылдары құрылысын салу жоспарланған 112 (БӨП) айқындалды. 1998 жылы 7 тұрақты кеден посты мен 25 модульдiк үлгiдегi пост пайдаланылуға қосылды. 1999 жылдың аяғында жайластырудың бiрiншi кезеңi аяқталады. Республика кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша 105 пост iске қосылды.
      1999 жылы халықаралық стандарттарға жауап беретiн, шекарада мүддесi бар барлық қызметтер үшiн қажеттi жағдайлар жасауды көздейтiн "Жiбек жолы" (Өзбекстанмен шекарада) және Бақты (ҚХР-мен шекарада, СҰАР) өткiзу пункттерiнiң құрылысы басталды.
      Кеден комитетi қызметi тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тазартуды жеделдетуге септiгiн тигiзуге арналған кеден маңының инфрақұрылымын құру жөнiндегi жоспарлы жұмысты жүргiздi. 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi жағдай бойынша 94 уақытша сақтау орыны, 22 кеден қоймасы жасалды және бұлар жұмыс iстеп тұр.
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Заңның тиiстi баптарын атқару үшiн 1998 жылы кеден органдары елдiң сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыруға кiрiстi.
      Кеден органдары бүгiнгi күнi: орталық кеден органы, кеден басқармалары мен кедендер, кеден постылары кiретiн бiрыңғай жүйенi құрайды. Мамандандырылған кеден ұйымдары - Орталық энергетикалық кеден, Ақпараттық статистикалық кеден, Орталық кеден сараптамасы құрылды. Республика кеден органдарының саны 1999 жылдың аяғында 5995 бiрлiк, оның iшiнде Орталық аппаратта 124 бiрлiк болды.
      Жарлыққа енгiзiлген өзгерiстердiң негiзгi мақсаты - СЭҚ қатысушылары үшiн кедендiк ресiмдеу процесiн жеңiлдету және шығынын барынша азайту. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заңның жаңа ережелерi халықаралық сауданы жүзеге асыру кезiнде негiзсiз материалдық және уақыттың шығындалуына апарып соғатын (кеден құжаттамасының көптiгi, кедендiк ресiмдеудiң күрделiлiгi, кедендiк реттеудi қолданудың жеткiлiксiз "ашықтығы" мен болжанып болмайтындығы) әкiмшiлiк кедергiлердiң қысқаруына септiгiн тигiзетiн болады.
      Озық әдiстердi қолдану, атап айтқанда, ақпараттық технологияны мейлiнше кең пайдалану мiндетi қойылып отыр. Кеден кадрларын кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауға ерекше көңiл бөлiнiп отыр, кеден органдары қызметкерлерiнiң арасындағы сыбайлас жемқорлық және парақорлық фактiлерiне қарсы күрес бойынша кешендi шаралар iске асырылуда. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын атқару үшiн және орталық аппарат пен аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерiнiң кәсiптiк жарамдылығын, теориялық бiлiмдерiнiң деңгейiн, сондай-ақ iскерлiк сапаларын тексеру мақсатында тест жүргiзiлдi, оның нәтижесiнде аттестациядан өтпеген 118 адам кеден органдарынан босатылды, 230-ның лауазымы төмендетiлдi. 1999 жылдың басынан берi түрлi себептер бойынша 520 қызметкер босатылды.
      Кеден рәсiмдерiн оңайлатуда ақпараттық технология жүйесiн құруға маңызды рөл бөлiнiп отыр. Енгiзiлмекшi Кеден қызметiнiң бiрыңғай автоматтандырылған жүйесi, өз қолданбалы жүйелерiн қолдану жүктердi кедендiк ресiмдеу процесiн одан әрi оңайлатуға, кеден шарттылықтардан өту уақытын қысқартуға, кеден органдарының қызметiн тиiмдi талдауға, контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылықтарға қарсы iс-қимыл жасауға септiгiн тигiзетiн болады.
      Болашақта - Қазақстанның сауда әрiптестерi болып табылатын елдермен деректердi автоматтандырылған алмасу жүйесiн құру, халықаралық электронды жүйеге деректермен алмасуды енгiзу бiр мезгiлде түрлi нысандағы құжаттарды қолмен толтыруға байланысты кедендiк шарттылықтарды оңайлата отырып, тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтуiн бақылауды күшейтуге мүмкiндiк бередi.
      Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттарды практикада iске асыру тауарлардың, қызмет көрсетулердің ортақ рыногын құруға, капиталдардың құйылуы мен кетуiнiң процестерiн интенсификациялауға, жұмыс күшiнiң жылжуына бағытталған, бұл Кеден одағына

 

қатысушы мемлекеттердiң экономикасының жандануына, сыртқы саудадағы

алмасудың құрылымында прогрессивтi өзгерiстердiң болуына септiгiн тигiзедi.

     Кеден одағының негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

     - Кеден одағына қатысушы елдердiң ортақ шекарасында кедендiк бақылау

болмайтын бiртұтас аумақ;

     - бiрыңғай кеден саясатын жүзеге асыру;

     - ортақ кеден тарифiн немесе кеден баждарының келiсiлген ставкаларын

пайдалану;

     - тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шараларын қолдану;

     - үшiншi елдермен сауда режимдерiнiң бiрдейлiгiн қамтамсыз ету;

     - кеден органдарын басқарудың тұтастығын қамтамасыз ету;

     - өндiрiп алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу және кеден төлемдерiн

Кеден одағына қатысушы елдердiң арасында бөлу.



                     1-БӨЛІМ. КЕДЕН САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ

                               НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ


                 1-БАСЫМДЫҚ. Қазақстан Республикасы сыртқы

             саудасының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық

                   жүйесi мен кеден статистiк қалыптастыру


                               Жалпы ережелер



 
       Қазiргi уақытта ақпарат аса маңызды стратегиялық ресурс болып отыр. Бұл күндерi мейлiнше экономикалық және әлеуметтiк табыс қазiргi заманғы коммуникация құралдарын, ақпараттық технологияларды және олардың желiлiк қосымшаларын: электрондық поштаны, қашықтықты оқытуды, мультимедианы, теледидарды, телеконференцияны, визуализацияны, моделдеудi, компьютерлiк графиканы және көптеген басқаларды пайдаланатын елдердiң жағында. Барлық осы қосымшалар және олармен байланысты қолданбалы мiндеттер телекоммуникациялық желiлердiң жаңа сыныбы мен ақпараттық ресурстарды басқарудың жүйелерiн құруды талап етедi. Электрондық көздерге көшiрiлген ақпараттық ресурстар сапалық жаңа күйге ие болады, белсендi болады, өйткенi осы сапасында компьютерлiк құралдар мен жүйелердiң, жалпы пайдаланыстағы, оның iшiнде қашықтық байланыс желiлерiнiң көмегiмен қол жетiмдi болады. Компьютерлiк өңдеу құралдарымен жедел қайта жаңғыртуға арналған қол жетiмдi ақпарат қоғамның әлеуметтiк дамуының аса маңызды факторына айналады.
 
                   Кеден органдарын ақпараттандыру мыналарды
                                  көздейдi:
 
      Әлеуметтiк және экономикалық проблемаларды шешу үшiн қажет ақпарат кез келген уақытта, кез келген нүктеде, кез келген әлеуеттi пайдаланушыға қол жетiмдi болуы үшiн құқықтық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтiк және кәсiптiк-бiлiм беру жағдайларын жасау.
      Ақпаратты сақтауды, қайта өңдеудi, жаңғыртуды және берудi қоса алғанда ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және оған қол жетiмділiктi қамтамасыз ететiн аппараттық және бағдарламалық құралдарды, телекоммуникациялық жүйелердi құру.
      Ақпаратты өндiруге кепiлдiк беретiн құрылымдарды бiрiншi кезекте дамытуды қамтамасыз ету.
      Ұйымдастыру-методологиялық негiздердi және ақпараттық технологияларды Қазақстан Республикасының кеден органдарын басқару саласына дәйектi, мақсатты және тиiмдi енгiзу бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесi ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдаланудың негiзiнде қаржылық мемлекеттiк өкiмет органдарының, жергiлiктi басқару органдарының, министрлiктер мен ведомстволардың ақпараттық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн оңтайлы жағдайларын жасаудың ұйымдастырушылық әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесiн бiлдiредi.
      Орталық кеден органының ақпараттық кеңiстiгi - бұл кеден органдары мен фискалдық ведомстволардың ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн бiрыңғай принциптердiң негiзiнде және жалпы қағидалар бойынша жұмыс iстейтiн деректер базасы мен банктерiнiң, оларды жүргiзу мен пайдалану технологияларының, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.
      Басқаша айтқанда, Қазақстан Республикасы кеден органдарының ақпараттық кеңiстiгi мынадай негiзгi компоненттердi қамтиды:
      - ақпараттың тиiстi көздерiнде тiркелген деректер мен мәлiметтерi бар ақпараттық ресурстар;
      - ақпараттық кеңiстiктiң жұмыс iстеуi мен дамуын, атап айтқанда, ақпаратты жинауды, өңдеудi, сақтауды, таратуды, iздеу мен берудi қамтамасыз ететiн ұйымдастыру құрылымдары;
      - кеден және фискалдық органдардың ақпараттық өзара iс-қимыл жасауы құралдарын және олардың бағдарламалық-техникалық құралдары мен ұйымдастыру-нормативтiк құжаттарын қамтитын тиiстi ақпараттық технологиялардың негiзiнде ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуi.
 
               Қазақстан Республикасының кеден қызметi
          органдарын ақпараттандырудың негiзгi мақсаттары
 
      Кеден органдарын ақпараттандырудың негiзгi мақсаты - кеден төлемдерiн жинауды әкiмшiлiктендiрудiң сапасы мен деңгейiн арттыруды, кеден рәсiмдерiн оңайлатуды, ақпараттық ресурстар мен технологияларды кең пайдаланудың есебiнен арнайы кедендiк статистика мен сыртқы сауда статистикасын жүргiзудi қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтiң барлық субъектiлерi бойынша толық, кәмiл және қол жетiмдi деректер базасының есебiнен мемлекеттiк, аумақтық немесе аймақтық деңгейлерде шешiм дайындауды және қабылдауды айтарлықтай жақсарту, сондай-ақ интеллектуалдық ақпараттық жүйелерді дамыту.
      Ақпараттандыру мен ақпараттық кеден индустриясын құру:
      - Кеден органдарын стратегиялық және ағымдағы басқарудың барлық базалық функцияларын қамтамасыз етудi (жағдайды талдау мен болжау, ақпарат алмасу, қызметтi жоспарлау мен үйлестiру, қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылау және т.б.);
      - Кеден органдарының қызметiн тиiмдi бақылау және көлеңкелі экономикамен, сыбайлас жемқорлықпен және лауазымдық қылмыстармен күресудiң пәрмендi құралы ретiнде ақпараттық саясаттың ашықтығын пайдалануды;
      - Кеден қызметiнiң ақпараттық аясын Қазақстан Республикасының және әлемдiк қоғамдастықтың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiмен интеграциялауды;
      - Ақпараттық ресурстарға билiк ететiн ақпараттық қызметтер мен құрылымдарды монополиясыздандыруды;
      - Кедендiк ақпараттық индустрия саласында бәрiн қамтитын ақпараттандыруды дамыту үшiн жағдайлар жасауды iске асырудың аса маңызды тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады.
      Кеден органдарын ақпараттандырудың негiзгi бағыттары мен мақсаттары мыналар болып табылады:
      - ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және бiрiктiру, ақпараттандыру және ақпаратқа құқықты қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      - орнықты даму үшiн қажеттi ақпараттық инфрақұрылымдар мен ресурстарды жасау және қолдау;
      - ақпараттық ресурстардың, қызмет көрсетулердiң, ақпараттық жүйелердiң, технологиялардың, оларды қамтамасыз ету құралдарының рыногын қалыптастыру;
      - ақпараттық ресурстарды дамыту мен қорғауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету;
      - сапалы ақпараттық қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк, корпоративтiк құрылымдардың ақпараттық аясын пайдалану мен дамытуда мүдделердiң тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету;
      - ақпараттық өзара iс-қимыл жасаудың және ақпараттық және телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын қалыптастырудың нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;
      - кеден комитетiнiң құрылымдары мен несие-қаржы жүйесi құрылымдарының арасында құпия байланысты ұйымдастыру және қорғалған ақпараттық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;
      - Қазақстан Республикасының кеден органдары мамандарына ақпараттық қызмет көрсетулердiң экономикалық орындылығын сезiндiре отырып, жоғары ақпараттық мәдениеттi қалыптастыру;
      - Қазақстан Республикасы кеден органдарының интеллектуалдық және кадр әлеуетiн, конверсияның мүмкiндiгiн әрбiр нақты жәйттiк саладағы қолданымда барынша пайдалану;
      - Қазақстан Республикасының мүддесiнде ақпараттық кеден индустриясын құру және дамыту;
      - Кеден органдарының корпоративтiк ақпараттық жүйесi мен желiсiн қолдау, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiндегi сыйысымдылығы мен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      - Кеден төлемдерiн есептеу мен алудың орталықтандырылған бақылауын қамтамасыз ету;
      - Контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылықтарға қарсы күрестi ақпараттық қолдау;
      - Лицензиялар мен квоталардың орындалуын бақылау.
 
               Қазақстан Республикасының кеден органдарын
                ақпараттандырудың басымдықты мiндеттері
 
      Кеден органдарын ақпараттандырудың аса маңызды мiндетi кеден органдарының және қаржылық мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының ақпараттық инфрақұрылымын құру және дамыту болып табылады.
      Кеден жүйесiнiң ақпараттық индустриясының мiндеттерiне мыналар жатады:
      - ақпараттық технологиялардың дамуының қазiргi заманғы әлемдiк деңгейiн ескере отырып кеден органдарын ақпараттандыру саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
      - ақпараттандыруды басқарудың құрылымын ұйымдық қамтамасыз ету және қалыптастыру кеден органдарын ақпараттандыруды қамтамасыз ету бойынша әдiстемелiк және ұйымдастыру-құқықтық материалдарды әзiрлеу;
      - кеден органдарының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде ақпараттық қауiпсiздiк пен деректердi кешендi қорғаудың ұйымдастыру-құқықтық және техникалық мәселелерiн шешу;
      - қолданылып жүрген және жобаланып отырған ақпараттық кешендер мен жүйелерде ақпараттық қауiпсiздiк проблемаларын шешу;
      - озық әлемдiк тәжiрибенiң және ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар құралдарының және оқыту технологияларының қазiргi даму үрдiсi негiзiнде Қазақстан Республикасы кеденiнiң ақпараттық ортасының жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ететiн мамандарды даярлау мен қайта даярлау жүйесiн қайта ұйымдастыру.
 
               Қазақстан Республикасының кеден қызметi мен
            мемлекеттiк өкiмет органдарының интеграцияланған
                             ақпараттық ортасы
 
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өкiмет органдарының интеграцияланған ақпараттық ортасы бiр-бiрiмен өзара байланысты және өзара iс-қимыл жасайтын салалық корпоративтiк және проблемалық-бағдарланған ақпараттық жүйелердiң, оның iшiнде:
     - Қазақстан Республикасы кеден органдарының;
     - Қазақстан Республикасы салық органдарының;
     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының;
     - Банк жүйесiнiң;
     - Қазақстан Республикасы телекоммуникация қызметтерi органдарының және т.б. кешенi ретiнде қарастырылады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының интеграцияланған ақпараттық ортасы Қазақстан Республикасының бiртұтас ақпараттық кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi ретiнде мынадай басты компоненттердi:
     - телекоммуникациялық ортаны;
     - ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен солардың негiзiнде оларды берудiң тетiктерiн;
     - ақпараттық ортаның жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ететiн ұйымдастыру инфрақұрылымын;
     - мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың және ақпараттық ортаны пайдаланушылардың жүйесiн қамтиды.
      Ақпараттық қауiпсiздік пен деректердi қорғаудың жағдайларын жасау корпоративтiк, салалық және заттық-проблемалық ақпараттық орталардың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiкке интеграциялаудың аса маңызды факторы болады.
      Интеграцияланған ақпараттық ортаның жұмыс iстеуi мен орнықтылығының мiндеттi және аса маңызды шарты Қазақстан Республикасында ақпараттық процестерге және ақпараттандыруға қатысушы субъектiлердiң қатынастарын реттеудiң негiздерiн айқындайтын нормативтiк құқықтық база болып табылады.
 
                Кеден органдарының телекоммуникациялық ортасын
              қалыптастырудың негiзгi принциптерi мен мiндеттерi
 
      Кеден органдарының телекоммуникациялық ортасы тұтыныстарға тиiсiнше сәйкес келуi, республикалық және аумақтық, аймақаралық сипаттағы ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыруға жәрдемiн тигiзуi және тиiмдi басқаруды қамтамасыз етуi тиiс. Қазақстан Республикасы кеденiнiң қазiргi барларын дамыту және жаңа коммуникацияларды құру мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнiң шеңберiнде олардың жұмыс iстеу мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл үшiн мынадай принциптердi сақтау қажет:
      1. Мемлекеттiк және әлемдiк телекоммуникациялардың желiсiнiң құрамдас бөлiгi бола отырып, Қазақстан Республикасы кеден органдарының желiсi Халықаралық Электр байланысы Одағының құжаттарына және ұлттық талаптарға қатаң сәйкестiкте дамуы және жетiлдiрiлуi тиiс.
      2. Кеденнiң телекоммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының қазiргi бар телекоммуникациялық ресурстарының мүмкiншiлiгiн толықтыра және дамыта отырып дамуы тиiс.
      3. Телекоммуникациялық ортаның қауiпсiздiгiн физикалық қауiпсiздiктi, аппараттық құралдардың қауiпсiздiгiн, бағдарламалық-математикалық қамтамасыз етудiң қауiпсiздiгiн және байланыстың қауiпсiздiгiн интеграциялау жолымен алгоырғақтық және ұйымдастыру-техникалық шараларының, құралдары мен тәсiлдердiң кешенi негiзiнде қамтамасыз ету.
      Ақпараттандыру мiндеттерiн шешу телекоммуникациялық желiлерге мынадай талаптар қояды:
      - байланыстың құрамын одан әрi кеңейту және сапасын арттыру;
      - жаңа телекоммуникациялық қызметтердi енгiзу және дамыту;
      - ҚР қазiргi бар барлық байланыс желiлерi мен қызметтерiн белгiлердi беру мен өңдеудiң сандық әдiстерiнiң базасында бiрыңғай телекоммуникациялық ортаға интеграциялау;
      - кеденнiң, салық жүйесiнiң, банк жүйесiнiң ақпараттық жүйелерi мен желiлерiнiң арасында, ТМД елдерiнiң аймақтарымен және Әлемдiк қоғамдастықпен өзара ақпарат алмасу;
      - пайдаланушыларға аудиовизуалды, мәтiндiк және басқа да ақпаратты беру үшiн кең өрiстi қызмет көрсетулерiн ұсыну.
      Кеден телекоммуникациялық желiсiнiң қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiн құраушылардың бiрi болып табылады және оны қамтамасыз ету мәселелерi мемлекеттiк деңгейде қаралуы, шешiлуi және бақылануы тиiс. Бұл ретте мынадай факторлардан:
      - тiкелей телекоммуникациялық ортаның жұмыс iстеуiн бұзуға

 

бағытталған кешендi әсер етуден;

     - желiнiң жұмысына байланысы бар технологиялық (қызметтiк) және өзге

ақпаратқа рұқсат етiлмеген қол жеткiзуден;

     - қондырылған қорғау құралдарын бұзудан қорғауды қамтамасыз ету қажет.

     Желiлiк сервистiң негiзгi инфрақұрылымы:

     - байланыстың бөлiнген магистралдық каналдарын беру жөнiндегi қызмет

көрсетулердi қамтамасыз ететiн бастапқы желi;

     - деректердi маршруттау және қатынастарды коммутациялау тораптарын

қамтамасыз етудi қамтитын базалық телекоммуникациялық сервис қызметi;

     - стандарттық бағдарламалық қамтамасыз етудiң және байланыстық

жабдықтың көмегiмен iске асырылатын түпкi пайдаланушының қызметi болып

табылады.


              ҚР кеден қызметiнiң Бiрыңғай автоматтандырылған

                ақпараттық желiсi мен ҚР МКМ КК деректерiн

                 алмасудың Республикалық желiсiн дамытудың

                          басымдықты бағыттары



 
       Қазiргi уақытта мемлекет ауқымындағы бақылаудың кез келген процесi түрлi мемлекеттiк бақылаушы құрылымдардың көп деңгейлi өзара iс-қимылын ұйымдастыру үшiн кең ауқымды ақпараттық ресурстарды жұмылдыруды көздейдi.
      ҚР кеден қызметiнiң Бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық желiсi және ҚР МКМ КК Республикалық деректердi алмасу желiсi (КР КҚ БААЖ және ҚР МКМ КК РДАЖ) ақпараттық жүйенi iске асырудың құралы ретiнде тек өздерiнiң құзыретiне кiретiн ақпаратты тұрақты түрде тұтынушылар болып табылатын аймақтық кеден бөлiмшелерiнiң, орталық кеден органы мен мемлекеттiк бақылаушы органдардың арасында ақпараттық блоктармен алмасудың тетiгi түрiнде ғана емес, кедендiк бақылаудың белсендi құралы, мемлекеттiң бiрыңғай кеден саясатын және кеден органдарының қызметiн қалыптастырудың және жүзеге асырудың құралы ретiнде де көрiнедi.
      РДАЖ-ды дамыту - салаға қазiргi заманғы бағдарламалық-техникалық кешенге негiзделген жаңа ақпараттық технологияларды кезең-кезеңмен әзiрлеу мен енгiзу процесi.
      Уақыттың талабына сәйкес қазiрдiң өзiнде декларанттарды бақылау топтарына (жасыл және қызыл дәлiздер) бөлудi енгiзу қажет.
      Бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң түсулерiн ұлғайту кеден органдарының iшкi де, сондай-ақ сыртқы да рыноктағы өзгерiстерге жедел көңiл бөлмеуiнсiз, байланыс пен кедендiк ресiмдеу орнынан басқару органдарына деректердi берудiң тармақталған және көп деңгейлi жүйесiнсiз мүмкiн емес.
 
                       Жазылған тезистерге сәйкес мынадай
                 бағдарламаларды жүзеге асыру ұйғарылып отыр:
 
      1 - БАҒДАРЛАМА
 
      Бағдарлама аумақтық үйлестiрiлетiн кеден органдарында жергiлiктi есептеу желiлерiнiң қазiргi бар инфрақұрылымын дамыта отырып Қазақстан Республикасы кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша басымдықты шекаралық шектес кеден посттарын дамытуды көздейдi. Кеден бақылауын бiрдейлендiрген бағдарламалық қамтамасыз етудi жасау, енгiзу және қолдау, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтiң барлық түрi бойынша кең ауқымды деректер базасын құру және кәмiл арнаулы кеден статистикасын қалыптастыру.
      Бағдарлама шекаралас кеден постыларында спутниктiк байланыс станцияларын орнатуды, кедендiк ресiмдеу залдарын жабдықтауды, жергiлiктi есептеу желiлерiн тек кеден посттарында ғана емес, аумақтық кеден органдарында да дамыту. Қажеттi қаржы қаражатының үлгiлiк есебi техникалық жабдықты сатып алу мен монтаждауды, сервистiк қолдауды қамтиды.
      Бұдан басқа, осы бағдарламаның шеңберiнде Internet желiсi бойынша барлық мүдделi адамдарға ашық ақпарат беруге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыруға арналған кеден қызметiнiң Wеb-серверiн құру көзделiп отыр.
      Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң қазiргi бар бағдарламалық қамтамасыз етуiн одан әрі жетiлдiрудi көздейдi. Клиенттiк те, сондай-ақ бағдарламалық өнiмнiң сервистiк бөлiгi ретiнде де одан әрi әзiрлеу және жетiлдiру үшiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi қосымша сатып алу көзделiнедi.
 
      2-БАҒДАРЛАМА
 
      Сыртқы экономикалық қызметтiң барлық түрi бойынша кең ауқымды деректер банкiн құру және анық арнаулы кеден статистикасын қалыптастыру. Бағдарлама бүкiл түсетiн ақпарат кеден қызметiнiң орталық серверiнде жиналатын орталық кеден органындағы (Астана қаласы, ҚР МКМ КК ғимараты) кеңейтiлген көл қырлы жергiлiктi есептеу жүйесi мен орталық торабы болады. Орталық серверде сақталатын деректер базасында арнаулы кеден статистикасы жүргiзiлуi тиiс, жұмыс 1-бағдарламаны орындау шеңберiнде жүредi.
 
      3-БАҒДАРЛАМА
 
      Кеден комитетiнiң ақпараттық жүйесiнiң екiншi деңгейдегi уәкiлеттiк берiлген банктерiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ақпараттық жүйелерiмен Өзара iс-қимылы. Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Валюталық-банктiк бақылаудың ақпараттық жүйесiн әзiрлеу.
      Қазiрдiң өзiнде Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп валюталық-банктiк бақылауды жүзеге асыруда. Осы бағдарламаны iске асыру банк жүйесiмен интеграциялануды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен тiкелей жедел ақпарат алуды көздейдi.
 
      4-БАҒДАРЛАМА
 
      Кеден одағына қатысушы елдердiң ақпараттық технологияларымен өзара

 

iс-қимылдың тетiктерiн әзiрлеу. Бағдарламаны iске асыру жоғарыда аталған

барлық үш бағдарламаның орындалуын көздейдi. Бұл Кеден одағына қатысушы

елдермен, көптеген халықаралық кеден ұйымдарымен толық қанды ақпараттық

өзара iс-қимыл жасау.


     Бағдарламаларды iске асыру


     Осы бағдарламаларды жүзеге асыру мыналарды кезең-кезеңмен игерудi

көздейдi (мың теңге):


                                    2000 жыл


     1-бағдарлама                   645 489,5

     2-бағдарлама                    89 855,5

     3-бағдарлама                   114 380

     4-бағдарлама                    47 442

     Барлығы                        897 167




 
       Қазақстан Республикасы кеден органдарының БААЖ-ы түпкi кезеңiнде кеден қызметiнiң процестерiн басқарудың автоматтандырылған жүйесiн, тек мемлекеттiң шеңберiнде ғана емес, кеден одағы бойынша әрiптестермен де өзара ақпараттық iс-қимыл жүйесiн бiлдiредi.
      Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасы:
      - "Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тиiстi ережелерiнен туындайтын құқықтық негiзде;
      - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу мен бақылау үшiн сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушылары ұсынатын жүк кеден декларацияларындағы көрсеткiштердiң жиынтығын бiлдiретiн құжаттық ақпараттан қалыптастырылады.
      Қазiргi сәтте методологиялық та, сондай-ақ конструкциялық та, яғни халықаралық тәжiрибесiнде қабылданған бiрдейлендiрiлген ресми жариялауларды ұсынудың, шығу нысандары мен кезеңдiлiгiн дамытудың қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.
      Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметiнiң кедендiк статистикасын оңтайландыруға арналған мынадай iс-шараларды жүзеге асыруды көздейдi:
      - тауар айналымының негiзгi үрдiстерiн, құрылымын және серпiнiн макроэкономикалық жағдайды талдаумен байланысты талдау;
      - бюджеттiң кiрiс бөлігi баптарының орындалуын бақылау;
      - жедел пайдаланушыларды елдiң сыртқы саудасы кеден статистикасының агрегирленген деректерiмен жедел қамтамасыз ету;
      - кеден органдары құзыретiнiң шегiнде рыноктың конъюнктурасына талдау жасау;
      - кеден саясаты саласында ұсыныстар әзiрлеу;
      - төлемдердiң қозғалысын талдау және жалпы картинасын қалыптастыру;
      - қазақстандық экспортшыларға олардың экспорттаған тауарлары үшiн тиесiлi төлемдердi толық және уақытылы репатриациялау;
      - қазақстандық импортершылардың импорттаған тауарлар үшiн төлемдердi жүзеге асырудың заңдылығын бақылау;
      - баға базасын қалыптастыру және реттеу үшiн статистикалық деректердi

 

пайдалану отандық өндiрiстi қолдау үшiн кедендiк-тарифтiк реттеу;

     - елдiң сыртқы саудасының түрлi аспектiлерi бойынша регламенттелмеген

сұрау салулардың кең спектрiн қамтамасыз ету.

     Қазiргi заманғы байланыс құралдарын пайдалана отырып, ТМД елдерiмен,

шектес мемлекеттермен, сондай-ақ бiздiң республикамен белсендi сауда

жасайтын мемлекеттермен сыртқы сауданың статистикалық деректерiмен

алмасуды тұрақты негiзде жолға қою қажет.

     Кеден қызметiнiң мемлекеттiң кеден-тариф саясатын қалыптастыруға

белсендi қатысуын қамтамасыз ету қажет, сонда сыртқы сауданың кеден

статистикасы кеден тарифiн айқындауда аса маңызды құрал ретiнде қызмет

ететiн болады.


                       2-БАСЫМДЫҚ. Халықаралық кеден

                          ынтымақтастығын дамыту


     МАҚСАТ:


 
       Кеден қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жан-жақты жәрдем көрсету, кеден заңдарын халықаралық стандарттармен үндестiрудi және бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету, кеден қызметiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, халықаралық саудада жүрiп жатқан кең ауқымды процестерге интеграциялау.
 
      МIНДЕТТЕР:
 
      - Қазақстан Республикасының кеден iсiне қатысты бөлiгiндегi халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету.
      - Шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, кеден iсiмен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.
      Республиканың кеден қызметi жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және iс-тәжiрибесiмен жақындасу бағытында даму үстiнде және әлемдiк кеден-құқық тәжiрибесiн қабылдау мен қолдану табалдырығында тұр. Бұл ынтымақтастық үш негiзгi бағыттарға апаруы мүмкiн.
      - Кеден одағы елдерiмен, ТМД елдерiмен кедендiк-құқықтық ынтымақтастық
      - Шетелдiк мемлекеттермен кедендiк-құқықтық ынтымақтастық
      - Кеден iсiне қатысы бар халықаралық ұйымдармен кедендiк-құқықтық ынтымақтастық
      Қазақстан Республикасының аймақтық кеден саясатының аса маңызды бағыты Кеден одағын, кейiн ТМД-мен бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру және нығайту болуы тиiс. Кеден одағының негiзгi жәйттерi мыналар болуы тиiс:
      саудадағы тiкелей және жанама шектеулердi, баламды қолданылуы бар салықтар мен алымдарды алып тастау саясатын жүргiзу, үшiншi елдермен өзара қарым-қатынастарда бiрыңғай көзқарастарды әзiрлеу, экономикада тұтастай алғанда Достастық елдерiн қолдаудың және оның жекелеген салаларында, адал бәсекелестiк үшiн жағдайлар жасаудың қажеттiлiгiн ескере отырып, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң iшкi рыногын және ұлттық тауар өндiрушiлердi шетелдiк жеткiзушiлердiң басқыншылығынан қорғау;

 

     өтемдiк, толингтiк және лизингтiк операцияларды қоса алғанда,

шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiкелей сауда-экономикалық

байланыстарын қолдау мен ынталандырудың тетiктерiн қалыптастыру;

     келiсiлген кеден саясатын жүргiзу, тарифтi келiсiлген реттеудiң

тетiгiн қалыптастыру.

     Бұл бәрiнен бұрын:

     - тарифтiк мәселелер, номенклатура мәселелерi;

     - шыққан елiн айқындау;

     - кеден құны;

     - кедендiк рәсiмдер мен кедендiк реттеу;

     - кедендiк режимдер;

     - кеден жеңiлдiктерiн беру мәселелерi;

     - кеден төлемдерiн алудың тәртiбi;


 
       - тауарларды Кеден одағының шеңберiнде, Кеден одағынан тысқары өткiзудiң тәртiбi секiлдi кедендiк мәселелердiң тұтастай бiр кешенiне құрылатын болады.
      Қуатты сауда-экономикалық блоктарын құру тұрғысында Кеден одағының, ТМД елдерiнiң үшiншi елдерге қатысты кеден саясатын жүргiзуде барған сайын бiрыңғай көзқарастың қажеттiлiгi, ЕҚ, ДСҰ, басқа да аймақтық бiрлестiктермен олармен қатынасты жалғыз-жалғыздан құрғаннан гөрi, бiрлесе отырып iс-қимыл жасаған жеңiлiрек болатындығы барған сайын айқын болып отыр. Кеден саясатын аймақтық бiрлестiктердiң шеңберiнде iске асыру Кеден одағы кеден қызметтерiнiң, ТМД, Интеграциялық комитеттiң, Атқарушы комитеттiң Басшылары кеңесiнiң жұмысына белсендi қатысу жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Мәселелердiң келесi топтамасы - шетелдiк кеден қызметтерiмен қарым-қатынастар. Мұндай қарым-қатынастар әлемдiк кеден тәжiрибесiн дәйектi түрде пайдалануға құрылуға тиiс. Бiрқатар елдермен негiзгi ережелерi ДСҰ-мен(кеден) ынтымақтастық туралы меморандумда жазылған талаптарға жауап беретiн кеден ынтымақтастығы және өзара көмек туралы келiсiмдерге қол қою және оны практикалық қамтамасыз ету көзделiнiп отыр. Әлемдiк кедендiк әкiмшiлiктермен байланыс орнату халықаралық стандарттарға сәйкес кадрларды даярлау және қайта даярлау, техникалық көмек, контрабандаға, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша алмасу мәселелерiнде, кеден қызметтерiн реформалау және жетiлдiру жөнiндегi тәжірибенi зерделеу, кеден рәсiмдерiн үндестiру және оңайлату мәселелерiнде жәрдем алуға бағытталатын болады. Кеден қызметтерiмен қалыптасатын екi жақты қатынастардың негiзгi жәйттерiнiң бiрi шетелдiк iскер топтармен байланыс орнату болуы тиiс, бұл сыртқы экономикалық қызметтi әлемдiк сауда талаптарының шеңберiнде жүргiзуге және мұнымен бiр мезгiлде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қорғауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      ҚХР-мен шекараның ұзақтығын, бұл аймаққа бiздiң мемлекетiмiздiң мүдделiлiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының кеден қызметтерiнiң арасында қатынастар орнату ерекше көкейкестi болады. ҚХР-мен қол қойылған Кеден iсiндегi ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiмдi практикалық iске асыру, шекара маңындағы кеден қызметтерiнiң арасында екi мемлекеттiң арасында сауданы дамытуға жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты дамыту негiзгi мiндетке айналады.
      АҚШ кеден қызметiмен өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамытуға айтарлықтай көңiл бөлiнетiн болады, бұл осынау маңызды әрi Қазақстан үшiн перспективалық әрiптеспен сауда-экономикалық байланыстарды күшейтуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте АҚШ-тың әлемдiк экономикадағы озықтығы, Қазақстан экономикасына негiзгi инвесторлар болып табылатын iрi американдық компаниялардың көп санының болуы, қажеттi ресурстар мен тәжiрибесi бар АҚШ кеден қызметiнiң зор әлеуетi ескерiледi.
      Еуропалық Одақ мемлекеттерiнiң кеден қызметтерiмен байланысты жолға қою iсi алда тұр, олардың тәжiрибесi республиканың кеден қызметiнiң жұмысында пайдаланылатын болады. Негiзiнен бұл жұмыс ТАСИС бағдарламасының шеңберiнде жүргiзiлiп, Еурокеденмен тығыз байланыс орнатылатын болады.
      Шетелдiк мемлекеттермен өзара iс-қимыл екi жақты байланыстардың негiзiнде де, сондай-ақ аймақтық бiрлестiктермен (ЕҚ ОЭС, АПЕК) ынтымақтастықты iске асыру негiзiнде де құрылатын болады.
      Қазiргi заманғы жағдайларда әлемнiң барлық елi iшкi рынокты ұлттық өндiрiсшiлердi қолдаудың тарифтiк және тарифтiк емес әдiстерi, валюталық және несиелiк қаражат пен тағы басқалары кiретiн бәсекелестiктен қорғаудың кең ауқымды құралдар кешенiн пайдаланады. Бұл құралдардың көпшiлiгiн қолдану көп тарапты мемлекетаралық келiсiмдермен және конвенциялармен бекiтiлген халықаралық қағидалармен реттеледi.
      Кеден қызметiнiң жақын арадағы негiзгi мiндетi кеден iсiне қатысы бар халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу болады. Бұл бәрiнен бұрын ДСҰ (кеден), ДСҰ (сауда), КЕС (атап айтқанда, ХХI Директорат). ДСҰ (кеден) мен ДСҰ (сауда) кеден iсiнiң кеден саясатының және кеден заңдарының түрлi аспектiлерi бойынша мемлекеттер ынтымақтастығының кең ауқымды және мейлiнше бағалы тәжiрибесi жинақталған. ДСҰ (кеден) мен ДСҰ (сауда) құқықтық негiзiн құрайтын мұндай келiсiмдердiң аса iрi кешенi қазiргi уақытта зерделенiп, қорытылу үстiнде. ДСҰ (сауда) талаптары "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заңға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды дайындауда ескерiлдi. Бұл мiндет болашақта кедендiк-құқықтық реттеудiң ДСҰ (кеден) мен ДСҰ (сауда) келiсiмдерiндегi нормалар мен қағидаларға көшуiн қамтамасыз ету үшiн одан әрi жалғастыруды талап етедi.
      Кеден қызметi ДСҰ әзiрлеген және ХВҚ мен ХДБ қолдаған Кеден қызметтерiн жетiлдiру мен реформалаудың бағдарламасын ескере отырып реформалау жүргiзу көзделiп отыр. Мұндай бағдарлама Кеден қызметiн дамытудың тұжырымдамасының болуы мен Yкiметтiң тиiсiнше қолдауын көздейдi. Бұл топтаманы практикалық iске асыру үшiн жақын арада ДСҰ(кеден) әзiрлеген және әкiмдендiретiн мынадай құжаттарға қосылу мiндетi тұр:
      - Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үндестiрiлген жүйесi туралы конвенция;
      - Найроби конвенциясы;
      - Кеден рәсiмдерiн үндестiру және оңайлату жөнiндегi Киот конвенциясы.
      Киот конвенциясына қосымшаға енгiзiлген өзгерiстердi ескерумен оның ережелерiн пайымдау және кеден қызметiнiң алдында тұрған бiрiншi кезектегi мiндеттердi ескере отырып, кейiн Конвенцияға қосылу және бiрте-бiрте оның қосымшаларына қосылу мiндетi алда тұр. Бұл республикадағы кеден iсiн реттейтiн негiзгi Заңға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзудi талап етедi.

 

     Кеден қызметiнiң ДСҰ (кеден) Саяси комиссиясының жұмысына,

мәжiлiстерi мен комитеттерiне бiрте-бірте қатысуды қамтамасыз ету қажет,

Жақын арадағы кезеңде бұл жұмыс ДСҰ-мен белсендi түрде жазба алысулар,

методологиялық ұсынымдарды зерделеу әлемдiк кеден саясатының дамуы

үрдiсiне талдау жүргiзу жолымен жүргiзiлетiн болады.


                 3-БАСЫМДЫҚ. Кедендiк бақылау мен кедендiк

                         ресiмдеудiң тетiгiн жетiлдiру


     МАҚСАТ:

     Кедендiк ресiмдеу рәсiмдерiн бiрдейлендiру


     МIНДЕТТЕР:

     - Тиiмсiз немесе басы артық кедендiк рәсiмдердi жою

     - Кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың сараланған технологияларын әзiрлеу

     - Ақпараттық ашықтық.


 
       Кеден органдарына жүктелген функциялардың кешенiн iске асыру үшiн бәрiнен бұрын кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру қажет.
      Кедендiк ресiмдеу мен бақылау кедендiк ресiмдердi оңайлату, оларды әлемдiк стандарттарға жақындату, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын толық сақтау (тауарлар мен көлiк құралдарын тiкелей өткiзу пункттерiнде ресiмдеу, СЭК адал қатысушылары үшiн "жасыл" дәлiздер құру) жолымен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жеделдету бағытында дамитын болады.
      "Жасыл дәлiз" ретiнде мынадай шараларды сипаттауға болады:
      - тауарларды мерзiмдi және алдын ала декларациялау рәсiмi бойынша ресiмдеу;
      - кедендiк төлемдердi төлеуден босатылған тауарларды ГТД пайдалана отырып декларациялаусыз ресiмдеу;
      - кедендiк төлемдердi төлеуден босатылған, құны белгiленген аз шамадан төмен тауарларды декларациялаусыз ресiмдеу;
      - тауарларды пост-кедендiк аудит рәсiмiн пайдалану жолымен ресiмдеу;
      - кедендiк бақылаудың сол немесе өзге де нақты жағдайларда кеден iсi туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандарын пайдалану.
      Кедендiк шекарада тауарларды пәрмендi кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi ұйымдастыру үшiн мынадай қадамдар жасау қажет:
      - жүк айналымының көлемiне, кедендiк және кеден маңы инфрақұрылымының даму дәрежесiне сүйене отырып, тауарлар мен көлiк құралдары қозғалысының (автоөтулер) бағыттарының жеткiлiктi және қажеттi санын айқындау;
      - шекаралық темiр жол станцияларын өткiзу пунктi ретiнде айқындау;
      - кедендiк бақылаудың заңдар мен халықаралық шарттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандарын қолдану;
      - аталған постыларды кейiн кеден мәртебесiн беру арқылы нығайтуға, кеңейтуге, жарақтандыруға кiрiсу.
      Айтылғандарды ескере отырып тiкелей Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасында автокөлiкпен өткiзілетін тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресімдеуді ұйымдастыру үшiн:
      - мұндай ресiмдеу үшiн жедел және сапалы кедендiк ресiмдеу мен бақылау үшiн қажеттi жеке құраммен, техникалық және басқа да құралдармен жасақталған неғұрлым iрi постыларды дайындау;
      - банктiк, брокерлiк және басқа да қызмет көрсетулердi қалыптастыру;
      - осы посттарда кедендiк ресiмдердi тiкелей кеден шекарасында жүргiзуге тiлек бiлдiрген заңды және жеке тұлғаларды ресiмдеуге кiрiсу;
      - жүк тасымалдарының көлемдерi өскен кезде тәжiрибенi зерделеу және басқа мейлiнше жанды учаскелерде посттарды дамыту;
      - қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
      Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзудiң тетiгi:
      - сыртқы экономикалық айналымды жеделдетуге септiгiн тигiзетiн жағдайларды жасауды (тиiмсiз немесе басы артық кедендiк рәсiмдердi жою);
      - тауарлар мен көлiк құралдарының кеден шекарасы арқылы өтуiнiң рұқсат етушiлiк тәртiбiн сақтауды;
      - контрабандаға, кеден ережелерiн және салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күресуге, сондай-ақ шекара арқылы есiрткi заттарының, қарудың, оқ-дәрiнiң, жарылғыш заттардың, көркем өнер туындыларының, халықтың тарихи және археологиялық игiлiктерiнiң заңсыз айналымының жолын кесудi;
      - кедендiк баждарды, салықтар мен өзге де кедендiк төлемдердi уақытылы және толық төлеудi;
      - Қазақстанның сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кеден статистикасын жүргiзудi;
      - кеден органдарының құзыретiнiң шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Тауар өндiрушiлердiң атына келiп түсетiн немесе олар жөнелтетiн және өнеркәсiптiк өндiрiсте пайдаланылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн, өндiрiстiң тоқтауына жол бермеу мақсатында мыналар көзделiп отыр:
      - адал ниеттi, бiрiншi кезеңде iрi тауар өндiрушiлердiң тауарларын бақылау бойынша кеден органдарында арнаулы бөлiмше (топ) құру;
      - аталған бөлiмшенiң жұмысына кеден органдарының кәсiптiк тұрғыда мейлiнше даярланған қызметкерлердi тарту, олардың арнаулы бiлiмі болғаны жөн;
      - аталған бөлiмше кеден органдарының қызметкерлерi кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды өндiрiстiк процестi тоқтатпай тiкелей кәсiпорындарда жүзеге асыруы, есеп пен бақылауды кәсiпорындардың қызметiне араласуынсыз жүргiзуi тиiс;
      - тауарларды алу мен жөнелту кеден органы қызметтерiнiң бақылауымен де, сондай-ақ кәсiпорын алдын ала немесе кейiн кедендiк ресiмдей отырып технологиялық сызбаларға сәйкес жүргiзе алады;
      - басшылық пен бақылауды тек кеден органының бастығы ғана жүзеге асыруы тиiс.
      Негiзгi күштi отандық экспортшыларды қолдауға жұмсау көзделуде, мұны экспорт режимiн қолдану кезiнде қажеттiлiк және жеткiлiктiлiк принципi бойынша кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тетiгiн жетiлдiру және одан әрi оңайлату есебiнен қол жеткiзуге болады.

 

     Өнiмiн экспортқа шығаратын өндiрiсшiлер үшiн айтарлықтай мәнi бар

кедендiк режимдерге қатысты экспортты ынталандыруға және импортты

алмастырушы өндiрiстi көтермелеуге қатысы бар мәселелер бойынша ұсыныстар

енгiзу жолымен кеден саясатын әзiрлеуге белсене қатысу қабылданатын болады.


     4-БАСЫМДЫҚ. Кадр саясатын жетiлдiру


     МАҚСАТ:

     Кеден органдары жұмысының тиiмдiлiгi

     МIНДЕТТЕР:

     - Кадрларды iрiктеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу

     - Кадрларды жаңартып-ауыстырып тұрудың жүйесiн әзiрлеу

     - Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлеу

     - Ұйымдастыру құрылымдарын оңтайландыру және кадрларды орналастыруды

жетiлдiру

     - Сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қорғау.


 
       Кеден органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты проблемаларды шешу елеулi дәрежеде кадр саясатын жетiлдiруге тәуелдi.
      Қазiргi уақытта ҚР кеден органдарының бiрыңғай жүйесi дегенiмiз - бұл бәрiнен бұрын Қазақстанның бiртұтас ұйымдық бiрiктiрiлген кеден органдары, оған:
      - Қазақстан Республикасының орталық кеден органы (ҚР МКМ Кеден комитетi),
      - бас кеден басқармалары (БКБ),
      - кеден басқармалары (КБ)
      - кедендер, кеден постары, сондай-ақ ҚР МКМ ГК-ге ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдар кiредi.
      Кеден органдарының құрылымы Қазақстан Республикасының Кеден қызметiне жүктелген негiзгi функциялардың орындалуы бойынша барлық бөлiмшелерiнiң тиiмдi өзара іс-қимылын қамтамасыз етуi тиiс. Кеден органдарындағы ұйымдастырушылық штаттық жұмысы берiк нормативтiк базаға негiзделуi тиiс. Бәрiнен бұрын қызметтiң қарқынды әдiстемесiне: еңбектiң сапасын арттыруға, кеден бақылауының технологиясын, компьютерлендiрудiң есебiнен кеден ресiмдеуiнiң өзара iс-қимыл және техникалық жарақталу схемасын жетiлдiруге бағдарлануы керек.
      Қазiргi уақытта барлық мемлекеттiк құрылымдардың оларды жинақтау кәсiби күрделi қаржы жағдайындағы басынан кешiрiп отырған қиыншылықтарды ескере отырып, штат мәселелерiн шешуде iс-тәжiрибесiн кеден органдарында қалыптасқан елеулi түзету жөнiндегi шаралар қолданылатын болады. Бәрiнен бұрын:
      - қосымша сан кеден инфрақұрылымын дамыту үшiн ғана пайдаланылады;
      - басымдықты бағыттарды дамыту мәселелерiн шешу негiзiнен штат санын және жергiлiктi жерлердегi қолда бар бос орындарды қайта бөлу есебiнен жүргiзiлетiн болады;
      - кеден органдарының құрылымдық бөлiмшелердiң жеке құрамының жұмыс жүктемесiн зерделеу және бөлiмшелер санының жұмыстың iс жүзiндегi көлемiне сәйкестiгiнiң негiзiнде кеден органдарында штат санының ұтымды пайдалануы қамтамасыз етiледi.
      Кеден қызметшiсiнiң мәртебесiне көшуге мүмкiндiк беретiн шаралар кешенiн тез жүзеге асыру талап етiледi және осыған байланысты мынадай мiндеттер қойылады:
      - Кеден қызметшiсiнiң жаңа бейнесiн айқындау. Осы мақсатта кеден органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекітуден басқа "Кеден ар-намысының кодексi" секiлдi бiрқатар шаралар, анттың мәтiнi әзiрлендi.
      - Қазiр кеден органдарында қызмет етiп жүрген контингентке баға беру.
      - Соңғы екi-үш жылда қызметке алынған қызметкерлерге терең және сапалы талдау жүргiзу. Әрбiрiнiң мүмкiндiгi мен қабiлетiн айқындау, кездейсоқ адамдардан арылу.
      - Кадрларды бастапқы даярлау және қайта даярлаудың жүйесiн құруды қамтамасыз ету
      - Кеден органдарында тиiмдi тәрбие жұмысын құру.
      - Кеден органдарының басшылары мен жұмыстың үйлесiмдi жүйесiн құру: лауазымға iрiктеп алу, даярлау, қайта даярлау, тағылымдама. Осыған байланысты Қаржы полициясы академиясының негiзiнде кеден iсiнiң факультетiн, жоғары және орта басшы буынның бiлiктiлiгiн арттыру үшiн курстар ашу.
      - Бiрыңғай басшылық принциптерiн одан әрi дамытуды қамтамасыз ету, басшылық ұжымда жоғары ұйымшылдықты, атқарушылық тәртiптi және сонымен бiрге басшының қабылдаған шешiмi үшiн дербес жауапкершiлiктi көздейдi.
      Кеден органдарының жұмысын ақсататын түрлi субъектiлер қызметiнiң күшеюiне байланысты, сондай-ақ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Z980267_ орындау үшiн кеден органдарының жүйесiнде өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелердi қайта дүниеге әкелу қажет. Осыған байланысты:
      - кеден органдары лауазымды адамдарының қылмыстық iс-әрекетiн анықтауға және жолын кесуге;
      - қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттерiн лайықты орындауы тұрғысында кеден органдары бөлiмшелерiнiң қызметiн тексеруге;
      - ақпаратты, хабарлауларды жинауға, талдауға ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
      Президенттiң мемлекеттiк органдарының iс жүргiзуiне қазақ тiлдi енгiзу туралы Жарлығын орындау мақсатында қызметкерлердi қазақ тiлiне оқытуды, оны кезең-кезеңмен енгiзудi заңда белгiленген мерзiмдерге сәйкес қамтамасыз ету көзделiп отыр.
      Кәсiптiк борышты орындау құқықтық және этикалық нормаларды қатаң сақтау көп жағдайда кеден органы қызметкерлерiнiң "Әлеуметтiк көңiл-күйiне" қызметтiк өсуi келешегiн көруге еңбегiне қанағаттануы мен материалдық әл-ауқатының деңгейiне байланысты. Бұл саладағы қызметтiң

 

маңызды бағыттары:

     - еңбекке ақы төлеудi жетiлдiру;

     - Кеден органдары лауазымды қызметкерлерiнiң қызмет атқару кезiнде

қаза тапқан, жарақат алған немесе денсаулығына өзгедей зақым болған

жағдайда тиiстi әлеуметтiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету;

     - кеден органдары лауазымды адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету

мәселесiн шешу сияқты әлеуметтiк мәселелердi шешу болуы тиiс.

     Кадрларды iрiктеудiң, орналастырудың жаңалап-ауыстыруы принциптерi:

     - Кәсiбилiк және құзыреттiлік;

     - Қазiргi заманғы компьютерлiк техниканы игеру;

     - Жедел және негiзделген шешiмдер қабылдай бiлу;

     - Принциптiлiк және отан сүйгiштiлiк;

     - Өз көзқарасын қорғай білу;

     - Өзiне және бағыныстағыларына талап қоя бiлу;

     - Қойылған мақсатқа жетудегi табандылық;

     - Қызметтестермен және әрiптестермен сыпайы қарым-қатынас жасай бiлу;

     - Жоғары атқарушылық тәртiп.

     ЕСКЕРТУ. 4-Басымдық өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің      

              2001.05.15. N 643 қаулысымен.
 



     5-БАСЫМДЫҚ. Кеден органдарының

   фискальдық-экономикалық қызметiн жетiлдiру


     МАҚСАТ:

     Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi мен экономикалық мүдделерiн

қамтамасыз ету.

     МIНДЕТТЕР:

     - Мемлекеттiк бюджетке кедендiк төлемдер мен салықтардың толық

түсiмiн қамтамасыз ету


 
       - Өзара саудада тауарлардың жылжуына бақылау орнату тетiгi және "баратын елi" принципi бойынша салықтар салу тәртiбi
      - Қазақстан Республикасының кеден және басқа да заңдарының сақталуын, кеден ісiн жүзеге асыруда азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету.
      Iшкi экономикалық процестерде кеден iсi мен кеден саясаты рөлiнiң объективтi түрде өсе түсуi және СЭҚ-тың ырықтануы жағдайында олардың өрiсiнiң кеңейе түсуi өз кезегiнде кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеумен байланысты барлық күрделi және бiрыңғай емес қатынастар кешенiн реттеудiң жаңа жолдарын iздестiру қажеттiлiгiн шартты етiп отыр.
      Кеден органдарының СЭҚ кедендiк-тарифтiк реттеу тетiгiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмысының негiзгi бағыттары:
      - кедендiк-тарифтiк саясатты жетiлдiруге бағытталған нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеу;
      - кедендiк-тарифтiк реттеу бөлiгiнде кедендiк төлемдер мен салықтарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн құру негiзiнде мәлiметтер қалыптастырудың бiрыңғай жүйесiне кезең кезеңiмен көшу;
      - тарифтiк реттеудiң кешендi технологияларын әзiрлеу және енгiзу,
      - есепке алудың толық автоматтандырылған жүйесi мәлiметтерiне негiзделген iшiнара таңдап бақылау және тексеру технологиялары болуы тиiс.
      Қазiргi заман жағдайында ұлттық мүдделердi тиiмдi қорғау үшiн кедендiк тариф барынша сараланған болуы тиiс. Кедендiк тариф ДСО-ға кiрудi және кедендiк одақтың негiзгi принциптерiмен күрделене түсуге тиiс екенін ескере отырып, тауарлық позициялары ГС пен ТМД СЭҚ ТН-ға сәйкес саралануы тиiс.
      Мыналарды жасау қажет болып отыр:
      - тауарлардың кедендiк құнын тиiмдi бақылау тетiгiн одан әрi жетiлдiру;
      - ГАТТ/ДСҰ талаптарына сәйкес тауарлардың кедендiк құнын анықтау және бақылау тәртiбiн iс жүзiнде жүзеге асыру;
      - СЭҚ-ға қатысушыларға кедендiк төлемдер мен салықтар төлеу жөнiнде жеңiлдiктер берудiң бiрыңғай тәртiбiн әзiрлеу;
      - СЭҚ ТН-ға, тауарлар шығарылған елдiң белгiлеуiне сәйкес тауарлардың жiктелу дұрыстығына бақылау тетiгiн одан әрi жетiлдiру;
      - Қазақстан Республикасы кеден органдарының тауарларға берiлген шығу сертификатының дұрыстығын бақылау жөнiнде бенефициар елдердiң құзыреттi органдарымен өзара iс-қимыл тәртiбiн әзiрлеу және iс жүзiне асыру;
      - елдiң экономикасына шетел инвестицияларының құйылуына қолайлы жағдай жасау мақсатында кеден төлемдерiн алуды ДСҰ талаптарымен үндестiру;
      - СЭҚ қатысушыларының кеден және салық заңдарын сақтауын бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының кеден және салық қызметтерiнiң өзара iс-қимыл тетiгiн әзiрлеу және оны іс жүзіне асыру;
      - СЭҚ-тың барлық мүшелерiне теңдей жағдай жасау, кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiнде жеке жеңiлдiктердiң болмауы. Осы принциптiң сақталуы сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде адал бәсекелестiкке жағдай жасайды;
      - кеден баждарын төлеуден босату не болмаса кеден баждарының ставкаларын төмендету, не болмаса Қазақстан Республикасымен бiрге еркiн сауда аймағын немесе кеден одағын құрған не болмаса қостараптық келiсiмдер жасасқан мемлекеттерден шығарылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына преференциалды әкелiнуiне тарифтiк квота белгiлеу түрiнде тарифтiк преференциялар беру тетiгiн әзiрлеуге белсене қатысу;
      - кеден төлемдерi мен салықтарының түсуiн есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн қалыптастыру;
      - кеден төлемдерi мен салықтары жөнiндегi статистикалық есептердiң есепке алынуы мен өңделуiн бақылауды автоматтандыру;
      - кеден төлемдерi мен салықтары салынатын тауарлар бойынша экспорттық-импорттық келiсiмшарттар мониторингi.
      Кедендiк-тарифтiк реттеулердiң жоғарыда аталған барлық шаралары:
      - ұлттық өндiрушiлердi шетелдiк жағымсыз бәсекелестiктiң қолайсыз ықпалынан қорғауға;
      - республикада импорттың орнын толтыратын өндiрiстi дамытуға;
      - ел аумағына әкелiнетiн тауарлардың құрылысын тексеруге;
      - бюджеттiң кiрiс бөлiгiн қалыптастыруға бағытталған.
      Сыртқы экономикалық байланыстарды экономикалық реттеудi жолға қою жөнiндегi шаралар елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайындағы және оның халықаралық жағдайындағы өзгерiстерге сәйкес болуға тиiс. Тек осындай жағдайда ғана мемлекет мүдделерi тұрғысында сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi мен оның экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi тиiмдi шешу мүмкiн болмақ.
 
                  Контрабандаға және кеден ережелерiн
                          бұзуға қарсы күрес
 
      Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оның экономикалық мүдделерiн қорғау, контрабандаға, кеден ережелерiн бұзуға қарсы күрес жүргiзу, кеден iсiн жүргiзу кезiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету, кеден шекарасы арқылы есiрткi құралдарының, қарудың, республика игiлiгіндегi көркем, тарихи және археологиялық бұйымдардың заңсыз айналымының жолын кесу - Кеден органдарының алдына Yкiмет қойған аса маңызды мiндет болып табылады.
      Кеден органдарының құзырына кiретiн осы және басқа да функциялар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз, соның iшiнде қылмыстық сипатта жүрiп-тұруға тiкелей қарсы iс-әрекет жолымен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 20.06.97 ж. N 3558 U973558_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi 1997-1998 жылдарға арналған және құқық қорғау қызметiнiң 2000 жылға дейiнгi негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк бағдарламасы республиканың кеден органдарының алға қойылған мiндеттердi шешудегi рөлiн айқындап бердi.
      Қылмыстық-процессуалдық кодекстiң 65-бабына сәйкес кеден органдары жедел-iздестiру қызметін жүзеге асырады, контрабанда iстерi және кеден төлемдерiн төлеуден жалтару бойынша тергеу-анықтау органдары болып табылады. Кеден ережелерiн бұзушылық бойынша iс жүргiзедi, олар бойынша жауапкершiлiкке тартады.
      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 26.06.98 ж. N 233-1 Z980233_ Заңының қабылдануымен байланысты кеден органдары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде жұмыс жүргiзуде.
      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 02.07.98 ж. N 267 Z980267_ Заңымен кеден органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мiндеттер жүктелген.
      "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z944000_ 6-бабына сәйкес кеден органдары жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiсi болып табылады.
      Экономикалық мүдделердi қорғаудың ұйымдастыру-құқықтық нормаларын одан әрi жетiлдiру үшiн кеден органдары бiрқатар мынадай шараларды жүзеге асыруы қажет:
      - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүрiп-тұру кезiнде контрабандаға қарсы күрес жөнiндегi және рұқсат беру тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз ету функцияларын дамыту.
      Бұл функциялардың мәнi заңды тұлғалардың және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасында Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген құқықтық қарым-қатынастарды сақтауын қамтамасыз ету, кеден iстерi саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жүргiзу жөнiндегi саяси, құқықтық, ұйымдастыру Экономикалық, жедел және өзге де шараларды жүзеге асыру болып табылады.
      - Экономикалық кедендiк құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру.
      - Құқық бұзушылықты тергеу әдiстерiн, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық полициясы органдарымен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарымен өзара бiрлескен iс-қимыл тетiгiн әзiрлеудi қамтамасыз ету қажет.
      - Контрабанданың аса қауiптi түрлерiне қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру.
      Энергия көздерiнiң, валютаның, есiрткiнiң, қару-жарақ пен оқ-дәрiнiң заңсыз тасымалдануын, интеллектуалдық меншiк құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етудi бақылау жөнiндегi шараларды күшейту. Алдын ала жедел ақпарат алуға жағдай жасау, құқық бұзушылыққа қарсы iс-қимылдың тиiмдi тетiгiн табу, контрабандаға қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелердiң ұйымдық құрылымын жетiлдiру және бөлiмшелердi техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету қажет.
      Осы бағыттың шегiнде Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң кинологиялық орталығын құру, көне және өнер бұйымдарының, санаткерлiк меншiк объектiлерiнiң, Энергия көздерiнiң тасымалдануын бақылау мәселелерi бойынша кеден қызметкерлерiн кәсiптiк даярлауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      - Контрабанданы, кеден ережелерiн бұзушылықты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтарын анықтау, ескерту және жолын кесу мақсатында жедел-iздестiру шараларын жүргiзу.
      - Анықтаудан, сондай-ақ кеден және басқа да мiндеттi төлемдерiн төлеуден жалтарып, жасырынып жүрген адамдарды анықтау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру.
      - Құқық қолданушылық қызметi.
      Контрабандаға және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күресте мемлекеттiң құқық қорғау және өзге де органдарында өкiлеттiк және қызметтiк шектерiн нақты айқындау және нормативтiк жағынан бекiту, кеден органдарының жедел-iздестiру қызметiнiң нормативтiк базасын жасау, Кеден одағы жағдайында кедендiк құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тұжырымдамасын әзiрлеу, құқық қорғау органдарының ғылыми әлеуетiн пайдалана отырып, кеден ережелерiн бұзғандығы үшiн және кеден iсi саласындағы қылмысы үшiн жауапкершiлiк шегiн анықтау кезiнде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану жөнiнде түсiнiктеме әзiрлеу.
      - Кеден органдарының қызметiн ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету.
      Құқық қорғау органдары арасында ақпарат алмасу тетiгiн жолға қою,

 

кеден iсi саласындағы қылмыстарды қылмыстардың бiрыңғай есебiне енгiзу

қажет, ол үшiн жедел есепке алу мен қылмыстық статистиканы енгiзу

жоспарланып отыр.

     Контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылыққа қарсы күрес жөнiндегi

бөлiмшелердiң материалдық-техникалық базасын дамыту.

     Қару-жарақпен, арнаулы құралдармен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ

қазiргi заманғы iздестiру, криминалистикалық құралдармен және аспаптармен,

жедел және арнаулы техникамен қамтамасыз ету.


                   2-БӨЛIМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

                   КЕДЕН ОРГАНДАРЫ МЕН КЕДЕНГЕ ҚАТЫСТЫ

                     ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-

                        ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН ДАМЫТУ


     МАҚСАТ:

     Кеден органдарының нақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

     МІНДЕТТЕР:

     - Кеден органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту

     - Кеден бекетшілерi мен өту пункттерiн салу

     - Кеден органдарын дамытуды қаржыландыру үшiн қосымша қаражат тарту

     - Кеден қызметтерi рыногын жедел дамыту.

     Кеден органдары алдында тұрған мiндеттердiң тиiмдi атқарылуы

Қазақстан Республикасы кеден органдарының техникалық жарақталу деңгейiне

және материалдық-техникалық базасының (МТБ) жалпы жағдайына тiкелей

байланысты.


                 КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

                                   (КБТҚ)



 
       КБТҚ-ны пайдалану кеден бақылауы технологияларының iс жүзiнде барлық кезеңдерiнде ажыратылмас бөлiгi болып табылады. Қажеттi сапалық деңгейде және саны жеткiлiктi КБТҚ-ның болмауы кедендiк бақылау процесiн тым ұзаққа созып, оған керi әсер етедi.
      Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық прогрестiң дамуы және экономикасы дамыған елдердiң кеден қызметiнiң оның жетiстiктерiн пайдалану тәжiрибесi кезеңiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары алдында өзiнiң техникалық және сапалық сипаттамасы жағынан әлемдiк стандарттарға сай келетiн кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын сатып алу мiндетi тұр.
      Қазақстан Республикасының қазiргi кезде дамыған елдермен қарым-қатынастың жаңа шебiне шығуы жағдаятында металлдарды, тастарды, валютаны және құжаттарды, есiрткi және жарылғыш заттарды ажыратып-танитын техникалық құралдар (АТҚ) кеден басқармалары мен кедендерде мүлдем жоқ болғандықтан оларды сатып алу және жабдықтау қажет болып отыр. Бұл проблеманың көкейкестiлiгi таяу шетелдердегi шиеленiстi жағдайдан көрiнедi.
      PARISCAN X-RAY үлгiсiндегi арнаулы рентген қондырғысын орнату объектiнi ашып көрмей-ақ бейнелi бақылау мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Құбырлық тасымал көлiгiмен, ыдыстармен экспортталатын мұнайды, мұнай өнiмдерi мен газды кедендiк бақылауды, сондай-ақ электр энергиясын бақылауды қамтамасыз ету үшiн КБТҚ қажет. Осы мақсатта мұнай өнiмдерiн бақылау аппараттарын орнату қажет. Электр энергиясының тасымалдануын бақылау кезiнде техникалық шешiмдердi зерттеу және iздестiру қажет.
      Радиоактивтi материалдардың тасымалдануын бақылау кеден қызметiнiң тiкелей мiндетi болып табылады. ҚР кеден органдарына iзгiлiк көмек ретiнде берiлетiн радиациялық бақылау құралдары көбiнесе бейiмдеудi қажет етедi. Берiлген және сатып алынған радиациялық iздеп табу приборларын тиiмдi пайдалану үшiн осы жабдықтармен жұмыс iстеудi жеке құрамға үйрететiн, бұл iсте тәжiрибесi бар мамандар қажет.
      ШҚО бойынша КБ-да таяуда құрылған аймақтық кеден зертханасы өзi құрылғалы берi бiр жылдың iшiнде жұмысында едәуiр нәтижеге қол жеткiздi.
      Кеден сараптамасы қызметiн тиiстi әлемдiк деңгейге көтеру үшiн 2000-2002 жылдары республиканың Солтүстiгiнде, Батысында және Оңтүстiгiнде тағы да 3 аймақтық кеден лабораториясын құру жоспарланып отыр.
      Кеден органдарының қалыпты жұмыс iстеуiне жағдай жасау жабдықтаудың орныққан жүйесiне, қаржылай да, материалдық-техникалық құралдар жағынан да қажеттi қор (резерв) көлемiн құруға тiкелей байланысты.
 
      БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ
 
      Кеден органдарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн радиобайланыстың қорғалған ведомстволық жүйесiн құру қажет. Бекетте немесе рейдте жүрген инспектордың кеден бекетiмен немесе Кеденмен (Базамен) байланысып тұруға мүмкiндiгi жоқ, бұл оқыстан туа қалған жағдайда оны iс жүзiнде қорғансыз күйге түсiредi. Жылжымалы және тұрақты радиобайланыстың болмауы, сондай-ақ кеден бөлiмшелерiнiң (бекеттерiнiң) өздерiнiң аймақтық орталықпен (КБ, кеденмен) iс-қимылдарының келiсiлуiне керi әсерiн тигiзедi. Сондықтан УҚТ радиобайланыстың НҒ-SSВ жүйесi (жер бедерiне байланысты 100 км дейiн) мен ҚТ диапазонын (қашықтағы байланыс) енгiзу жоспарланып отыр, бұл тұрақты және алып жүретiн диапазондық станциялармен кеден бөлiмшелерiн Кеден

 

комитетiнен бастап тұрақты бекеттен 100 км қашықтықта тұрған қатардағы

инспекторға дейiн қамти отырып, республиканың күллi аумағы бойынша ҚР

кеден органдарының ведомстволық байланыс проблемасын шешуге мүмкiндiк

бередi.

     Бағыттар бойынша аталған радиобайланыспен бөлiмшелердi жабдықтау

кезектiлiгi:

     2000 жыл:

     - Оңтүстiк (ОҚО бойынша КБ, Жамбыл облысы бойынша КБ, Қызылорда

облысы бойынша КБ);

     - Оңтүстiк-батыс (Маңғыстау облысы бойынша КБ);

     - ҚХР-мен шекара учаскесi (Қалжат, Бақты, Майқапшағай, Қорғас

кедендерi);

     2001 жыл:

     - Батыс (БҚО бойынша КБ);

     - Шығыс (ШҚО бойынша АБ, Павлодар облысы бойынша КБ);

     - Солтүстiк (Қостанай облысы бойынша КБ, Ақтөбе облысы бойынша КБ,

СҚО бойынша КБ);

     2002 жыл:

     - республика орталығындағы кеден бөлiмшелерi.


 
       Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Кеден қызметiнiң бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiнiң жұмысын жақсарту үшiн мынадай шаралар жүзеге асырылуы қажет:
      - Қазiр бар 43 спутник станциясына қосымша Қазақстан Республикасының кеден шекарасында 65 станция комплектiсiн орнату;
      - Қолда бар есептегiш техника мен спутник байланысы құралдарының сервистiк қызмет көрсетуiн жақсарту, аумақтық кеден органдарында қосалқы бөлшектер қоймаларын жасау.
      - Спутниктiк байланыс арналарының өткiзу қабiлетiн орталық кеден органында 1024 Кб/с, аумақтық кеден органдарында - 268 Кб/с, кеден бекеттерiнде - 64/128 Кб/с мөлшерiне дейiн арттыру.
 

                                    КӨЛIК



 
 
       Кеден органдарын көлiкпен жабдықтау бiрiншi кезекте шешiлуге қажеттi мiндет болып табылады.
      Кеден органдары жұмысының белгiлi ерекшелiктерiне сәйкес қажеттi мөлшерде көлiк құралдарының болмауы бөлiмшелердiң жалпы материалдық-техникалық және моральдық деңгейiне едәуiр керi әсер етедi.
      Қолда бар автокөлiк паркiнiң моторесурсы таусылуға жақын. Тек 230 автомашина ғана 1995 жылдан кейiнгi шығарылған.
      Ауыр жолдарға арналған шетелдiк көлiк (джиптер) сатып алу жолымен автомашиналар паркiн жаңарту қажет. Жедел топтардың ұланғайыр аумақты күзетуi үшiн жылытылатын кунгалары бар жүк автомобильдерiн ("Урал", "Камаз") сатып алу қажет. Қатал қыс жағдайындағы солтүстiк облыстар "Боран" немесе "Рысь" үлгiсiндегi қаркөлiктермен жабдықтауды қажетсiнедi.

 

Мұнан басқа, Каспийде теңiз көлiгiне (әскери катерлер) және Маңғыстау,

Қызылорда және Қостанай облыстарының аумақтарында әуе көлiгiне

(тiкұшақтар) қажеттiлiк туындап отыр.

     Қазақстан Республикасының кеден органдарын жабдықтау үшiн қажеттi

қаржы қаражаттарын бөлу.

---------------------------------------------------------------------------

                                  !     Жыл      !     Ақша қаражаты,

                                  !              !       мың теңге

---------------------------------------------------------------------------

Материалдық техникалық                2000                 824954

жабдықтау

---------------------------------------------------------------------------

Кеден посттарын салу                  2000                 519997

---------------------------------------------------------------------------



 
       Мемлекеттiк шекарада түрлi мақсаттағы өту пункттерiн салу, қайта жаңарту, жайластыру және техникалық жарақтау бойынша үлкен жұмыс көлемi көзделiп отыр.
      Жүйелi бюджеттiк қаржыландырудан басқа материалдық-техникалық базаны дамыту үшiн инвесторлардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражатын тартудың есебiнен кеден маңындағы инфрақұрылымды құру мен дамытуға жағдай жасау және ынталандыру жоспарлануда.
      Кедендiк қызмет көрсетулер рыногын дамыту мүдделi кәсiпорындардың қызметтiң кеден iсiмен байланысты түрлi салаларында жобалар жасауы арқылы конкурстық негiзде жүзеге асырылуы тиiс.
      Тауарлар мен көлiк құралдарының үдей өсiп отырған ағынын үздiксiз кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз ету мақсатында шекарада тиiстi инфрақұрылымдар құру көзделуде, бұл үшiн:
      - Қазақстан шекарасында өткiзу пункттерiн, қызметтiк-өндiрiстiк ғимараттар мен қойма үй-жайларын қайта жаңарту, жайластыру және техникалық жарақтау (шекара маңындағы: "Жiбек жолы" (Өзбекстанмен шекара), "Қайрақ" (Ресеймен шекара), "Бақты"(ҚХР-мен шекара), "Қордай" (Қырғызстанмен шекара) 4 кеден постын халықаралық стандарттарға дейiн жеткiзу көзделiп

 

отыр).

     - кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдана отырып өткiзу

пункттерiн, уақытша сақтау қоймаларын және кеден инфрақұрылымының басқа да

объектiлерiн ұйымдастыру қажет.

     - Аталған жұмыстарды жүзеге асырудың және қаржыландырудың тәртiбiн

регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу керек.


              3-БӨЛIМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨТУ ПУНКТТЕРI МЕН КЕДЕН

                           ПОСТТАРЫН ДАМЫТУ


     МАҚСАТТАР МЕН МIНДЕТТЕР:

     - Республика экономикасының әлемдiк шаруашылыққа тиiмдi

интеграциялануына жәрдемдесу;

     - Мемлекеттiң кiрiсiн ұлғайту;

     - Республиканың көлiктiк мүмкiншiлiктерiн дамыту;

     - Шекара маңындағы аудандардың саяси және әлеуметтiк-экономикалық

жағдайын жақсарту;


 
       - Кеден бақылауының тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жеделдету және жеңiлдету, сервистiк қызмет көрсетулердi құру, сондай-ақ тасымалдаушылардың әлеуметтiк сұраныстарын қанағаттандыру;
      - Автокөлiк ағындарына талдау жүргiзу және жүк пен жолаушылар тасымалдарының дамуын болжау;
      - Кедендiк тексеруге және басқа да бақылау түрлерiне бейiмделген, халықаралық талаптар мен стандарттарға жауап беретiн арнаулы алаңдар мен үй-жайларды, сондай-ақ кеден мен өзге де бақылаушы органдардың қызметкерлерi, сондай-ақ техникалық қызметшiлер үшiн дайындау және салу;
      - Меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру;
      - Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң, экономикалық мүдделерiн қорғаудың қажеттiлiгi;
      - Кеден шекарасында кедендiк бақылаудың сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында өткiзу пункттерiн нығайту және жайластыру жөнiндегi жұмысты үйлестiру мен ұйымдастыру;
      - Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының, оның iшiнде қару-жарақ пен оқ-дәрiлердiң, есiрткi және психотропты заттардың, улы және жарылғыш заттардың, ядролық және радиоактивтi материалдардың және т.б, заңсыз өтуiнiң жолын кесу.
      1992 жылға дейiн Қазақстанның күзетiлетiн КХР-мен ғана шекарасы болды, онда тек "Қорғас", "Бақты" және "Достық" өткiзу пункттерi ғана жұмыс iстедi.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында кеден органдары халықаралық мәнi бар 14, республикалық мәнi бар 73, 17 темiр жол магистралдарын, 13 әуежайды бақылайды, оларда:
      121 автомобиль;
      28 темiр жол;
      12 авиациялық;
      1 теңiз ("Ақтау" теңiз порты) еткiзу пунктi жұмыс iстейдi.
      Қазақстан Республикасының шектес елдермен (ҚХР-ды қоспағанда, бұл - Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркменстан) кеден шекарасының жалпы ұзындығы 14 мың км құрайды. Осы жағдайларда көршiлес мемлекеттермен және әлемдiк қоғамдастықпен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшiн өткiзу пункттерiн ашу және оларға тиiстi: халықаралық және екiжақты мәртебе беру мәселесi өткiр тұрды.
      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Yкiметi өткiзу пункттерiнің құрылысын салуға және нығайтуға, сондай-ақ оларды техникалық жарақтауға бағытталған бiрқатар қаулылар қабылдады.
      Мәселен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 30.10.92 жылғы N 906 қаулысымен ҚХР-мен шекарадағы "Бақты" өткiзу пунктiне халықаралық мәртебе берiлдi, оның құрылысын салу және нығайту көзделген болатын. Алайда 1993 жылдан берi кеден кешенiнiң құрылысы аяқталмай келедi. Кеден қызметi қалыпты жұмыс iстеу үшiн бейiмделмеген және халықаралық деңгейге сәйкес келмейтiн үй-жайға орналасқан. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Бақты" кеденi қызметiнiң жекелеген мәселелерi туралы" 12.03.99 жылғы N 231 P990231_ жаңа қаулы қабылдауының бiр себебi болды, осыған сәйкес заңды және жеке тұлғалардың кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау бойынша iс-әрекетiн кiдiре отырып тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзуi уақытша тоқтатылды.
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 26.04.95 жылғы N 557 P950557_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының өткiзу пункттерiн дамытудың 1995-1996 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi, соған сәйкес нақты объектiлер айқындалды, қажеттi қаражат сомасы жоспарланды және жұмыстарды аяқтаудың мерзiмдерi белгiлендi. Алайда бюджет қаражатының тапшылығына байланысты көзделген бағдарлама iске асырылған жоқ.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi туралы" 4.10.96 жылғы N 1226 P961226_ және "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1996 жылғы 4 қазандағы N 1226 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 20.07.97 жылғы N 1003 P971003_ қаулыларын орындау үшiн 140 БӨП-тiң құрылысын салу, монтаждау және техникалық жарақтау көзделiндi.
      1998-1999 жылдары модулдiк үлгiдегi 57 БӨБ мен стационарлық үлгiдегi 16 БӨБ-тің құрылысы аяқталды. Кеден посттарын салуға және техникалық жарақтауға ақша қаржысының уақытында бөлiнуi республиканың экономикалық тәуелсiздiгiн нығайтуға және мемлекеттiк бюджетке түсiмдердiң өсуiне мүмкiншiлiк бередi.
      Қазiргi уақытта өткiзу пункттерiне кеден маңындағы ондаған және жүздеген километр шекарасының учаскелерi iс жүзiнде күзетiлмейдi, теңiз жағалауы бүкiл ұзына бойында - тауарларды кеден бақылауынан тыс өткiзуге жарамды. Автомобиль және темiр жол пункттерiнiң техникалық нашар жарақталуы кеден бақылауын, сапалы жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi. Кеден органдары кеден бақылауын бақылаудың басқа түрлерiн жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдардың тарапынан тауарларды тиiстi түрде ресiмдеусiз және тексерусiз жүргiзедi, бұл республиканың рыногына сапасыз, бабына келмеген тауарлардың енiп кетуiне септiгiн тигiзедi.
      Қазақстанмен шектес мемлекеттерде импорттық тауарларға салық салуы деңгейi әлдеқайда төмен және экономикалық терiс пиғылды импортшылар қомақты пайданы республикаға кеден бақылауынан тыс өтетiн тауарларды сатудан алады. Қазақстанға бақылаусыз әкелiнетiн тауарлар мемлекетке елеулi экономикалық зиян келтiредi.
      Қазақстандық тұлғалардың сыртқы экономикалық белсендiлiгiнiң өсуi, сыртқы сауда саласындағы белсендi жаңғыртулар Қазақстан Республикасының кеден органдарының алдына жаңа ауқымды мiндеттер қойып отыр: экономиканың секторлары бойынша кәсiптiк жұмысқа бағдарланған құрылымдық өзгерiстер, кеден шекарасын күзетудi ұйымдастыру, жаңа институттарды - кеден аудитiн, кеден анықтауын, тергеуi мен т.б. ұйымдастыру. Мұның бәрi бiр басты мақсатты көздейдi - контрабандаға тосқауыл қоюды қамтамасыз ету және кедендiк төлемдер мен салықтарды толық көлемде өндiрiп алу. Кеден шекарасын толық жаппайынша бұл проблема шешiлмейдi.
      Бұл күндерi республиканың кеден қызметi жеткiлiктi дәрежеде материалдық-техникалық базаға ие емес, өткiзу пункттерiн салу және жайластыру үшiн елеулi күрделi қаржы талап етiледi. Энергетика, су ресурстары, жылумен жабдықтау, кедендiк бақылауды көлiк құралдарымен, отынмен, техникалық құралдармен, орнықты байланыспен, оның iшiнде электрондық және радиотелефонмен қамтамасыз ету мәселелерi шешiлген жоқ.
      Инфрақұрылым объектiлерiнiң жеткiлiктi түрде дамыған желiсiнiң болмауы (уақытша сақтау қоймалары, автотұрақтар, тамақтану пункттерi, қонақүйлер, техникалық қызмет көрсету станциялары, банк, медицина, брокерлiк мекемелер және т.б.) тауарлар мен көлiк құралдарын тiкелей кеден шекарасында өткiзу пункттерiнде толық қанды кедендiк ресiмдер мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру мүмкiншiлiгiн тежейдi.
      Кеден шекарасында өткiзу пункттерiн салу, қайта жаңарту, жетiлдiру, кеңейту, жайластыру мен техникалық жарақтау республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
      Болжанылып отырған нәтижелер:
      Тiкелей кеден шекарасында өткiзу пунктiнде автомобиль көлiгiмен өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын толық кедендiк ресiмдеу жүзеге асырылған жағдайда мынадай көрiнiстердiң ықтималдығына жол берiледi:
      - басқа мемлекеттердiң аумағын пайдалана отырып көлiк транзитiнiң бағыттарын өзгерту;
      - сыртқы сауда белсендiлiгi деңгейiнiң төмендеуi.
      Оң аспектiлер:
      - Кеден ресiмдеуiн жеделдету және оңайлату;
      - Тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде акцизделетiн өнiмнiң әкелiнуiне бақылауды күшейту;
      - Контрабанданы тiкелей кеден шекарасында ұстау;
      - Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден шекарасы арқылы өткiзу кезiнде рұқсат беру тәртiбiнiң сақталуын ұйымдастыру бойынша тиiмдiлiктi арттыру;
      - Республиканың мүддесi үшiн стратегиялық маңызды материалдардың әкетiлуiне бақылауды күшейту;
      - Тауарлар мен көлiк құралдарын республика аумағы бойынша өткiзу кезiнде сыбайлас жемқорлық фактiлерiн болдырмау;
      - Шекара маңындағы елдi мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру;
      - Елдiң аумағының iшiнде кедендiк ресiмдеу мен бақылауды жүзеге асыратын кеден органдарын ұстауға арналған шығыстарды үнемдеу;
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және кеден шекарасын нығайту.
 

                                  ҚОРЫТЫНДЫ



 
 
       Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2002 жылдарға дейiнгi тұжырымдамасы құқықтық негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасаған немесе қабылдаған халықаралық Шарттар мен Келiсiмдер болып табылатын көзқарастар мен басымдықтардың жүйесi болып табылады.
      Оны кезең-кезеңмен iске асыру кеден қызметiн нақты жағдайларға барынша жақындатуға, тауарларды кедендiк бақылау және ресiмдеу тетiктерiн жетiлдiруге, кеден iсi бойынша Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру үшiн жағдайлар жасауға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасының кеден қызметiн елдiң сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға септiгiн тигiзетiн және сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң тарифтiк және тарифтiк емес шараларының көмегiмен отандық рынокты қорғайтын тиiмдi жұмыс істейтiн құралға айналдыру осы Тұжырымдамада көзделген шаралар жүйесiнiң iске асырылуы кезiнде табысты

 

болады.

     Тұжырымдаманы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң мемлекеттiк

басқаруымен және басқа да министрлiктермен және ведомстволармен, құқық

қорғау органдарымен және өзге де органдармен өзара iс-қимыл жасаумен Кеден

комитетi жүзеге асырады, бұл кеден қызметiн қазiргi заманғы талаптарға

жауап беретiн деңгейге көтеруге мүмкiндiк бередi.



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады