Адвокат Антуан Биденің және соттағы сенімді өкіл Шанталь Бодэн-Казалистің қызметтеріне ақы төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 қыркүйек N 1471

      "МТР Металз", "Табани" және "МеталзРуссия" компанияларымен төрелік анықтау жөнінде Қазақстан Республикасының өкілі болуына және мүдделерін қорғауына байланысты адвокат Антуан Биденің және соттағы сенімді өкіл Шанталь Бодэн-Казалистің шығыстарын төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен адвокат Антуан Биденің шығыстарын және қаламақысын төлеу үшін 248727 (екі жүз қырық сегіз мың

 

жеті жүз жиырма жеті) француз франкіне және Париж Апелляциялық Сотының

соттағы сенімді өкілі Шанталь Бодэн-Казалиске аванс төлеуге 50 000 (елу

мың) француз франкіне баламалы сомада қаражат бөлсін;

     бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



   Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады