"Қаныш Сәтпаев атындағы Ертiс-Қарағанды каналы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2000 жылғы 24 тамыз N 1302

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына ерекше әсер ететiн Ертiс-Қарағанды каналының стратегиялық маңызын ескерiп, Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қаныш Сәтпаев атындағы Ертiс-Қарағанды каналы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi - Кәсiпорын) банкроттығына бастама жасасын.
      2. Кәсiпорынның банкроттығы туралы сот шешiмi шыққан жағдайда, конкурстық массасын сатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбi белгiленсiн және сатып алушыға мынадай қосымша талаптар қойылсын:
      1) каналдың iркiлiссiз жұмысын жүзеге асыру үшiн қажеттi өндiрiстiң бiрыңғай технологиялық циклын қамтамасыз ететiн кәсiпорынның мүлiк кешенiнiң бiрыңғай лотпен сатылуы;
      2) негiзгi лоттың ең төменгi бағасы әкiмшiлiк шығындардың сомасынан кем түспеуi;
      3) сатып алушының өндiрiстiк-технологиялық циклдың үздiксiздiгiн қамтамасыз етуi;
      4) республикалық кәсiпорын мәртебесiне ие және тиiстi лицензиясы бар

 

сатып алушының мүлiк кешенiн сатып алуға басым құқығы;

     5) конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жетпеген жағдайда, сатып

алушы Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлiгiмен келiсiлген кесте бойынша Кәсiпорынның бiрiншi және

үшiншi кезектегi берешектерiн өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi өзiне

қабылдайды.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрi




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады