Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 желтоқсан N 1901

      Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі "Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы"

 

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараттарын күрделі

жөндеуге 10(он) миллион теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада 


Z990357_
 


белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды

қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады