2001 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 наурыздағы N 419 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған 2001 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2001 жылғы 30 наурыздағы
N 419 қаулысымен   
бекітілген     

2001 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік
іссапарларға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 2001 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды.
      Ереженің күші "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267-1 Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1 тармағының 3) тармақшасымен реттелген шетелдік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебінен шетелдік қызмет бабындағы сапарларына қолданылмайды.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 41 "Шетелдік іссапарлар" республикалық бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде республикалық бюджеттің есебінен қамтамасыз етілетін немесе мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларына байланысты шетелдік іссапарларға арналған қаражатты пайдалану, 39 "Мемлекеттік шекараны делимитациялау" және 40 "Мемлекеттік шекараны демаркациялау" бағдарламалары бойынша іссапарға жіберу республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мен шекарааралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі үкіметтік делегацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін құрылған делегация үкіметтік делегация болып табылады.

 
2. Шетелге іссапарға бөлінетін республикалық бюджеттің
қаражатын пайдаланудың тәртібі

 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ай сайын белгіленген тәртіппен, тиісті айға республикалық бюджет шығыстарының тізімдемесіне сәйкес сомалардың шегінде 41 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне көзделген шығыстарды қаржыландырудың лимиттерін бөледі.
      5. Бөлінген қаражатын аударуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Астана қаласының Қазынашылық басқармасында валюталық есепшот (қолма-қол есеп айырысуға арналған) ашады.
      6. Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалында бюджет ақшасын АҚШ долларына аударуды жүргізеді және оларды жоғарыда көрсетілген валюталық есепшотқа есептейді.
      7. Әрбір айдың 10-на дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті айдың жоспарлы тағайындауларына баламалы сомада, келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған өтінімді Астана қаласының Қазынашылық басқармасына жолдайды.

3. Шетелге іссапарға жіберілетін, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органдардың лауазымды  тұлғаларына валюталық қаражатты бөлудің тәртібі

      8. Шетелдік іссапарларды қаржыландыру туралы, республикалық бюджеттің есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органның жазбаша өтініші негізінде (бұдан әрі - өтініш), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2001 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражаттың көлемін және тиісті іс-шараларға қатысудың орынды екендігін назарға ала отырып, шетелдік іссапарға қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.
      Өтініш іс-шараларды өткізуге дейін, кемінде он бес жұмыс күн бұрын мерзімде ұсынылады және онда шетелдік іссапардың мақсаты мен мерзімі қамтылуы тиіс.
      9. Шетелдік іссапарға қаражат бөлу туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен ресімделеді.
      10. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері мен үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларына байланысты шет елдік іссапарларға қаражат бөлу, 39 "Мемлекеттік шекараны делимитациялау" және 40 "Мемлекеттік шекараны демаркациялау" бағдарламалары бойынша іссапарға жіберу республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мен шекарааралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі үкіметтік делегацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімдері негізінде жасалады.
      11. Іссапарлық шығыстарға арналған қаражатты бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қолма қол шетелдік валютаны алуға арналған сенімхатты беру үшін іссапарға жіберілетін адамдарды көрсете отырып, Астана қаласының Қазынашылық басқармасына хат жолдайды. Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хатында көрсетілген адамға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған сенімхатты береді.

4. Есеп беру

 
      12. Шетелдік іссапарларға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
      13. Шет елге іссапарға жіберілген тұлғалар іссапар мерзімі өткеннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде іссапарлық сомаларды пайдаланғаны туралы аванстық есепті мынадай құжаттармен қоса ұсынуы міндетті:
      1) тұрғын үй-жайды жалдағаны жөніндегі түбіртек;
      2) екі жаққа жол жүргені (таксиді қоспағанда) жөніндегі билет;
      3) делегация басшысы немесе оның орынбасары растаған, болған еліндегі автокөлік құралдарын жалға алуға арналған шот;
      4) делегация басшысы немесе оның орынбасары растаған, халықаралық қызмет бабында сөйлескені үшін шот;
      5) шетелдік төлқұжаттың көшірмесі;
      6) іссапарлық куәліктің көшірмесі.
      14. Іссапарлық валюталық қаражаттың пайдаланылмаған қалдығын есеп беруші тұлға 3 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген валюталық шотқа қайтаруы тиіс.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады