2001 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 504

      2001 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау әрі кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының, қылмыс жасауының және қадағалаусыз қалуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
      1) жергілікті бюджеттерде балалармен мәдени іс-шаралар өткізуге арнап көзделген қаражат, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектер тарту есебінен 2001 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырсын және өткізсін;
      2) 2001 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөнінде облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
      3) барлық лагерь мен демалыс аймағы есебін жүргізсін, бос және иесіз лагерьлердің болуына жол бермей, оларды толық пайдалану шараларын қабылдасын;
      4) облыстардың, қалалардың және аудандардың ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан демалысқа сұраныстарын ескере отырып, 2001 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуы бағдарламаларын әзірлесін және бекітсін;
      5) бірінші кезекті тәртіппен жетім балалардың, ата аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, нысаналы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылар, көп балалы, толық емес отбасылар балаларының, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, мүгедек балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
      6) балалар мен жасөспірімдердің күндіз болатын сауықтыру лагерьлері желісін дамытуға жәрдемдессін;
      7) жалпы білім беретін мектептер, мектептен тыс ұйымдар жанындағы лагерьлерді, еңбек және демалыс лагерьлерін, мектеп орманшылығын ұйымдастырсын;
      8) еңбек заңнамасына сәйкес каникул кезеңінде жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды, олар үшін жеңіл еңбек бойынша уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
      9) жазғы каникул кезеңінде барлық мектептен тыс ұйымдарда үйірмелер жұмысын қамтамасыз етсін;
      10) балалардың өмірі мен денсаулығын, олардың судағы қауіпсіздігін, сондай-ақ балалар сауықтыру ұйымдарында өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
      1) мәдениет ұйымдарының жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдер жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын өткізуге қатысуын қамтамасыз етсін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдер жазғы демалысына, сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуына әзірлік пен оларды өткізу барысын көрсетсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
      1) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және балалар сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) жазғы каникул кезеңінде жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын төмендететін алдын алу шараларын қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі:
      1) балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге спорт ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсін;
      2) балалар мен жасөспірімдер үшін спорттық-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі:
      1) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін тексеруді ұйымдастырсын, олар орналасқан жерлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін;
      2) балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетудің, оларды тамақтандыру мен сауықтырудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі оқушылардың жазғы каникулы басталғанға дейін балалар демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру орындарының өртке қарсы жай-күйін тексеруден өткізсін, олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

 

бағытталған шаралар әзірлесін.

     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім

және ғылым министрлігіне жүктелсін.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады