"Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 маусым N 814

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 


     1. "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 


Z970098_



Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі  


                                                            Жоба


                     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


        "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының

            Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы



 
       1-бап. "Мемлекеттiк статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Z970098_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2001 жылғы 2 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының валюталық реттеу мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Z010154_ Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1. Кiрiспеде "орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. 1 және 2 баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
      Заң, меншiк нысандары мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне, Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - заңды тұлғалар), сондай-ақ жеке тұлғаларға қолданылады әрi Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық және экологиялық (бұдан әрi - әлеуметтiк-экономикалық) салаларында болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер жинаудың, өңдеудiң және таратудың негізгi принциптерiн айқындайды.
      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      мемлекеттiк статистика - мемлекеттiк статистика органдары құрайтын бiрыңғай статистикалық жүйе;
      статистикалық байқау - әлеуметтiк-экономикалық өмiрдiң құбылыстары мен процестерi туралы деректердi алдын ала әзiрленген бағдарлама бойынша тiркеу жолымен жоспарлы түрде ғылыми ұйымдастырып жинау. Мемлекеттiк статистикалық байқау жалпымемлекеттiк және ведомстволық байқаудан тұрады;
      жалпымемлекеттiк статистикалық байқау - уәкiлетті орган жүргiзетін байқау;
      ведомстволық статистикалық байқау - мемлекеттiк органдар жүргізетін байқау;
      мемлекеттiк статистикалық байқаудың тұрпаттары - мемлекеттiк статистикалық есептiлiк беру және арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау;
      мемлекеттiк статистикалық есептiлiк - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқау, бұл ретте заңды және жеке тұлғалар хабарланатын мәлiметтердiң берiлуi мен растығына жауапты адамдар қол қойған есептердi статистика органдарына белгiленген тәртiппен ұсынады;
      арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқау, бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау берiлген есептер негiзiнде емес, басқа тәсiлдермен жүзеге асырылады. Бастапқы статистикалық ақпаратты жинау тәсiлi бойынша сауалдамалық, мәлiмдемелiк, корреспонденттiк және инспекциялық бақылау, есепке алу және санақ жүргiзу болып бөлiнедi;
      статистикалық байқау бағдарламасы - байқау жүргiзудiң мақсаты мен мiндеттерi, деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткiштердiң (сұрақтардың) тiзбесi, оларды есептеп шығарудың нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы және басқа (бұдан әрi - статистикалық нысандар) түрiнде ұсынылатын әдiстемесi және статистикалық байқау жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар;
      уәкiлеттi орган - мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асырушы өкiлеттiгі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын орталық атқарушы орган;
      статистикалық қызмет - қоғамдағы жаппай сипаты бар құбылыстар туралы сандық деректердi статистикалық стандарттар негiзiнде жинаумен, өңдеумен және таратумен байланысты қызмет;
      тарату - құпия емес статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың ол ақпаратты пайдалануының нысандары мен құралдарына қарамастан оған қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      Статистикалық жұмыстар жоспары - Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру бағдарламасы негiзiнде әзiрленген уәкiлеттi орган ұйымдастыратын мемлекеттiк статистикалық байқау мен басқа да статистикалық жұмыстардың толық тiзбесi;
      бастапқы статистикалық ақпарат - статистикалық байқау жүргiзген кезде мемлекеттiк статистика органы статистикалық мақсаттарда пайдалану үшiн ұсынған нақты заңды немесе жеке тұлға туралы деректер.".
      3. 3-бапта:
      үшiншi және төртiншi бөлiмдер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Статистика саласындағы мемлекеттiк саясат әдiснамалық тұтастық және орталықтандыру, яғни мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн уәкiлеттi органның үйлестiруi әрi жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың ведомстволықтан басым болуы принциптерiне негiзделеді.
      Заңды тұлғалардың және заңдарда белгiленген жағдайларда жеке тұлғалардың бастапқы статистикалық ақпаратты беруi мiндеттi болып табылады әрi өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк статистикалық байқаулардың жалпы санын Қазақстан Республикасының Yкiметi Статистикалық жұмыстар жоспарын жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiң нысандарының тiзбелерiн бекiту жолымен бақылайды. Мемлекеттiк статистикалық есептi уәкiлеттi орган мен басқа да мемлекеттiк органдар бөлiнген қаржы шегiнде жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есеп нысандарының тiзбесi бойынша жинайды.".
      4. 4-баптың бiрiншi абзацында "өзге де орталық атқарушы" деген сөздер

 

"мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын.

     5. 7-бапта:

     екiншi абзацта "бөлiмшелерi" деген сөз "органдары" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     үшiншi абзацта "өзге де орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк"

деген сөзбен ауыстырылсын.

     6. 8-бапта:

     бiрiншi бөлiмде:

     "бөлiнген қаржы шегінде өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң желiсiн

құрады" деген сөздер алып тасталсын;

     "оларға" деген сөз "өзiнiң аумақтық органдарымен" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     екiншi бөлiмде:

     "бөлiмшелерi" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

     "статистикалық" деген сөз "Статистикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

     үшiншi бөлiмде:

     "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен

толықтырылсын;

     "бастапқы есеп пен" және "мен жүргiзу" деген сөздер алынып тасталсын;

     "заңды" деген сөзден кейiн "және жеке" деген сөздермен толықтырылсын;

     төртiншi бөлiмде:

     екiншi абзацтағы "орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк" деген

сөзбен ауыстырылсын;

     "статистикалық қызмет жүргiзетiн" және "салалық" деген сөздер алынып

тасталсын;

     төртiншi абзацта "қаулылар мен нұсқаулар" деген сөздер "нормативтiк

құқықтық актiлер" деген сөздермен ауыстырылсын.


 
       7. 9-бапта "мемлекеттiк әкiмшiлiк тiзiлiмi, салық қызметiнiң деректерi және басқа да ақпарат көздерi негізiнде аумақтық бөлiмшелер" деген сөздер "әдiлет органдары, салық қызметi беретiн және өзге де көздер табыс ететiн ақпарат негiзiнде аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. Мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      "9-1-бап. Елдi мекендерде әр шаруашылық бойынша есепке алу
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу елдi мекендерде тұратын жеке тұлғалардың ауыл шаруашылық қызметi көрсеткiштерiнiң әр шаруашылық бойынша кiтаптарда тiркеу жазба жасау нысанындағы бастапқы есебi болып табылады.
      Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi әр шаруашылық бойынша есепке алу жұмысын ұйымдастырады.
      Уәкiлеттi орган әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзуге әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады және осы есептiң деректерiн тиiстi статистикалық көрсеткіштерді түзу үшiн пайдаланады.".
      9. 10-бапта:
      бiрiншi абзацта "аймақтық бөлiмшелерi" деген сөздер "аумақтық органдары" деген сөздермен, "статистикалық" деген сөз "Статистикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "статистикалық" деген сөз "Статистикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi, алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "мемлекеттік статистикалық байқау бағдарламаларын әзірлеуге және бекiтуге;
      Мемлекеттiк статистикалық тiзiлiм жүргiзу үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдар құрайтын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi түзу үшiн мемлекеттiк органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ орындайтын функцияларына орай оларда болатын басқа да ақпаратты алуға;
      есеп беретiн заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерде бастапқы және статистикалық есепке алудың жолға қойылуына байқауды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жекелеген статистикалық жұмыстар

 

жүргiзудi белгiленген тәртiппен қаржыландыруды жүзеге асыруға.".

     10. 11-бапта:

     бiрiншi абзацта "аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздер "аумақтық

органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

     үшiншi абзацта "статистикалық" деген сөз "Статистикалық" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     алтыншы абзацта "статистикалық есептiлiк" деген сөздер "статистикалық

нысандар" деген сөздермен ауыстырылсын.

     11. 12-бапта:

     тақырыбында "өзге де орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк"

деген сөзбен ауыстырылсын;

     бiрiншi бөлiмде:

     бiрiншi абзацта "орталық атқарушы органдар" деген сөздер

"мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;

     екiншi абзацта "салалық" деген сөз "ведомстволық" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     үшiншi абзацта "салалық" деген сөз "ведомстволық" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:

     "өз құзыры шегiнде мемлекеттiк органдардан орындайтын функцияларына

орай оларда болатын ақпаратты статистикалық деректерді түзу үшін алуға;

     екiншi бөлiмде:


 
       бiрiншi абзацта "орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк" деген сөзбен, "есептiлiк" деген сөз "қызметтi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жүргiзiлетiн статистикалық байқау бағдарламаларын уәкiлеттi органға келiсуге және бекiтуге ұсынуға мiндеттi.";
      12. 14-бапта:
      тақырыбында "және материалдық-техникалық қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Статистиканы жетiлдiру

 

бағдарламаларына, Статистикалық жұмыстар жоспарларына және

жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк нысандары

тiзбелерiне сәйкес мемлекеттiк статистика органдары орындайтын

статистикалық жұмыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.";

     екінші және үшінші бөліктері алынып тасталсын.

     13. Тараулардың "I, II, ІII, IV" деген цифралары тиiсiнше "1, 2, 3,

4" деген цифралармен ауыстырылсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.



    Қазақстан Республикасының

            Президентi




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады