"Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 502

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық

Қоғамдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық

туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                            Жоба


                  Қазақстан Республикасының Заңы


       Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі

      Еуропалық Қоғамдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік

    саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы


     1-бап. 1999 жылғы 19 шілдеде Брюссель қаласында жасалған Қазақстан

Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық арасындағы

ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

     2-бап. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


       Қазақстан Республикасы және Атом энергиясы жөніндегі

      Еуропалық Қоғамдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік

            саласындағы ынтымақтастық туралы келісім



 
       Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - Қазақстан) бір жағынан, және Атом энергиясы жөніндегі Еуропа қауымдастығы (бұдан әрі - Қауымдастық) екінші жағынан, бұдан әрі сәйкес Тарап немесе Тараптар деп аталатын,
 
      Қазақстан және Еуропа қауымдастықтары және олардың Мемлекет- Мүшелері 1995 жылғы 23 қаңтарда Әріптестік пен Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойғандығын ескертіп;
 
      Қазақстан және Қауымдастықтың Мемлекет-Мүшелері ядролық қаруды таратпау туралы Келісімнің қатысушыларды және Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттіктің мүшелері болып табылатындығын ескертіп;
 
      Еуропа қауымдастығының Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия), басқа міндеттерінің ішінде радиациядан қорғаудың негізгі стандарттарын айқындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету, Қауымдастық деңгейінде радиация жөнінде мәліметтерді жинау мен бақылауға жауапты екенін ескертіп;
 
      Қоршаған ортаны қорғау және осыған байланысты Қауымдастық деңгейінде үшінші тараптармен ынтымақтастық маңызды роль атқаратындығын ескертіп;
 
      Комиссия Қауымдастықтың ядролық қауіпсіздік саласында, соның ішінде реактор қауіпсіздігін зерттеу; радиациядан сақтау; қалдықтарды басқару мен пайдаланудан шығару және ядролық қондырғыларды бөлшектеу, сондай-ақ ядролық материалдарды пайдалану саласында зерттеу бағдарламасын жүзеге асырады және осы мәселелер бойынша ядролық қауіпсіздіктің халықаралық қабылданған қағидаттары және басқаруға оларды жақындату мақсатымен үшінші елдермен ғылыми және технологиялық ынтымақтастықты дамыту ойларын ескере отырып;
 
      Қазақстанда зерттеу атом электр станцияларының қауіпсіздігін жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу және конструкторлық бағдарламасының бөлігі ретінде қауіпсіздікті күшейту үшін пайдалану мүмкіндігін атом электр станциясы мен үш зерттеу реакторы жұмыс істейтінін ескере отырып;
 
      Қазақстандағы ядролық қауіпсіздігі аясындағы реттеу қызметі қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарды негізге ала отырып, қоршаған ортаны және тұрғындарды тұтас қорғауға, сондай-ақ қызметкерлерді радиациядан сақтауға көзделгендігін ескертіп;
 
      Қазақстанның және Қауымдастықтың энергетикалық мүдделерін

 

қанағаттандыруға қосылатын келешектегі үлесі ядролық қауіпсіздікке қатысты

жоғарыда айтылған мәселелерге, экономиканың әртүрлі қажетті энергия

көздеріне халықтың қоршаған ортаға талабын қанағаттандырарлық жауап алуға

байланысты екенін мойындай отырып;


     Қазақстан және Қауымдастықпен қарастырылған ядролық қауіпсіздік

жөніндегі бірлескен жұмыстардың түрлі нысандарын ескере отырып,


     төмендегі туралы келісті:


                         1-бап


     Осы Келісім бойынша Ынтымақтастық тек бейбітшіл мақсатта көмектесуге,

ядролық қауіпсіздікті күшейтуге, соның ішінде ядролық қауіпсіздіктің

халықаралық қабылданған және ғылыми негізделген нормаларын пайдалану және

айқындау өзара мүдделі негізде жүзеге асырылады.


                         2-бап


     Тараптар төменде жазылған салалардағы ынтымақтастықты жүзеге асыру

үшін бар күшін салады:


     (а) Реактордың қауіпсіздігін зерттеу



 
       Қауіпсіздік мәселелерін қарау және талқылау, ядролық қауіпсіздікті күшейтудің тиісті тәсілдерін айқындау, солардың ішінде зерттеу мен дамыту негізінде, сондай-ақ жұмыс істейтін және жоспарланудағы ядролық реакторларды бағалау.
 
      (в) Радиациядан қорғау
 
      Зерттеу, реттейтін аспектілер, қауіпсіздік нормаларын даярлау, жариялау, профессионалдық дайындық және оқыту, радиоактивті аймақтардың қалпына келуі мен аз мөлшердегі сәулелердің әсер етуін зерттеуге ерекше көңіл бөлу қажет, кәсіптік және медициналық кеңестер және сәулеленуден

 

кейінгі жағдайды басқару.


     (с) Ядролық қалдықтарды қолдану


     Геологиялық көмулерді бақылау және оңтайландыру, ұзақ мерзімді

қалдықтарды қолданудың ғылыми аспектілері және алаңдарды қалпына келтіру

стратегиясы.


     (d) Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару, тоқтату және

демонтаждау


     Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару, тоқтату және демонтаждау

стратегиясы, айқындай келе, радиологиялық аспектілер.


     (е) Ядролық материалдардың таралмауының кепілдерінің жүйелерін

зерттеу және дамыту


     Ядролық материалдарды өлшеу тәсілдерін бағалау мен дамыту және

кепілдері қолдану кезіндегі нысанды материалдардың сипаттамасы және

ядролық материалдарды есептеу және бақылау жүйелерін даярлау.


     (f) Ядролық материалдарды заңсыз сатуға жол бермеу


     Ынтымақтастық ядролық материалдарды қадағалау тәсілдері және

әдістерін жетілдіру мақсатында жүзеге асырылады.


                         3-бап


     1. Ынтымақтастық төмендегі жолдармен жүзеге асырылады:


     - есеп беру, кездесулер, семинарлар, техникалық мәжілістер арқылы

техникалық ақпараттармен алмасу;



 
       - жұмысшы персоналмен алмасу, соның ішінде екі тарапта да қатысушы органдармен және/немесе лабораториялармен оқыту мақсатында алмасу; мұндай ынтымақтастық Тараптардың тиісті аймақтарында құрылған мекемелер және тұлғалар арасында жүзеге асырылуы мүмкін;
 
      - эксперименттік мақсаттар үшін үлгілермен, материалдармен, құралдармен және аппаратуралармен алмасу;
 
      - бірлескен оқуларда және қызметте теңдей қатысу.
 
      2. Бірлескен қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асырудың шарттарын, мерзімін, көлемін айқындайтын келісімдер қажетті мөлшерде айтылған қызметті жүзеге асыруға Тараптардың кез келгені өкілетті бола алатын Тараптармен және/немесе органдармен жасала алады.
 
      Мұндай келісімдерде барлық талаптардың ішінде қаржы шарттары, басқару функцияларының сипаттамасы қатысты болады және ақпараттарды жариялауға және парасат меншігі құқығына қатысты нақты ережелер болуы мүмкін.
 
      3. Қызметтердің қайталануына жол бермеу мақсатымен Тараптар осы

 

Келісім бойынша өз қызметін қатысушы болып табылатын ядролық

қауіпсіздікпен байланысты басқа халықаралық қызметтермен үйлестіреді.


                         4-бап


     1. Осы Келісім бойынша әрбір Тараптың міндеттемелері қажетті

қаражаттардың болуы ескеріле отырып орындалады.

     2. Ынтымақтастықтан болатын шығындардың барлығын оларды жасаған

Тараппен жабылады.

     3. Өнеркәсіптік қызметті қаржыландыру осы Келісім көлемінен алынып

тасталынады.


                         5-бап


     1. Осы Келісім Атом Энергетикасы жөнінде Еуропа Қауымдастығын құрған

Келісім қолданылатын территорияларда қолданылады.


 
       2. Осы Келісім бойынша Ынтымақтастық әрекеттегі заңдар мен нормаларға, сондай-ақ Тараптар арасында жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Әрбір Тарап қолданыстағы заңдар мен нормалар шеңберінде тұлғалардың іссапарына, материалдар мен жабдықтарды тасымалдауға және ынтымақтастықты жүзеге асыруға қажетті валютаны аударуға байланысты нысандылықты орындауды оңайлатуға бар күшін салады.
      4. Осы Келісімді орындау барысында болған шығындардың өтемі

 

қолданыстағы заңдар мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.


                         6-бап


     Ақпараттарды және парасат меншігін, соның ішінде осы Келісім бойынша

ынтымақтастыққа байланысты, өндіріс меншігін, патенттер және авторлық

құқықты қолдану және тарату осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын

Қосымшаларға сәйкес болады.


                         7-бап



 
       Тараптар осы Келісім бойынша пайда болатын барлық мәселелерді қолданыстағы заңдар мен нормаларын ескере отырып олардың арасында өзара кеңес жолымен шешу үшін бар күшін салады.
 
                          8-бап
 
      1. Үйлестіру Комитеті екі Тараппен де тең мөлшерде тағайындалатын мөлшерден тұрады, ол осы Келісімді орындауды басқаруды жүзеге асыру мақсатында құрылады.
      2. Үйлестіру Комитеті қажетінше Қауымдастықта, болмаса Қазақстанда әрдайым мәжілістерді:
      - осы Келісім бойынша ынтымақтастықты шолу және бағалау және олар жөнінде жылдық есеп дайындау үшін;
      - осы Келісім бойынша жүзеге асырылатын жеке мәселелерді Тараптардың шешімдерінің қабылдануының дербестігіне зақымдамастан олардың сәйкес бағдарламалары бойынша өзара келісу үшін жүргізеді.
      3. Төтенше мәжілістер өзара келіскен жағдайда ерекше мәселелерді немесе жеке мән-жайларды талқылау үшін жүргізілуі мүмкін.
 
                          9-бап
 
      1. Осы Келісім Тараптар ол күшіне енуі үшін дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен айқындалған уақытта күшіне енеді және оған қол қойған сәттен бастап он жыл ішінде күшінде болады.
      2. Бұдан әрі Тараптардың кез келгені жазбаша түрде Келісімнің тоқтауын немесе Келісім мерзімінің аяқталуына дейін алты ай бұрын қайта қарауды талап етпесе осы Келісім бірден келесі бес жылға созылады.
      3. Тоқтатылған немесе қайта қаралған жағдайда осы Келісім қайта қарау

 

және тоқтатуды талап етуден бұрын жүзеге асырылған ынтымақтастыққа қатысты

және осындай ынтымақтастықтың және сәйкес келісімдердің аяғына дейін

немесе осы Келісімнің аяқталған сәтінен бастап тізбекті бір жыл ішінде

өзінің алғашқы түрінде, қайсы ерте болатынына қатысты алғашқы түрінде

күшінде болады.

     4. Осы Келісімді тоқтату 6-бап бойынша міндеттемелер мен құқықтарға

әсер етпейді.


                         10-бап


     Осы Келісім екі данада қазақ, дат, голланд, ағылшын, фин, француз,

неміс, грек, итальян, португал, орыс, испан және швед тілдерінде жасалады.

Осы тілдердегі Келісім мәтіні бірдей күшке ие.


     1999 жылдың 19 шілде күні Брюссель қаласында жасалған.


     Қазақстан Республикасы               Атом энергиясы жөніндегі

             үшін                         Еуропа Қауымдастығы үшін


                                                         1 қосымша


                  Ядролық энергияны бейбітшіл пайдаланудағы

               ынтымақтастық туралы Келісім бойынша бірлескен

                зерттеулерге қатысты парасат меншігі* құқығын

                        берудің негізгі қағидаттары


     І. Құқық меншігі. Құқық беру және қолдау



 
       1. Осы Келісім бойынша жүргізілетін барлық зерттеулер "бірлескен зерттеулер" болып табылады. Қатысушылар бірлесе бірлескен зерттеулер барысында жасалатын ақпараттар мен Парасат Меншігін (ПМ) жариялауды қосқанда, иелену мен пайдалануға қатысты технологияларды басқару жоспарын (ТБЖ)** даярлайды. Мұндай жоспарлар Тараптардың ынтымақтастық туралы кез келген олар қатысатын шарттардың аяқталуына дейін бекітіледі. ТБЖ-ы бірлескен зерттеулердің мақсаттары, қатысушылардың тиісті жарналары, аумақтар немесе пайдаланылатын жерлер бойынша лицензиялаудың кемшіліктері мен артықшылықтары, қолданыстағы заңдармен бекітілген талаптар және қатысушылар қажетті деп санаған басқа факторлар ескеріле отырып даярланады. Іссапарланған зерттеушілердің ПМ қатысты зерттеулеріне байланысты құқықтары мен міндеттемелері, сондай-ақ технологияларды басқару бірлескен жоспарларда сипатталады.
      _____________________
      * - Осы Басқарма Қағидаттарында қолданылатын анықтамалар ІІ Қосымшада сипатталған.
      ** - Осындай ТЖБ-ын жеке сипаттамалары ІІІ қосымшада көрсетілген.
 
      2. Бірлескен зерттеу процестерінде алынған немесе құрылған және технологияларды басқару жоспарында ескерілмеген ПМ немесе ақпарат технологияларды басқару жоспарында айтылған қағидаттарға сәйкес Тараптардың келісімімен таратылады. Рұқсат берілмеген жағдайда осындай ақпарат немесе ПМ бірлескен зерттеумен айналысатын және оның барысында пайда болатын ПМ немесе алынатын ақпарат, барлық қатысушылардың бірлескен меншігінде болады. Әрбір осы ережеге қатысты қатысушы осындай ақпаратты немесе ПМ өзінің өзіндік коммерциялық пайдалануына ешқандай географиялық шектеулерсіз қолдана алады.
      3. Әрбір Тарап осы қағидаттарға сәйкес басқа Тарап немесе оның қатысушылары оларға берілген ПМ құқығын иеленуін қамтамасыз етеді.
      4. Осы Келісім әрекетіне кіретін аймақтардағы бәсекелестікке байланысты әрекеттерде әр Тарап осы Келісім әрекетіне қатысты құқықтар төмендегілердің орындалуына көмек беретін болып іске асыруға күшін жұмсауға, жекелеп айтқанда:
      (i) осы Келісім бойынша алынған немесе басқа жолмен рұқсат етілген ақпараттарды пайдалану немесе таратуға;
      (іі) халықаралық стандарттарды қабылдау және қолдануға.
 
      II. Авторлық құқықтар
 
      Тараптарға немесе олардың қатысушыларына тиісті авторлық құқықтар Берн Конвенциясына сәйкес берілуі тиіс (Париж Акті 1971 ж.).
 
      ІІІ. Ғылыми шығармашылық жұмыстар
 
      Зерттеу нәтижелерін жариялау IV бөлімге зиян келтірілмей. Егер ТБЖ-а өзге қарастырылмаса, осындай бірлескен зерттеудің қатысушыларымен немесе Тараптармен бірлесе жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған жалпы ережелерді ескере отырып төмендегі ережелер қолданылады:
      1. Тараппен немесе осы Тараптың мемлекеттік органымен осы Бапқа сәйкес бірлескен зерттеуге байланысты ғылыми немесе техникалық журналдарды, мақалаларды, есептерді, кітаптарды жария ету, соның ішінде видео және бағдарламалық қамсыздандыру болған жағдайда, басқа Тараптың осындай жұмыстарды дүние жүзінде ақиқат эксклюзивті емес, ескерілмеген, роялтиден, аудармадан, өрістету, қабылдау, беру және жариялаудан бос лицензияға құқы бар.
      2. Осы Келісімге сәйкес Тараптар бірлескен зерттеу барысында пайда болатын ғылыми сипаттағы дербес баспагерлермен жарияланған шығармашылық жұмыстардың мүмкіндігіне оқырмандардың барынша кен көлемі арасында таратылуын қамтамасыз етеді.
      3. Авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстардың жарияланатын және осы ереже бойынша даярланған барлық көшірмелері автордың (авторлардың) атын көрсетуі тиіс, егер тек автор немесе авторлар өздерінің (өзінің) аттарын жазуға айқын қарсыластық білдірмесе. Оларда, сондай-ақ Тараптардың анық бірлескен қолдауының растауы болуы тиіс.
 
      IV. Жарияланбаған ақпарат
 
      А. Құжат түрінде жарияланбаған ақпарат
 
      1. Әр Тарап немесе оның қатысушысы тиісті түрде мүмкіндігінше ертерек мерзімде және технологияларды басқару жоспарында осы Келісімге қатысты ақпаратты жарияланбаған түрде қалдыруына өздерінің немесе өзінің ықыласын білдірсе, басқа талаптардың ішінде төмендегі өлшемдерді айқындайды:
      - ақпараттың құпиялылығы, яғни, шығарма ретінде немесе өзінің компоненттерінің ансамблінде немесе дәл конфигурациясындағы ақпарат сәйкес зерттеу саласындағы сарапшыларға заңды жолмен белгілі немесе рұқсат берілген болып табылмайды;
      - құпиялылыққа негізделген нақты немесе әлеуетті коммерциялық құнды ақпарат;
      - ақпаратты алдын-ала қорғау, яғни, оның құпиялылығын қолдайтын адамдармен мән-жайға байланысты ақылға сыйарлық шараларды жасау.
      Тараптар және қатысушылар жеке жағдайларда, егер өзге қарастырылмаса, осы Келісім бойынша бірлескен зерттеу кезінде алынған немесе ауыстырылған, ұсынылған ақпараттың барлығы немесе бөлігі жарияланбайды деп келісе алады.
      2. Әр Тарап осы Келісім бойынша жарияланбаған ақпарат және оның ерекше сипаттамасы басқа Тараппен осындай деп танылуын тиісті таңбамен немесе шектейтін қысқаша жазба жолымен қамтамасыз етеді. Осы мәлімет жоғарыда айтылған ақпаратты, бүтіндей немесе оның бөлігін кез келген жариялауға қатысты.
      Жарияланбаған ақпаратты алған Тарап Келісімге сәйкес оның ерекше сипатын сыйлайды. Осындай ақпарат иеленушімен шектеусіз зерттеу саласындағы сарапшыларға жарияланған болатын болса, осы шектеулер бірден тоқтатылады.
      3. Осы Келісім бойынша жарияланбаған ақпарат алушы Тараппен алушы Тараптың тұлғаларына немесе онда жұмыс істеуші адамдарға, және басқа коммерциялық қарарларға немесе алушы тараптың агенттіктеріне, жүргізілетін бірлескен зерттеулердің арнайы мақсаттары үшін уәкілдерге кез келген жарияланбаған ақпаратты беру құпиялылық туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылуы тиісті және мұндай ақпарат жоғарыда айтылғандай танылуы тиісті болған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Осы Келісім бойынша жарияланбаған ақпаратты беретін Тараптың алдын-ала жазбаша келісіммен алушы Тарап осындай жарияланбаған ақпаратты 3-параграфпен қарастырылған тұлғалар көлемінде бере алады. Тараптар бірлесе отырып осындай барынша кең көлемдегі жариялауға жазбаша түрде алдын ала келісім алудың және талап етудің тәртібін даярлайды және әрбір Тарап осындай растауды, оның ішкі саясаты, нормалары және заңдармен берілетін мүмкіндігінше мақұлдау береді.
 
      Б. Құжатталмаған жарияланбаған ақпарат
 
      Осы Келісім бойынша жүргізілетін семинарларда және басқа мәжілістерде ұсынылған Құжатталмаған жарияланбаған ақпарат немесе басқа құпиялы немесе ерекше ақпарат немесе лауазымға тағайындауға байланысты, құралдарды және бірлескен жобаларды пайдалануға байланысты алынған ақпарат Тараптармен немесе олардың қатысушыларымен Келісімде құжаттамалық ақпарат үшін айқындалған қағидатқа сәйкес қолданылады, бірақ, мұндай ашылмаған немесе басқа құпиялы немесе ерекше ақпаратты алушы осындай ақпаратты талқылау барысында алынған ақпараттың құпиялы сипаты туралы хабардар болған шартта қолданылады.
 
      В. Бақылау
 
      Әрбір Тарап осы Келісім бойынша алған жарияланбаған ақпараттың онда қарастырылған тәсілмен бақылануын қамтамасыз етуге бар күшін салады. Егер бір Тарапқа А және Б параграфтары бойынша жарияламау туралы ережелерді орындай алмайтыны туралы белгілі болса немесе түсінуінше күтетін болса, ол бұл туралы басқа Тарапты тез арада хабардар етеді. Содан кейін Тараптар әрекеттердің тиісті бағытын анықтау үшін кеңестер жүргізеді.
 

                                               2 қосымша



 
 
                            Анықтамалар
 
      1. Парасат меншігі - Конвенцияның 2-Бабында берілген, Парасат Меншігі жөніндегі Дүниежүзілік Ұйым құрған. Стокгольмде 1967 жылы 14 маусымда қол қойылған, мағынаны білдіреді.
      2. Қатысушы: осы Келісім бойынша жобада қатысатын кез келген жеке адам немесе заңды ұйым, соның ішінде тараптардың өздерін қоса есептегенде.
      3. Бірлескен зерттеулер: тараптардың бірлескен жарналары есебінен қаржыландырылатын және/немесе жүргізілетін зерттеулер және қажет болған жағдайда Тараптардың екеуінің де қатысушыларының ынтымақтастығы барысындағы зерттеулер.
      4. Ақпарат бірлескен зерттеу процесінде алынған немесе даярланған ғылыми немесе техникалық мәліметтер, зерттеудің нәтижелері немесе әдістері, өңдеулер, және Бірлескен зерттеумен айналысушы Тараптар және/немесе қатысушылар осы Келісім бойынша ұсынуға немесе алмасуға немесе оған сәйкес зерттеуге қажетті деп санаған кез келген басқа ақпараттар.
 

                                                3 қосымша



 
 
            Технологияларды басқару жоспарының ерекше сипаттамалары
                                  (ТБЖ)
 
      ТБЖ қатысушылар арасында бірлескен зерттеулерді жүргізу және қатысушылардың тиісті құқықтары және міндеттемелері туралы жасалатын арнайы келісім болып табылады. Парасат Меншігі құқықтарына қатысты ТБЖ басқалардың арасында мыналарды қамтиды: меншік иелену, қорғау, зерттеу мақсатындағы пайдаланушылардың құқықтары, пайдалану және жариялау, соның ішінде бірлескен жарияланымдарды ұйымдастыру, іссапардағы зерттеушілердің құқықтары мен міндеттемелері және дауларды шешу тәртібі. ТБЖ-да, сондай-ақ құжаттарды алудың, лицензиялаудың, алғашқы әрекеттерге қатысты ақпараттары болуы мүмкін.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады