Алматы қаласында 2001 жылғы 25-27 сәуiрде Еуразиялық көлiк дәлiзiн дамыту жөнiнде көлiк ведомстволары мен кеден қызметтерi басшыларының бiрлескен кеңесiн өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 сәуір N 463

      Қазақстанның транзиттiк әлеуетiн пайдалану жөнiндегi жұмысты жандандыру, сондай-ақ Беларусь Республикасы, Германия Федеративтiк Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Польша Республикасы, Ресей Федерациясы, басқа да мүдделi мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың көлiк ведомстволары мен кеден қызметтерiнiң басшыларын Еуразиялық көлiк дәлiзiн ұйымдастыру және дамыту жөнiндегi қызметтi үйлестiруге тарту үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алматы қаласында 2001 жылғы 25-27 сәуiрде Беларусь Республикасының, Германия Федеративтiк Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Польша Республикасының, Ресей Федерациясының көлiк ведомстволары мен кеден қызметтерi басшыларының бiрлескен кеңесiн (бұдан әрi - Кеңес) бюджеттiк қаржыландыру қаражатын тартусыз өткiзуiне келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен және "Қазақстан инвестицияға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп Кеңестi өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген

 

тәртiппен Кеңеске қатысушыларға кiру және шығу құжаттарын ресiмдеуде көмек

көрсетсiн.

     4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникациялар министрлігіне және Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады