Жол саласының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қазан N 1527. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен. 3-тармақтың 2) тармақшасының және 4-1-тармақтың қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қалпына келтірілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1414 қаулысымен.(P041414)

        Қолданушылар назарына!

      Бұл қаулының күші ҚР Үкіметінің 2004.11.24.  N 1232  қаулысымен жойылған. ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1414 қаулысымен 3-тармақтың 2) тармақшасының және 4-1-тармақтың қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қалпына келтірілді.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Инжиниринг" автомобиль жолдары ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Инжиниринг" автомобиль жолдары ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесiн таратуды жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн: 
      1) "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi туралы ережеде: 
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары болады"; 
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "7-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын соларға қатысты жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы болуға;"; 
      2) "Жол саласын реформалау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 227  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 7, 83-құжат): 
      1-тармақта "1-қосымшаға сәйкес көлiк-коммуникациялар кешенi жүйесiнде, негiзiнде 674 адам санының лимитiмен" деген сөздер "1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық органдары "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының филиалдары мүлкiнiң негiзiнде олардың қызмет етуi үшiн қажетті 280 адам санының лимитiмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақ алынып тасталсын; 
      4-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын ұстау көгалдандыру және ағымдағы жөндеу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындау болып белгiленсiн."; 
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
       Ескерту. 3-тармақтың 2) тармақшасының қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қалпына келтірілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N  1414  қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртіппен: 
      "Қазақавтожол" РМК-ның алдындағы 2000 жылдың қаңтар-сәуiрiндегі автомобиль жолдарын ұстау және басқару жөнiндегі орындалған жұмыстар мен қызметтер үшiн құралған берешектi республикалық бюджетте "Жол жүйесiн республикалық деңгейде пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген қаржы есебiнен өтеудi; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне екi айлық мерзiмде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының тiзбесiн әзiрлеудi және енгізудi;
     осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
     ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.05. N 1809  қаулысымен , 2003.03.07. N 226  қаулысымен.  

      4-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі сатып алынуы стратегиялық ерекше маңызды жұмыстардың жеткізушісі болып белгіленсін. 
      ЕСКЕРТУ. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.07. N 226  қаулысымен.   (ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы   N 226 , 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N  1414   қаулыларымен енгізілген өзгерістер ескерілді).
     4-1-тармақтың қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қалпына келтірілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N  1414  қаулысымен. 

     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 2001 жылға арналған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық мемлекеттiк органдарын қаржыландыруды көздесiн.

     6. Осы қаулы, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 4-тармақты қоспағанда, 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2000 жылғы 14 қазандағы      
N 1527 қаулысына         
1-қосымша             

  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі
Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық мемлекеттік органдарының
Тізбесі

____________________________________________________________________

N             Атауы                         Орналасқан жері  
____________________________________________________________________

1     Ақмола автомобиль жолдарының       Көкшетау қаласы
      облыстық басқармасы

____________________________________________________________________

2     Ақтөбе автомобиль жолдарының       Ақтөбе қаласы
      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

3     Алматы автомобиль жолдарының       Алматы қаласы
      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

4     Атырау автомобиль жолдарының       Атырау қаласы
      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________

5     Шығыс Қазақстан автомобиль         Өскемен қаласы
      жолдарының облыстық 
      басқармасы
____________________________________________________________________

6     Жамбыл автомобиль жолдарының       Тараз қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________

7     Батыс Қазақстан автомобиль         Орал қаласы
      жолдарының облыстық
      басқармасы
____________________________________________________________________
 
8     Қарағанды автомобиль жолдарының    Қарағанды қаласы
      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________
9     Қызылорда автомобиль жолдарының    Қызылорда қаласы
      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________
10    Қостанай автомобиль жолдарының     Қостанай қаласы
      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________
11    Маңғыстау автомобиль жолдарының    Ақтау қаласы
      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________
12    Павлодар автомобиль жолдарының     Павлодар қаласы
      облыстық басқармасы ____________________________________________________________________
13    Солтүстік Қазақстан автомобиль     Петропавл қаласы
      жолдарының облыстық
      басқармасы
____________________________________________________________________
14    Оңтүстік Қазақстан автомобиль      Шымкент қаласы
      жолдарының облыстық
      басқармасы
____________________________________________________________________

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады