Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Нидерландтар Корольдігінен Өзбекстан Республикасына эпихлоргидриннің транзиті туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 мамыр N 713

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Нидерландтар Корольдігінен Өзбекстан Республикасына Нидерландтар Корольдігінің "Сохоn Develorment А.V.V." компаниясы 1999 жылғы 5 қарашадағы N 071199/92 келісім-шартқа қосымша 1-келісімге сәйкес "Науаиазот" (Науаи қаласы) өндірістік бірлестігіне беретін эпихлоргидриннің 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат етілсін.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, қолданылып жүрген заңнаманың "Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін" қатаң сақтау жағдайында, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің темір жол көлігімен тасымалдануын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы

эпихлоргидриннің транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды

қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                        2000 жылғы 15 мамырдағы N 713

                                            қаулысына N 1-қосымша


             "Сохоn Develorment А.V.V." компаниясы 1999 жылғы

        5 қарашадағы N 071199/92 келісім-шартқа қосымша келісімге

          сәйкес "Науаиазот" ӨБ үшін беріп отыратын тауарлардың

                                Ерекшелігі

---------------------------------------------------------------------------

Тауардың атауы !Келісім-шарт ! Тоннасының бағасы !Жалпы құны! Беріп отыру

               !  бойынша    !   АҚШ долларымен  !          !    мерзімі

               ! көлемі (тн) !                   !          !

---------------------------------------------------------------------------

Эпихлоргидрин      50,391            1350          68027,85      1999 ж.

ГОСТ 12844-44                                                   желтоқсан

                                                                 2000 ж.  

                                                                 тоқсан   

                                                             бойын.келісім.

---------------------------------------------------------------------------

    Барлығы                                        68027,85

---------------------------------------------------------------------------


                                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                           2000 жылғы 15 мамырдағы N 713

                                               қаулысына N 2-қосымша


               2000 жылы беріп отыру үшін эпихлоргидриннің

                          орын ауыстыру бағдары


     Эпихлоргидриннің орын ауыстыру бағдары мына бағыт бойынша жүзеге

асырылады:


     Жөнелту станциясы: Косяковка, Куйбышев т/ж;

     Жеткізу станциясы: Тинчилик, Өзбек т/ж, коды 74040;

     Шекарадан өту станциясы: Илецк-1-экс/Джилга-экс - Шеңгелді (Қазақстан

Республикасы).

     Алушы: "Науаиазот" ӨБ коды 5291

            706800 Өзбекстан, Науаи-5





     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады