Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 қазан N 1534

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Арыс аудандық аумақтық басқармасы мемлекеттiк мекемесi таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған мемлекеттiк мекеменiң таратылуын жүзеге асырсын.
      3. Мынадай мемлекеттiк мекемелер - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық органдары аталған министрлiктiң аумақтық органдарының штат санының бекiтiлген лимитi шегiнде құрылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қапшағай қалалық аумақтық басқармасы;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Приозерск қалалық аумақтық басқармасы.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) құрылған мемлекеттiк мекемелердiң құрылтайшы құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жүйесiнде мемлекеттiк мекемелер құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 24 қыркүйектегi N 1451 P991451_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

 

     көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:

     реттік нөмірі 194-жол алынып тасталсын;

     "Алматы облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-1-жолмен

толықтырылсын:

     "41-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Қапшағай қалалық аумақтық басқармасы";

     "Қарағанды облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі

126-1-жолмен толықтырылсын:

     "126-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Приозерск қалалық аумақтық басқармасы".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады