Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстандық бiтiмгершiлiк батальонын құру туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 116 өкiмін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 сәуір N 552

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстандық бiтiмгершiлiк батальонын құру туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 116 өкiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігi мыналарды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне:
      1) екi апта мерзiмде "Қазақстандық бiтiмгершілiк батальоны" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiтуге;
      2) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрi - БҰҰ) арасындағы БҰҰ-ның дайындық шаралары жүйесiне салымдарға қатысты өзара түсiнiстiк туралы меморандумның жобасын ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі Қазақстан

 

Республикасы мен БҰҰ арасындағы БҰҰ-ның дайындық шаралары жүйесiне

салымдарға қатысты өзара түсiнiстiк туралы меморандумды қол қоюға даярлау

жөнiнде БҰҰ-мен келiссөздер жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады