"Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 қараша N 1680

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiрудiң тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi N 1095 P001095_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) объектiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасына беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасымен келiсiм бойынша Қоғамның жарғылық капиталын бара-бар азайтып, теңгерiмдiк құны бойынша Қоғамның мүлкi құрамынан объектiлердi шығаруды;
      2) бес жыл iшiнде мына шарттарды сақтап, инвестициялық тендерде 100 пайыз мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн жекешелендiрудi:
      Қоғам қызметiнiң бейiнiн сақтау;
      Қоғам қаражаты есебiнен "Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң Резиденциясы" тарихи-мәдени және сәулет-кешенiн және Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қала сыртындағы резиденциясын (мемлекеттiк тапсырыстан тыс) ұстауға жыл сайын 60 (алпыс) миллион теңге және "Болашақ" балалар бақшасы", "Ақ қайың" балалар бақшасы", "Құлагер" балалар бақшасы", "Тау күнi" балалар сауықтыру лагерi" мемлекеттiк емес мекемелерiн ұстауға жыл сайын 3 (үш) миллион теңге инвестициялауды;
      "Болашақ" балалар бақшасы", "Ақ қайың" балалар бақшасы", "Құлагер" балалар бақшасы", "Тау күнi" балалар сауықтыру лагерi" мемлекеттiк емес мекемелердiң балалар бақшаларын мақсатымен пайдалану;
      Қоғамның "Қарашеңгел аңшылық шаруашылығы" N 6 филиалын және "Қапшағай" резиденциясын оларды тоқтату немесе сату құқығынсыз Қоғам қаражаты есебiнен қаржыландыруды;
      Қоғамның "Арман" N 2 филиалының аумағындағы жаңа коттедждердiң құрылысына кемiнде 2 (екi) миллион АҚШ долларына баламалы соманы инвестициялауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
      3. "Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң Шаруашылық басқармасын "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлiк қоғамы етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 тамыздағы N 822 P980822_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға Қосымшада:

 

     "N 1-5 резиденциялар" деген жолдағы "1-5" деген сандар "1-4" деген

сандармен ауыстырылсын;

     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясы" республикалық

мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны"

     "Панфилов" асыл тұқымды мал зауыты" деген жолдар алынып тасталсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




                                        Қазақстан Республикасы



                                  Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 қарашадағы

                                          N 1680 қаулысына

                                              қосымша



 
 
        "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлiк қоғамының

 

           мүлкi құрамынан шығарылатын объектiлердiң

                          тiзбесi


     1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясы" мекемесi.

     2. Алматы қаласындағы N 5 резиденциясы.

     3.




     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.29. N 1781

              қаулысымен. 


P001781_




Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады