Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы Бiлiм саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 шілде N 1077

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiлген және тәжiк жағымен алдын ала пысықталған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi тәжiк жағымен

 

келiссөздер жүргiзсiн және уағдаластыққа қол жеткiзiлгеннен кейiн, осы

ретте Келiсiмнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан

көрсетiлген Келiсiмге қол қойсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН ТӘЖIКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТІ

          АРАСЫНДАҒЫ БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ

                                   КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталып, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,


 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы 1993 жылғы 15 қаңтардағы негiзгі өзара қарым-қатынастар туралы Шартты басшылыққа ала,
      және бiлiм саласындағы екiжақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
      төмендегiдей келiсiмге келдi:
 

                                     1-бап



 
       Тараптар жоғары, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм жүйесi мен құрылымы, реформалар және жаңа бiлiм беру технологиялары туралы ақпараттармен, оқу-әдiстемелiк материалдарымен алмасу арқылы ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
 

                                     2-бап



 
       Тараптар эквиваленттiк алмасу түрiндегi ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады:
      - толық оқу курсына студенттермен;
      - лекциялар оқу үшiн профессорлық-оқытушылық құраммен.
      Айырбас квотасы, мамандықтар тiзбесi, лекциялар тақырыбы, мерзiмдерi және басқа да жағдайлары жыл сайынғы бiрлескен Хаттамада айқындалады.
 

                                     3-бап



 
       Тараптар бастауыш, орта кәсiптiк және жоғары бiлiм мекемелерi арасындағы тiкелей әрiптестiк байланыстарды ұлттық заңдарға сәйкес дамытатын болады.
 

                                     4-бап



 
       Осы Келiсiмдi iске асырудың жағдайын талқылау, ынтымақтастықты одан әрi кеңейту және жетiлдiру мақсатында Тараптар, қажет жағдайда, 3 (үш) күн мерзiмге құрамында екi адам бар жұмысшы делегацияларымен алмасатын болады.
 

                                     5-бап



 
       Оқушылар, студенттер, тәжiрибеден өтушілер, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, жұмыс делегациялары мүшелерiмен өзара алмасу Тарап мемлекеттерiнiң мүдделi ұйымдары арасындағы тiкелей шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Онда жiберушi және қабылдап алушы жақтардың құқы, мiндетi және жауапкершiлiктерi айқындалады.
 

                                     6-бап



 
       Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туындайтын мәселелер консультациялар және келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
 

                                     7- бап



 
       Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге хаттамалар түрiнде ресiмделген, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге болады. Олар жеке Хаттамалармен ресiмделедi.
 

                                     8-бап



 
       Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны жөнiнде соңғы жазбаша мәлiмдеменi алған күнiнен бастап күшiне енедi.
 
      Осы Келiсiм 5 жыл мерзiмге жасалады және Тараптардың бiр де бiрi

 

келесi Тарапқа кезекті бес жылдық мерзiмнiң бiтуiне кем дегенде алты ай

қалғанша оның қызметiн тоқтату жөнiнде жазбаша мәлiмдеме жiбермеген

жағдайда, өзiнен өзi келесi бес жылдық мерзiмге ұзартылады.

     2000 жылғы "___"______________________________ қаласында екi дана

түпнұсқада, әрқайсысы қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде жасалынды, осы

күйiнде барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы Келiсiм ережелерiн

түсiндiруде түсiнбеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегі

мәтiндi басшылыққа алатын болады.


        ҚАЗАҚСТАН                                      ТӘЖІКСТАН

     РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

      YКIМЕТI YШIН                                    YКIМЕТI YШІН




  Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады