Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің он төртінші мәжілісін дайындау және оны өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 мамыр N 672

      2001 жылғы 12-15 маусым кезеңінде Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің (бұдан әрі - Үкіметаралық кеңес) он төртінші мәжілісін дайындау және оны өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп Үкіметаралық кеңестің мәжілісін дайындау және оны өткізу жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) ТМД-ның делегация мүшелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету жөнінде қажетті шараларды қабылдасын, оларға көлікпен қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдауды ұйымдастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелерінің келу және кету құжаттарын белгіленген тәртіппен ресімдесін және Үкіметаралық кеңестің мәжілісін өткізуге арналған шығыстардың 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі делегация

 

мүшелерінің әуежайда, тұратын және болатын орындарында, сондай-ақ жүру

бағыттарындағы қауіпсіздігін және бірге жүруді қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Экономика және сауда министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады