"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынау үшін ұшырудың және "Протон-М" зымыран тасығышын пайдалана отырып ғарыш аппараттарын ұшырудың 2001 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 404

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынау

 

үшін ұшырудың және "Протон-М" зымыран тасығышын пайдалана отырып ғарыш

аппараттарын ұшырудың 2001 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды

(бұдан әрі - Қорытынды) бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қорытындыны

Ресей Тарапына дипломатиялық арналар бойынша жіберсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                               Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                 2001 жылғы 29 наурыздағы

                                N 404 қаулысымен бекітілген


          "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынау үшін

         ұшырудың және "Протон-М" зымыран тасығышын пайдалана

        отырып ғарыш аппараттарын ұшырудың 2001 жылға арналған

                          жоспарлары бойынша

                              Қорытынды



 
       Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы нотасында ұсынылған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру жоспарлары бойынша қосымша ақпаратты қарай келіп Қазақстан Республикасының Үкіметі:

 

     сынау үшін ұшырудың 2001 жылдың І жартыжылдығына арналған жоспарымен;

     "Протон-М" зымыран тасығышын және "Бриз-М" үдеткіш блогын олардың ұшу

сынақтары кезеңінде мемлекеттік экологиялық сараптаудан өткізуді

ұйымдастыру туралы келісімге" қол қойған және қазақстандық мамандардың

аспаптық бақылау және экологиялық сараптау жүргізуге қатысуы жағдайында

"Протон-М" зымыран тасығышын пайдалана отырып ғарыш аппараттарын ұшыру

жоспарымен келіседі.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады