Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Кобальт-60 радионуклидi бар жабық үлгiдегi гамма-сәулелену көздерiнiң транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 тамыз N 1200

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы 1-қосымшаға сәйкес санда 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 09/02/98; 1998 жылғы 6 мамырдағы N 16/02/98 келiсiм-шарттарға сәйкес Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (Бiшкек қаласы, Қырғыз Республикасы) үшiн "Изотоп" бүкiл аймақтық бiрлестiгi" мемлекеттiк бiрыңғай кәсiпорыны (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн "Агат-С" және "Агат-ВЗ" үлгiлi гамма-терапевтiк аппараттарда пайдалануға арналған Кобальт-60 радионуклидi бар жабық үлгiдегi гамма-сәулелену көздерiнiң транзитiне рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң темiр жол көлiгi жөнiндегi кеңестiң 1996 жылғы 5 сәуiрдегi 15 отырысында бекiтiлген Қауiптi жүктердi тасымалдаудың ережесiне" және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қауiпсiздiктiң ерекше шараларын сақтай отырып, 2-қосымшаға сәйкес қозғалыс бағыты бойынша жүктi Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен Кобальт-60 радионуклиді бар жабық

үлгідегі гамма-сәулелену көздерінің Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                              2000 жылғы 4 тамыздағы

                                                  N 1200 қаулысына

                                                      1-қосымша

              Қырғыз Республикасының Онкология және радиология

      ғылыми-зерттеу институты үшін "Изотоп" бүкіл аймақтық бірлестігі"   

          мемлекеттік бірыңғай кәсіпорыны беретін тауарлардың саны

---------------------------------------------------------------------------

р/с!      Көздердің үлгісі     ! Саны  !    АҚШ   !   Жиынтық  ! СЭҚ ТН 

N !                           ! дана  !долларымен!белсенділігі!  коды   

   !                           !       !  бағасы  !Ки-ден артық!

   !                           !       !          !     емес   !

---------------------------------------------------------------------------

1.  ГИК-8-4 үлгілі Кобальт-60      1      19400       5135.0     284440900

    көздері (09.04.98.

    N 09/02/98 келісім-шарт) 

---------------------------------------------------------------------------

2.  ГИК-К-10 үлгілі Кобальт-60     7       8450       3.0        284440900

    көздері (06.05.98.

    N 16/02/98 келісім-шарт) 

---------------------------------------------------------------------------

    Жиыны                          8      27850       5138.0

---------------------------------------------------------------------------


                                       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                                             2000 жылғы 4 тамыздағы

                                               N 1200 қаулысына

                                                  2-қосымша


            2000 жылы беруге арналған Кобальт-60 радионуклидi бар

             жабық үлгiдегi гамма-сәулелену көздерi қозғалысының

                                   бағдары


     Кобальт-60 радионуклидi бар жабық үлгiдегi гамма-сәулелену көздерiнiң

қозғалысы мына бағыт бойынша жүзеге асырылады:

     Ресей Федерациясының аумағы бойынша қозғалу станциялары:

Ногинск-Орынбор-Елек-1 (Қазақстан Республикасының аумағына шекарадан өту).

     Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалыс станциялары:

Жайсаң-Ақтөбе-Жамбыл-Луговая.

     Қайыңды-Бiшкек (Қырғыз Республикасы) ст. дейiн.

     Алушы: Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (Бiшкек

қаласы, Қырғыз Республикасы).



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады