Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 мамыр N 606

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының Z000131_ 16-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебінен Алматы облысының әкіміне 530 (бес жүз отыз) миллион теңге, оның ішінде:
      облыстық әкімият ғимаратын жөндеуге - 145 (жүз қырық бес) миллион теңге;
      Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратқа көшірілетін Талдықорған қаласының қалалық мемлекеттік органдарына жиһаз сатып алуға - 18 (он сегіз) миллион теңге;
      Жансүгіров атындағы көшеде орналасқан Политехникалық лицейдің жатақханасын жөндеуге, қайта жаңартуға, сондай-ақ ол үшін жиһаз, жұмсақ мүкәммал және жабдықтар сатып алуға - 140 (жүз қырық) миллион теңге;
      кемінде 200 пәтер сатып алуға және оларды жөндеуге 92 (тоқсан екі)

 

миллион теңге;

     48 пәтерлі аяқталмаған екі үйдің құрылысын аяқтауға - 135 (жүз отыз

бес) миллион теңге бөлсін;

     бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

     2. Алматы облысының әкімі 2001 жылғы 1 маусымға дейін осы қаулының

1-тармағына сәйкес бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы Қазақстан

Республикасының Үкіметіне тәптіштелген есеп тапсырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.    






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады