Қазақстан Республикасының білім, мәдениет ұйымдарын, темір жол станциясы мен су құрылысын атау және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 тамыз N 1325

      "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiне сәйкес және Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм, мәдениет ұйымдарына және су құрылысына

 

есiмдер берiлсiн.

     2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм және мәдениет ұйымдары, темiр жол

станциясы қайта аталсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                          Қазақстан Республикасы

                                          Үкіметінің

                                          2000 жылғы 31 тамыздағы

                                          N 1325 қаулысына

                                          қосымша


     Көрнекті тарихи тұлғалардың, белгілі мемлекет және қоғам

     қайраткерлерiнiң, аса көрнекті ғалымдардың, жазушылардың,

    ұстаздардың есiмдерi берiлген бiлiм, мәдениет ұйымдарының

                        және су құрылысының

                             тiзбесi


                 Ақмола облысы бойынша


     Ерейментау аудандық Мәдениет үйiне - Yмбетей жыраудың есiмi;

     Ерейментау ауданындағы Новомарковка орта мектебiне Социалистiк Еңбек

Ерi Балабек Жахиннiң есiмi;

     Еңбекшiлдер ауданындағы Қоғам орта мектебiне - қоғам қайраткерi

Шәймерден Қосшығұловтың есiмi;

     Қорғалжын ауданындағы Сабынды орта мектебiне - ғалым Әнуәрбек

Yсеновтiң есiмi;

     Ақкөл ауданындағы Калинин орта мектебiне - Социалистiк Еңбек Ерi

Айтпай Құсайыновтың есiмi;


                  Алматы облысы бойынша


     Райымбек ауданындағы Шырғанақ ауылының Шырғанақ орта мектебiне -

Социалистiк Еңбек Ерi Іңкәрбек Жұмағұловтың есiмi;

     Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық драма театрына - Қазақстан

Республикасының халық әртiсi Бикен Римованың есiмi;

     Алакөл ауданындағы Yшқайың орта мектебiне - Әнуар Әлiмжановтың есiмi;

     Балқаш ауданындағы Желтораңғы орта мектебiне Дiнмұхамед Қонаевтың

есiмi;


                 Батыс Қазақстан облысы бойынша



 
       Ақжайық ауданындағы Қызылжар орта мектебiне - Қазақстан

 

Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Ғабдолла Махамбетовтiң есiмi;

     Ақжайық ауданындағы Чапаев мектеп-гимназиясына - Абай Құнанбаевтың

есiмi;

     Ақжайық ауданындағы N 2 Чапаев орта мектебiне - Мұхтар Әуезовтiң

есiмi;

     Тасқала ауданындағы Камен орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры

Садық Жақсығұловтың есiмi;

     Казталов ауданындағы Талдықұдық орта мектебiне - Қазақстан

Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Сүлеймен Есетовтiң есiмi;


                  Жамбыл облысы бойынша


     Тараз қаласындағы N 50 орта мектебiне - Өмiрбек Жолдасбековтың есiмi;


                Қарағанды облысы бойынша


     Нұра ауданындағы Шахтер орта мектебiне - педагог Қайып Шайменовтың

есiмi;

     Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай аралас орта мектебiне - Күләш

Байсейiтованың есiмi;

     Ақтоғай ауданы Шабанбай ауылдық округiндегі Қаратал орта мектебiне -

Әлiмхан Ермековтiң есiмi;


                  Қостанай облысы бойынша


     Әулиекөл ауданындағы N 3 Семиозер орта мектебiне - Кеңес Одағының

Батыры Илья Яковлевич Сьяновтың есiмi;


                 Қызылорда облысы бойынша


     Шиелi ауданының Н.Бекежанов ауылындағы Мәдениет үйiне -

жазушы-драматург Оразбек Бодықовтың есiмi;

     Жалағаш ауданының Еңбек ауылындағы N 232 орта мектепке -

фольклоршы-ғалым Мардан Байдiлдаевтiң есiмi;

     Қазалы ауданындағы Басықара су тоспасына - Қазақстан Республикасының

еңбек сiңiрген гидротехнигi Әбубәкiр Тыныбаевтың есiмi;

     Шиелi ауданы Ыбырай Жақаев ауылындағы Мәдениет үйiне - Мейiрман

Нұрекеевтiң есiмi;


               Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша


     Түркiстан қаласындағы N 18 орта мектепке - жазушы Жұмабек Едiлбаевтың

есiмi;

     Отырар ауданындағы N 20 кәсіптік-техникалық мектепке - 1930

жылдардағы қуғын-сүргін құрбаны, қоғам қайраткері Дәуренбек Құрманбектің

есімі;

     Шымкент қаласындағы N 38 мектеп-гимназияға - Нұртас Оңдасыновтың

есімі;

     Сарыағаш ауданы Абай ауылдық округіндегі N 74 орта мектепке - Жүсіп

Баласағұнның есімі;


                 Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     Жарма ауданы Шар қаласындағы N 63 мектеп-гимназияға - Барян

Тұрсыновтың есімі.


                                       Қазақстан Республикасы

                                       Yкiметiнiң

                                       2000 жылғы 31 тамыздағы

                                       N 1325 қаулысына

                                          2-қосымша


      Қайта аталуға жататын бiлiм, мәдениет ұйымдарының

          және темiр жол станциясының тiзбесi


                   Алматы облысы бойынша


     Ескелдi ауданы Көкжазық кенттiк округiндегі Троицк орта мектебi -

Балпық би атындағы орта мектеп;


 
       Ескелдi ауданы Қарабұлақ кенттiк округiндегi С М.Киров атындағы орта мектеп - Социалистiк Еңбек Ерi Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп;
      Ескелдi ауданы Н.Крупская ауылдық округiндегі Н.Крупская атындағы орта мектеп - Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектеп;
      Ескелдi ауданы Қайнарлы ауылдық округiндегі Д.Фурманов атындағы орта мектеп - Қаблиса жырау атындағы орта мектеп;
      Қаратал ауданы Қанабек ауылындағы "Красный Восток" орта мектебi - Қанабек Байсейітов атындағы орта мектеп;
      Қаратал ауданы Жасталап ауылындағы "СССР-дiң 60 жылдығы" атындағы

 

орта мектеп - Құлжабай батыр атындағы орта мектеп;

     Еңбекшiқазақ ауданының Есiк қаласындағы В.И.Ленин атындағы орта

мектеп - Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп;

     Балқаш ауданы Көктал ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектеп -

Әниятолла Ахметов атындағы орта мектеп;

     Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш темiр жол станциясы - Қазыбек бек темiр

жол станциясы;


                 Батыс Қазақстан облысы бойынша


     Ақжайық ауданындағы Каленый орта мектебi - Социалистiк Еңбек Ерi

Сұлтан Ошанов атындағы орта мектеп;


 
       Батыс Қазақстан облыстық Н.Крупская атындағы ғылыми-әмбебап кiтапхана

 

- Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап

кiтапхана;

     Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылындағы "Өлентi" орта мектебi

- Жұбан Молдағалиев атындағы орта мектеп;


                    Жамбыл облысы бойынша


     Т.Рысқұлов ауданындағы Қарақыстақ ауылдық оқругiндегi Каменка орта

мектебi - Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп;

     Талас ауданы Қаратау қаласындағы N 2 кәсiптiк-техникалық лицейi - 

Анатолий Шеин атындағы кәсiптiк-техникалық лицей;

     Талас ауданы Yшарал ауылдық округiндегi Yшарал орта мектебi - Әбдiр

Сағынтаев атындағы орта мектеп;


                 Қарағанды облысы бойынша


     Ақтоғай ауданындағы М.Горький атындағы орта мектебi - Әлихан

Бөкейханов атындағы орта мектеп;


              Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша


     Түркiстан қаласындағы И.С.Никитин атындағы N 8 орта мектеп - Нәзiр

Төреқұлов атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы N 66 орта мектеп - Қазығұрт орта мектебi;

     Шымкент қаласындағы В.Маяковский атындағы N 2 орта мектеп - Әлихан

Бөкейханов атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы Н.Островский атындағы N 4 орта мектеп - Халел

Досмұхамедов атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы Ф.Э.Дзержинский атындағы N 6 орта мектеп - Жүсiп

Баласағұн атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы Н.К.Крупская атындағы N 15 орта мектеп - Дмитрий

Менделеев атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы П.Попович атындағы N 19 орта мектеп - Өзбекәлi

Жәнiбеков атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы А.Леонов атындағы N 22 орталау мектеп - Қорқыт

ата атындағы орталау мектеп;

     Шымкент қаласындағы В.В.Куйбышев атындағы N 30 орта мектеп - Ораз

Жандосов атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы А. Николаев атындағы N 33 орта мектеп - Кенесары

Қасымұлы атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы И.Мичурин атындағы N 36 орта мектеп - Қазыбек би

атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы К. Маркс атындағы N 39 орта мектеп - Мағжан

Жұмабаев атындағы орта мектеп;

     Қазығұрт ауданы Көкiбел ауылдық әкiмшiлiгiндегi В.В Куйбышев атындағы

орталау мектеп - "Майбұлақ" орталау мектебi;


 
       Қазығұрт ауданы Көкiбел ауылдық әкiмшiлiгiндегi Ф.Энгельс атындағы орта мектеп - Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы орта мектеп;
      Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық әкiмшiлiгiндегі В.И.Ленин атындағы мектеп-гимназиясы - "Болашақ" мектеп-гимназиясы;
      Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық әкiмшiлiгіндегi Қызылту бастауыш мектебi - "Ащыбұлақ" бастауыш мектебi;
      Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылдық әкiмшiлiгiндегi К.Маркс атындағы орта мектеп - Махамбет Өтемiсұлы атындағы орта мектеп;
      Қазығұрт ауданы Рабат ауылдық әкiмшiлiгiндегi Жданов атындағы орта мектеп - Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы орта мектеп;
      Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық әкiмшiлiгiндегi Октябрь бастауыш мектебi - "Сарытоғай" бастауыш мектебi;
      Сарыағаш ауданы Бiртiлек ауылдық округiндегі Буденный атындағы бастауыш мектеп - Сырбай Мәуленов атындағы бастауыш мектеп;
      Сарыағаш ауданы Жемiстi ауылдық округiндегi Мичурин атындағы орта мектеп - Алыбай батыр атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданы Жiбек жолы ауылдық округiндегi Полтарацкий атындағы орта мектеп - Әлкей Марғұлан атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданы Дербiсек ауылдық округiндегi Н.К Крупская атындағы орта мектеп - Елшiбек батыр атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданы Қошқарата ауылдық округiндегi Калинин атындағы орта мектеп - Нұрғиса Тiлендиев атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданы Ошақты ауылдық округiндегi "Қызыл жұлдыз" бастауыш мектебi - Сапарғали Бегалин атындағы бастауыш мектеп;
      Төлеби ауданы Бiрiншi Мамыр ауылдық округiндегi "Красный Луч" орта мектебi - "Ынтымақ" орта мектебi;
      Төлеби ауданы Қазығұрт ауылдық округiндегі "Қызылқанат" орталау мектебi - "Ақайдар" орталау мектебi;
      Төлеби ауданы Қазығұрт ауылдық округіндегі "Қызыл байрақ" орта мектебі - Сұлтан Рабат атында6ы орта мектеп;
      Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округіндегі "Қызылжалау" орта мектебі - "Қостөбе" орта мектебі;
      Шардара ауданы Шардара қаласындағы В.Дубинин атындағы бастауыш мектеп - "Арнасай" бастауыш мектебі;
      Шардара ауданы Ақшеңгелді ауылдық округіндегі "Қазақ ССР-нің 60

 

жылдығы" атындағы орта мектеп - "Егізқұм" орта мектебі;

     Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округіндегі Юбилейный орта мектебі -

"Жаушықұм" орта мектебі;

     Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округіндегі "Восход" орта мектебі -

Сырдария орта мектебі;   

     Шардара ауданы Ұзыната ауылдық округіндегі "Комсомол" орта мектебі -

"Ұзыната" орта мектебі.



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады