Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы N 1535 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.21  N 279  Қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 5, 23-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:
      "Алматы қаласы" бөліміндегі "Алма-Ата" деген сөз "Алматы" деген сөзбен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының
Бірінші Президентінің Резиденциясы"
тарихи-мәдени                         Фурманов        тарих
және сәулет кешені                    көшесі, 205     сәулет".

      2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады