Брюссель қаласында 1993 жылғы 15 қазанда алдын ала қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсанда алдын ала қол қойылған хат алмасу нысанындағы Келiсiммен өзгертiлген Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы арасындағы тоқыма бұйымдарымен сауда жөнiндегi Келiсiмге өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы хат алмасу нысанындағы Келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 маусым N 936

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Брюссель қаласында 1993 жылғы 15 қазанда алдын ала қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсанда алдын ала қол қойылған хат алмасу нысанындағы Келiсiммен өзгертiлген Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы арасындағы тоқыма бұйымдарымен сауда жөнiндегi Келісімге өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы хат алмасу нысанындағы Келiсiмге қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке Брюссель қаласында 1993 жылғы 15 қазанда алдын ала қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсанда алдын ала қойылған хат алмасу нысанындағы Келiсiммен өзгертiлген Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы арасындағы тоқыма

 

бұйымдарымен сауда жөнiндегi Келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан

Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы хат алмасу нысанындағы

Келiсiмге Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкілеттік

берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


      Брюссельде 1993 жылғы 15 қазанда алдын-ала қол қойылған және 1995

        жылғы 20 желтоқсандағы хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiммен

        өзгертiлген Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Экономикалық

      Қоғамдастығының арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы туралы

        келiсiмге өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен

      Еуропалық Қоғамдастықтың арасындағы хаттармен алмасу нысанындағы

                                   КЕЛIСІМ


Еуропалық Одақ Кеңесiнiң хаты


     Мырза,


 
       1. Брюссельде 1993 жылғы 15 қазанда қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсандағы хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiммен толықтырылған Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасының арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы туралы келiсiмге (бұдан әрi - "Келiсiм") сүйенудi өзiмiзге құрмет санаймыз.
      2. Келісiмнiң мерзiмi 1999 жылғы 31 желтоқсанда аяқталғандықтан және Келiсiмнiң 20 (4)-бабына сәйкес Еуропалық Қоғамдастық Келiсiмнiң күшiн бұдан арғы кезеңге төмендегідей түзетулермен және шарттармен кем дегенде үш жылға ұзартуды ұсынады:
      2.1. Келiсiмнiң 1-бабында айтылған тауарлар көрсетiлген 1-қосымша осы хаттың 1-қосымшасымен ауыстырылды.
      2.2. 20-бабтағы 1-параграфтың мәтiнi, Келiсiмнiң екiншi және үшiншi сөйлемдерi мына үлгiде ауыстырылатын болады:
      "Ол 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн күшiнде болуы тиiс. Алдағы уақытта, егер тараптардың бiрi осы ұзартумен келiспейтiндiгi жөнінде 2002 жылғы 31 желтоқсанға кем дегенде 6 ай қалғанда басқасын хабардар етпесе, осы Келiсiмнiң барлық тармақтарын қолдану өздiгiнен тағы бiр жылға 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейінгi кезеңге ұзартылатын болады".
      2.3. Келiсiмнiң 2 (3)-бабында көрсетiлген 1, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 тоқыма санаттары А-хаттамасында көзделген қосарланған тексеру жүйесiнен шығарылды. Егер белгiлi бiр жылда осы тоқыма санаттарындағы тауарлар импортының деңгейi Келiсiмнiң 5(2)-бабында көрсетiлген лимиттен асқан жағдайда қосарланған тексеру жүйесi осы санаттар бойынша өздiгiнен тағы да қолданылатын болады.
      3. Келiсiм мерзiмнiң аяқталуына дейiн Қазақстан Республикасы Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының мүшесi болған жағдайда, 2 (2)-(5), 3, 6, 7, 8, 9, 11-19-баптардың ережелерi, А-хаттамасы, В-хаттамасы, С-хаттамасы, N 1 келiсiлген хаттама, N 2 келiсiлген хаттама, N 3 келiсiлген хаттама, N 4 келiсiлген хаттама Тоқыма өнiмi және киiм жөнiндегi ДСҰ келiсiмiнiң 2(17)-бабы мағынасының шегiнде әкiмшiлік құрылымдар ретiнде қолданылуы тиiс.
      4. Егер Сiз осы айтылғандарды Сiздiң Үкiметiңiздiң қабылдауын растасаңыз, бiз Сiзге зор ризашылық білдiрер едiк. Бұл жағдайда, қосымшаларымен қоса осы хат және қабылдау туралы Сiздiң хатыңыз хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiмдi жасайтын болады, қажеттi құқықтық рәсiмдер аяқталғанын тараптар бiр-бiрiне хабарлаған күннiң келесi айының бiрiншi күнiнен бастап күшiне енетiн болады. Сол мерзiмге дейiн ол 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап өзара шарттылық жағдайында уақытша қолданылатын болады.
      Мырза, бiздiң үлкен құрметiмiздi қабыл алыңыз.
      Еуропалық Одақ Кеңесi үшiн
 
                                1-қосымша
 
      Еуропалық Қоғамдастық пен Қазақстанның арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы туралы келiсiмге қатысты Брюссельде 1993 жылғы 15 қазанда қол қойылған Тоқыма өнiмiне арналған тауарлар санаты мен сипаттамасы көрсетiлген 1-қосымша ЕҚ 3030/93* қаулысының 1-қосымшамен алмастырылды. Құрастырылған номенклатураны ережелерді бұзбай түсiндiруде тауарлар сипаттамасы анықтамасының индикативтiк құнға қатысты қарастырылатындығы айтпаса да түсiнiктi, өйткенi тауарлар осы Қосымшадағы құрастырылған

 

номенклатура кодтарымен әрбiр саннаттың шегiнде белгiленген.

     Құрастырылған номенклатура кодының алдында "ех" символы тұрған жерде

құрастырылған номенклатура кодының шеңберімен және тиесілi сипаттамамен

әрбiр санатта қамтылған тауарлар анықталады.

     -----------------------

     * Қосымша ЕҚ ресми журналының 28.05.1999 жылғы N L 134

     нөмірінде жарияланған.


                               2-қосымша

                           Ноталармен алмасу



 
       Еуропалық Одақ Комиссиясының Сауда жөнiндегi Бас Директораты Қазақстан Республикасының миссиясына ықылас танытады және Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық пен Қазақстан Республикасының арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы туралы 1993 жылғы 15-қазанда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы ... хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiммен өзгертiлген Келiсiмге сүйенуді құрмет санайды.
      Сауда жөнiндегi Бас Директорат хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiмнiң жасалуына және күшiне енуiне қажеттi рәсiмдердiң аяқталуын күтiп отырған Еуропалық Қоғамдастық Келiсiмнiң ережелерiн 2000 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолдануға де-факто дайын екендiгi туралы Қазақстан Республикасының Миссиясын хабардар етпек. Сондықтан әрбiр тарап кез келген уақытта, егер 4 ай бұрын хабарлаған болса, хат алмасу нысанындағы осы келiсiмдi де-факто қолдануды тоқтата алады.
      Егер Қазақстан Республикасының Миссиясы осы құжатпен өзiнiң келiсiмiн растаса, Сауда жөнiндегi Бас Директорат зор ризашылық сезiмде болар едi.
      Еуропалық Одақ Комиссиясының Сауда жөнiндегi Бас Директораты бұл мүмкiндiктi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өзiнiң терең ықыласын бiлдiру үшiн пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Үкiметiнен хат
 
      Мырза, мына төмендегілер баяндалған Сіздің хатыңызды алуымыз туралы хабардар етуді өзімізге құрмет санаймыз:
      "Мырза,
      1. Брюссельде 1993 жылғы 15 қазанда қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсандағы хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiммен толықтырылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Экономикалық Қоғамдастықтың арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы туралы келісімге (бұдан әрі - "Келісім") сүйенуді өзімізге құрмет санаймыз.
      2. Келісiмнiң мерзiмi 1999 жылғы 31 желтоқсанда аяқталғандықтан және Келiсiмнiң 20 (4)-бабына сәйкес Еуропалық Қоғамдастық Келiсiмнiң күшiн бұдан арғы кезеңге төмендегідей түзетулермен және шарттармен кем дегенде үш жылға ұзартуды ұсынады:
      2.1. Келiсiмнiң 1-бабында айтылған тауарлар көрсетiлген 1-қосымша осы хаттың 1-қосымшасымен ауыстырылды.
      2.2. 20-бабтағы 1-параграфтың мәтiнi, Келiсiмнiң екiншi және үшiншi сөйлемдерi мына үлгiде ауыстырылатын болады:
      "Ол 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн күшiнде болуы тиiс. Алдағы уақытта, егер тараптардың бiрi осы ұзартумен келiспейтiндiгi жөнінде 2002 жылғы 31 желтоқсанға кем дегенде 6 ай қалғанда басқасын хабардар етпесе, осы Келiсiмнiң барлық тармақтарын қолдану өздiгiнен тағы бiр жылға 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейінгi кезеңге ұзартылатын болады".
      2.3. Келiсiмнiң 2 (3)-бабында айтылған 1, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 тоқыма санаттары А-хаттамасында көрсетілген қосарланған тексеру жүйесiнен шығарылды. Егер белгiлi бiр жылда осы тоқыма санаттарындағы тауарлар импортының деңгейi Келiсiмнiң 5(2)-бабында көрсетiлген лимиттен асқан жағдайда қосарланған тексеру жүйесi осы санаттар бойынша өздiгiнен тағы да қолданылатын болады.
      3. Келiсiм мерзiмнiң аяқталуына дейiн Қазақстан Республикасы Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының мүшесi болған жағдайда, 2 (2)-(5), 3, 6, 7, 8, 9, 11-19-баптардың ережелерi, А-хаттамасы, В-хаттамасы, С-хаттамасы, N 1 келiсiлген хаттама, N 2 келiсiлген хаттама, N 3 келiсiлген хаттама, N 4 келiсiлген хаттама Тоқыма өнiмi және киiм жөнiндегi ДСҰ келiсiмiнiң 2(17)-бабы мағынасының шегiнде әкiмшiлік құрылымдар ретiнде қолданылуы тиiс.
      4. Егер Сiз осы айтылғандарды Сiздiң Үкiметiңiздiң қабылдауын растасаңыз, бiз Сiзге зор ризашылық білдiрер едiк. Бұл жағдайда, қосымшаларымен қоса осы хат және қабылдау туралы Сiздiң хатыңыз хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiмдi жасайтын болады, қажеттi құқықтық рәсiмдер аяқталғанын тараптар бiр-бiрiне хабарлаған күннiң келесi айының бiрiншi күнiнен бастап күшiне енетiн болады. Сол мерзiмге дейiн ол 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап өзара шарттылық жағдайында уақытша қолданылатын болады.
      Мырза, бiздiң үлкен құрметiмiздi қабыл алуыңыз".
      Үкiметiмiз Сiздiң хатыңыздың мазмұнымен келiсетiндiгiн растауды өзiне құрмет санайды.
      Мырза, бiздiң мәртебелi ықыласымызды қабыл алыңыз.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
 
                                1-қосымша
 
      Еуропалық Қоғамдастық пен Қазақстанның арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы туралы келiсiмге қатысты Брюссельде 1993 жылғы 15 қазанда қол қойылған Тоқыма өнiмiне арналған тауарлар санаты мен сипаттамасы көрсетiлген 1-қосымша ЕҚ 3030/93* қаулысының 1-қосымшамен алмастырылды. Құрастырылған номенклатураны ережелерді бұзбай түсiндiруде тауарлар сипаттамасы анықтамасының индикативтiк құнға қатысты қарастырылатындығы айтпаса да түсiнiктi, өйткенi тауарлар осы Қосымшадағы құрастырылған

 

номенклатура кодтарымен әрбiр санаттың шегiнде белгiленген.

     Құрастырылған номенклатура кодының алдында "ех" символы тұрған жерде

құрастырылған номенклатура кодының шеңберімен және тиесілi сипаттамамен

әрбiр санатта қамтылған тауарлар анықталады.

     -----------------------

     * Қосымша ЕҚ ресми журналының 28.05.1999 жылғы N L 134

     нөмірінде жарияланған.


                              2-қосымша

                         Ноталармен алмасу



 
       Қазақстан Республикасының Миссиясы Еуропалық Одақ Комиссиясының Сауда жөнiндегi Бас Директоратына ықылас танытады және Тоқыма өнiмдерiнiң саудасы жөнiндегi 1993 жылғы 15-қазанда қол қойылған келiсiмге қатысты және 1999 жылғы ... хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiммен өзгертілген Бас Директораттың нотасына (Вербальдық нота күнi) сүйенудi құрмет санайды.
      Қазақстан Республикасының Миссиясы хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiмнiң жасалуына және күшiне енуiне қажеттi рәсiмдердiң аяқталуын күтiп отырған Қазақстан Үкiметi 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап де-факто Келiсiмінiң ережелерiн қолдануға дайын екендiгi туралы Сауда жөнiндегi Бас Директоратты хабардар етпек. Сондықтан әрбiр тарап кез келген уақытта,

 

егер 4 ай бұрын хабарлаған болса, осы хат алмасу нысанындағы Келiсiмдi

де-факто қолдануды тоқтата алады.

     Қазақстан Республикасының Миссиясы бұл мүмкiндiктi Еуропалық Одақ

Комиссиясының Сауда жөнiндегi Бас Директоратына өзiнiң терең ықыласын

бiлдiру үшiн пайдаланады.



Оқығандар:


     Бағарова Ж.А.

     Орынбекова Д.Қ





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады