Бауыржан Момышұлының туғанына 90 жыл толуын мерекелеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 қазан N 1515

      Халық батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 90 жыл толуын мерекелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Бауыржан Момышұлының туғанына 90 жыл толуын

 

мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі,

Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт

жөніндегі агенттігі, Жамбыл облысының, Астана және Алматы қалаларының

әкімдері іс-шаралардың Жоспарға сәйкес уақытылы орындалуын қамтамасыз

етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                     Қазақстан Республикасы

                                          Үкіметінің

                                    2000 жылғы 10 қазандағы

                                     N 1515 қаулысымен бекітілген


        Бауыржан Момышұлының туғанына 90 жыл толуын

              мерекелеу жөніндегі іс-шаралар

                        Жоспары

_________________________________________________________________________

N  ! Іс-шаралар             !Орындалу  !Орындалуына жауаптылар

   !                        !мерзімі   !

_________________________________________________________________________

1   Алматы қаласындағы        20-24      Алматы қаласының әкімі, Қазақстан

    Орталық офицерлер үйінде  желтоқсан  Республикасының Мәдениет, ақпарат

    "Б.Момышұлының шығарма.              және қоғамдық келісім министрлігі,

    шылық мұралары" атты                 Қорғаныс министрлігі, Білім және

    ғылыми-практикалық                   ғылым министрлігі

    конференция өткізуді

    ұйымдастыру    

_________________________________________________________________________

2   Б.Момышұлы атындағы        қазан     Жамбыл облысының, Астана және

    көше мен ескерткішін,                Алматы қалаларының әкімдері,

    халық батырының есімімен             Қазақстан Республикасының

    байланысты басқа да                  Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

    тарихи объектілерді                  келісім министрлігі

    жаңғырту жұмыстарын           

    ұйымдастыру

_________________________________________________________________________

3   Б.Момышұлының әдеби        жыл бойы  Қазақстан Республикасының    

    мұраларын шығару                     Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

                                         келісім министрлігі

_________________________________________________________________________

4   Б.Момышұлының туғанына      қараша   Жамбыл облысының, Астана және

    90 жыл толуына арналған              Алматы қалаларының әкімдері,

    мәдени-тамашалау іс-шара.            Қазақстан Республикасының

    ларын, шығармашылық кез.             Қорғаныс министрлігі, Білім

    десулер, ғылыми-практикалық          және ғылым министрлігі

    конференциялар мен

    семинарлар өткізуді

    ұйымдастыру

_________________________________________________________________________

5   Астана қаласындағы          қазан    Қазақстан Республикасының

    Қазақстан Республикасының            Мәдениет, ақпарат және

    Мемлекеттік мұражайында              қоғамдық келісім министрлігі    

    Б.Момышұлына арналған

    экспозицияны ресімдеуді

    ұйымдастыру

_________________________________________________________________________

6   Барлық республикалық,       қазан    Қазақстан Республикасының

    облыстық кітапханаларда              Мәдениет, ақпарат және

    және білім ұйымдарының               қоғамдық келісім министрлігі,

    кітапханаларында                     Білім және ғылым министрлігі

    Б.Момышұлының 90 жылдығына      

    арналған кітап-түрлі-түсті

    сурет көрмелерін ұйымдастыру

_________________________________________________________________________

7   Б.Момышұлының 90 жылдығына  қараша-    Жамбыл облысының, Алматы қаласы.

    арналған жұртшылықтың сал.  желтоқсан  ның әкімдері

    танатты кештерін және             

    Қазақстан Республикасы өнер

    шеберлерінің концерттерін

    өткізуді ұйымдастыру

_________________________________________________________________________

8   "Бауыржан оқуларын", балалар желтоқсан  Жамбыл облысының, Астана және

    мен жастардың шығармашылық              Алматы қалаларының әкімдері,

    жұмыстары конкурсын, әскери             Қазақстан Республикасының

    және еңбек даңқы орындары               Білім және ғылым министрлігі,

    бойынша жорықтар, республи.             Қорғаныс министрлігі

    каның әскери басшыларымен,

    соғыс, еңбек ардагерлерімен,

    республиканың және облыстың

    басқа да белгілі адамдарымен

    кездесулер өткізу

_________________________________________________________________________

9   Б.Момышұлының бейнесі салын.  қазан-    Қазақстан Республикасының

    ған открыткалар, плакаттар,  желтоқсан  Мәдениет, ақпарат және

    пошта маркалары өнімдерін               қоғамдық келісім министрлігі,

    шығаруды ұйымдастыру                    Қазақстан Республикасының Көлік

                                            және коммуникациялар

                                            министрлігі

_________________________________________________________________________

10  Б.Момышұлы атындағы жүлде     қазан     Жамбыл облысының, Алматы

    үшін оқушылар мен студент-              қаласының әкімдері, Қазақстан

    жастардың ұлттық спорт                  Республикасының Туризм және

    түрлері бойынша жарыстарын              спорт жөніндегі агенттігі,

    өткізуді ұйымдастыру                    Қазақстан Республикасының

                                            Білім және ғылым министрлігі

_________________________________________________________________________

11  Балалар мен жастарды         қазан      Қазақстан Республикасының

    әскери-патриоттық рухта                 Мәдениет, ақпарат және

    тәрбиелеу жөніндегі                     қоғамдық келісім министрлігі,

    тақырыпқа, үздік очеркке                Білім және ғылым министрлігі

    конкурс ұйымдастыру

_________________________________________________________________________

12  Б.Момышұлының 90 жыл.        желтоқсан  Қазақстан Республикасының

    дығына арналған іс-шара.                Мәдениет, ақпарат және

    лаларды бұқаралық ақпарат               қоғамдық келісім министрлігі

    құралдарында жариялауды           

    ұйымдастыру

_________________________________________________________________________




Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады