1997 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасында ноталар алмасу нысанында техникалық көмек жөнінде жобалық келісімдер жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 маусым N 847

      1997 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы Z990021_ келісімді іске асыру және Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының дамуына көрсететін ресми көмегін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы ноталар алмасу нысанында техникалық көмек жөніндегі жобалық келісімдердің (бұдан әрі - жобалық келісімдер) мынадай жобалары мақұлдансын:
      "Реформалау процесінде ауыл шаруашылығы жоғарғы оқу орындары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының арасындағы мамандандырылған ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету";
      "Еңбек және жұмыспен қамту рыногын қамтамасыз ету саясаты";
      "Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің (ASPR) Шетелдік көмекті

 

үйлестіру жөніндегі департаментіне (DEAC) техникалық-ұйымдық көмек

көрсету";

     "Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы білімін және консультациялар

беру";

     "Жаңа бастаған кәсіпкерлерге жәрдемдесу мен шағын және орта бизнеске

көмек көрсету".

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ноталар алмасу

жолымен жоғарыда көрсетілген жобалық келісімдерді жасассын.

     3.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады