Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына жарылғыш материалдардың (ДШЭ-12 детонаторлық баулар) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 28 маусым N 964

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы  Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143  P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 33/2000-НВ келісім-шарты бойынша "Взрывпром" ашық акционерлік қоғамы (Ташкент қаласы) үшін беретін жарылғыш материалдардың (ДШЭ-12 детонаторлық баулар) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Темір жол көлігі жөніндегі кеңестің 1996 жылғы 5 сәуірдегі он бесінші мәжілісінде бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдаудың қолданылып жүрген ережесіне және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай отырып, 2-қосымшаға сай қозғалыс бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің темір жол көлігімен транзиттік тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен жарылғыш материалдардың (ДШЭ-12 детонаторлық баулар) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда  министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      2000 жылғы 28 маусымдағы
                                      N 964 қаулысына қосымша

        "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) 2000
       жылғы 21.01. N 33/2000-НВ келісім-шарты бойынша "Взрывпром"
           ашық акционерлік қоғамына (Ташкент қаласы) беретін
                         тауарларының саны
____________________________________________________________________
р/с !   Тауардың атауы   ! Өлшем ! Саны ! Бағасы   ! Жалпы құны   
N                         бірлігі        АҚШ долла-  АҚШ долларымен
                                           рымен        
____________________________________________________________________
   1   ДШЭ-12              Мың м.    400    180.0    72000.00
       детонаторлық бауы                   ____________________________________________________________________         Жиыны:                                        72000.00
____________________________________________________________________       

                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        2000 жылғы 28 маусымдағы
                                        N 964 қаулысына 2-қосымша

          2000 жылы беру үшін жарылғыш материалдардың
        (ДШЭ-12 детонаторлық баудың) қозғалыс бағыты    

      Жарылғыш материалдардың қозғалысы мынадай бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1. Жүк жөнелтуші: "Нитро-Взрыв" ААҚ-мы, Мәскеу қаласы,
      Ресей Федерациясы
      Жөнелту станциясы: Пашино, Ресей Федерациясы;
      Баратын станциясы: Бұқара, Өзбек темір жолы;
      Шекарадан өту станциясы: Локоть-Шеңгелді (Қазақстан Республикасы)     

     2. Қабылдап алушы: "Взрывпром" ашық акционерлік қоғамы, 
        Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады