Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Физика-техникалық институтының ғылыми және эксперименттік базасын жақсарту жөніндегі техникалық көмек (грант) туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 қыркүйек N 1174

      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Физика-техникалық институтының ғылыми және эксперименттiк базасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Физика-техникалық институтының ғылыми және эксперименттiк базасын жақсарту жөнiндегi техникалық көмек (грант) туралы келiсiмнiң жобасы мен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2002 және 2003 жылдарға арналған республикалық бюджеттен осы жобаны бiрлесiп қаржыландыруға қаражат бөлу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы

 

Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ислам Даму Банкi

арасында Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi

Физика-техникалық институтының ғылыми және эксперименттiк базасын жақсарту

жөнiндегi техникалық көмек (грант) туралы 341 000 (үш жүз қырық бiр мың)

АҚШ доллары сомасына келiсiм жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                                Жоба


                        Қазақстан Республикасының

                               Үкіметі мен

                             Ислам Даму Банкі

                               арасындағы

                        Қазақстан Республикасының

                       Білім және ғылым министрлігі

                  Физика-техникалық институтының ғылыми

              және эксперименттік базасын жақсарту жөніндегі

                      техникалық көмек (грант) туралы

                                келісім




                        Техникалық көмек (грант)

                             туралы келісім


     Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) және Ислам

Даму Банкi (бұдан әрi - Банк) арасындағы ___ ________ 1422Н осыған сәйкес

2001 жылы ___ ______ келісім.


 
       Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi

 

Физика-техникалық институтының ғылыми және эксперименттiк базасын жақсарту

туралы жобасын (бұдан әрi - Жоба) қаржыландыруға Үкiмет Банктен техникалық

көмек сұрағанын ескере отырып, жобаның негiзгi компоненттерi осы

Келiсiмнiң 1-қосымшасында сипатталған;

     Төменде тұжырымдалған шарттардың негiзiнде Банктiң Техникалық көмек

көрсету туралы қабылдаған шешiмiн ескере отырып;

     Тараптар төмендегi туралы келiсiмге келдi:

№№

                                  І-БАП


                             Гранттың сомасы


     1.01-тармағы Банк Үкiметке беретiн қаражаты есебiнен Техникалық көмек

Грантын ID 262,308 (екi жүз алпыс екi мың үш жүз сегiз) ислам динарынан

аспайтын, шамамен 341,000 (үш жүз қырық бiр мың) АҚШ долларына баламал

сомада бередi.


                                 ІІ-БАП


                    Грант қаражатын алу және пайдалану


     2.01-тармағы Грант қаражаты Банк қабылдаған Төлем тәртiбiне және

2-қосымшаға сәйкес алынуға тиiс.

     2.02-тармағы Грант қаражаты тек 2-қосымшада көрсетiлген шығыстарды

өтеу үшiн пайдаланылуы тиiс.

     2.03-тармағы Егер мекеме-орындаушы 2001 жылғы 21 тамызға дейiн немесе

одан кейiнгi мезгiлге дейiн, Үкiмет пен Банктiң келiсiмiмен, Банкке

бiрiншi төлем туралы ұсыныс жасамаса, бұл туралы Үкiмет пен Мекеме

орындаушыны ескерту арқылы, Банк бұл келiсiмдi бұза алады.

     2.04-тармағы Егер Грант қаражатының кейбiр бөлiгi Үкiмет пен Банктiң

келiсiмi бойынша 2001 жылғы 21 тамызға дейiн немесе одан кейiнгi мезгiлге

дейiн алынбаса, Банк Үкiметпен келiсiм арқылы Гранттың бұл бөлiгiн жоя

алады.


                                ІІІ-БАП


                            Жобаны іске асыру



 
       3.01-тармағы Жобаны орындаушы Мекеме-Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігi Физика-техникалық институты болып есептеледi. Мекеме-орындаушы Жобалық құжатта көрсетiлген мезгiлде Жобаны орындау үшiн қажеттi барлық өкiлеттілікпен қамтамасыз етiлетiнiне Үкiмет кепiлдiк бередi.
      3.02-тармағы Мекеме орындаушы Банкпен кеңес жүргiзгеннен кейiн Жобалық құжатта көрсетiлген сайлау және тағайындау немесе сарапшылардың ресми сапары туралы келiсiмге келу қажет. Сарапшылар Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелерiнен болуға тиiстi, олар Банк мақұлдаған тiзбеден таңдап алыну қажет.
      3.03-тармағы Мекеме-орындаушы 2-қосымшада белгiленген жабдықтар мен қондырғыларды Банк Төлем Тәртiбiне сәйкес Халықаралық Сатып Алу негізiнде алуға тиiс. Сатып алу туралы ұсыныстары бар Құжаттарды Банк мақұлдау қажет.
 

                                 ІV-БАП



 
 
                           Үкімет міндеттемелері
 
      4.01-тармағы Үкiмет Жобаны iске асыруға әрекет жасайтын толық жұмыспен қамтылған бiлiктi жергіліктi мамандармен қамтамасыз етуге тиiстi.
      4.02-тармағы Үкiмет республикалық бюджетiнде орындау жерiндегi Жоба бойынша шығыстарды өтеу үшiн қаражат жоспарлау қажет, сонымен қатар Жобаны орындау процесiнде пайда болған кез келген қосымша шығыстарды қаржыландыруға тиiстi.
      4.03-тармағы Үкiмет Грант қаражатын пайдалануды және Жобаны iске асырудағы прогрестi, шығыстарды қоса көрсетуге барабар есеп берудi және есепке алуды белгiлеуге немесе белгiлеуге мүмкiндiк туғызуға тиiстi.
      4.04-тармағы Мекеме-орындаушы Yкiмет пен Банкке орындалған жұмыстың нақты сипаттамасы көрсетiлген тоқсандық есептi мәлiмдеменi, пайда болған мәселенi, қолданылған шараларды, сонымен қатар кей уақыттарда Банк сұраған басқа мәлiметтердi беруге тиiстi.
      4.05-тармағы Үкiмет Қазақстан Республикасында қолданылатын заңға сәйкес, Банктiң өкiлетті өкiлдерiне жобаны орындауға байланысты барлық жерлерге және құралымдарға толық қатысуына кепiлдiк бередi.
      4.06-тармағы Үкiмет 180 (бiр жүз сексен) күн мезгілінде, жоба

 

аяқталғаннан кейiн, осы келiсiмге сәйкес Банк көрсеткен Техникалық көмек

нәтижесiн бағалаған және жоба мақсатына қол жеткен дәреже туралы

баяндаманы Банкке тапсыру қажет.

     4.07-тармағы Yкiмет Жоба мақсатына жетуге әсерiн тигiзетiн немесе

қауiп туғызатын, Жобаның орындаушысына көмегiн тигiзетiн немесе осы

келiсiм бойынша оның мiндеттемесiнiң орындалуына кез келген жағдай туралы

тез арада Банкке хабарлауға тиiстi.


                                 V-БАП


                                Әр түрлі



 
       5.01-тармағы Әр түрлi мәселелер бойынша Үкiмет пен Банк, уақыт-уақытымен, Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша, осы Техникалық Көмек туралы пiкiр алысады және сарапшылар дайындаған кез келген баяндама бойынша кеңес жүргiзедi, осы баяндамада көрсетiлген кез келген ұсынысты орындайды.

 

     5.02-тармағы Банк сарапшылар дайындаған кез келген баяндаманы Банк

өзiне қажет деп есептейтiн кез келген мақсатқа пайдалана алады, бiрақ бұл

баяндамалар Үкiмет пен Банктiң келiсiмiнсiз жариялауға болмайды.

     5.03-тармағы Осы Келiсiм бойынша көрсетiлетiн Банктiң көмегi

сарапшылардың кез келген ұсыныстарының орындалуы жайында Үкiметке қаржылай

немесе әрi қарай техникалық көмектi жалғастыру мiндетiн Банкке жүктемейдi.


                                 VI-БАП


                               Yйлестіру


     Үкiмет Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiне Банкпен

қарым-қатынас жасауды және осы Келiсiмнiң негiзiнде Үкiмет қабылдаған

мiндеттемелердi орындауға тiкелей жауап берудi жүктейдi.


                                 VII-БАП


                                Хабарлама


     Бiр Тараптан екiншi Тарапқа жазба түрiндегi кез келген хабарлама

лайықты түрде не қолдан қолға, не жеделхатпен, не хатпен, не

телебайланыспен, не телефакспен келесi адрестердiң бiреуi арқылы

жiберiледi деп түсiніледі:


     Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атына:


     Бiлiм және ғылым министрлiгi

     Физика-техникалық институты

     Ибрагимов көшесi, 2 үй

     Алматы, 480082, Қазақстан

     Тел:  +7-3272-545-367

     Факс: +7-3272-545-224


     Ислам Даму Банкi атына:

     Р.О. bох: 5925

     Jeddan - 21432

     Кingdом оf Saudi Аrаbiа


     Alternate address for cablegrams and rаdiоgrамs:

     Саblе: ВАNКISLАМI JEDDAN

     Теlех: 601137 ISDB Sj


                                 VІІІ-БАП


             Келісімнің күшіне ену шарты және оның қолданылу

                                  мерзімі


     Осы Келiсiм 2003 жылғы 21 тамызға дейiн қолданыста болады және оның

күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi Үкiметтiң орындағаны

жөнiндегi жазбаша хабарлама алынған кезден бастап күшiне енедi.


     Жоғарыда баяндалғаны куәландырып, Тараптардың өкiлеттi өкiлдерi осы

Келiсiмге, екi түпнұсқалық данасына, әрқайсысының қазақ, ағылшын және орыс

тiлдерiнде бiрдей заң күшi бар, кiрiспеде көрсетiлген күнi қол қойды.



     Қазақстан Республикасының Үкiметi үшін

     _______________________


     Ислам Даму Банкi үшін

     _______________________




                                                           1-Қосымша


                            Жоба сипаттамасы



 
       Жобаның негiзгi мақсаты жоғарықарқынды плазмалық импульстiк иондық имплантацияны (НIРРIВ) және көпшоқтық иондық сәулелiк тозаңдатқыш жүйенi (МIВS) пайдаланып жартылай өткiзгiштер мен металдардың бетiнде пайда болатын жұқа қабықтар мен имплантацияланған қабаттарды зерттеу және зерттеп дайындау. Негiзгi ықылас кремний және молибден сияқты таза материалдарға бөлiнедi. Әр түрлi әсердегi имплантацияланған қоспалар мен радиациялық ақаулардың үлестiрулерiнiң модификациялық процестерi зерттеледi. Алынған деректер тозу және коррозиялық бекемдiкке НIРРIВ әсерiн, сонымен қатар конструкциялық және инструменттiк болаттар мен қорытпалардың берiктiгiн зерттегенде пайдалануға болады.
      Жоба, сондай-ақ люминесценция мен нанокристалл жартылай өткiзгiштердiң құрылымдық қасиеттерiнiң өзара байланысын, сыртқы эффектiлердiң металл-тотық жартылай өткiзгiштердiң параметрлерiнiң уақытша тұрақтылығына ықпалын зерттеуге және қос инжекциялық жағдайларда заряд тасушылардың тасымалдау процесiне бағытталған.
      Бұл жарылғыш және улы газдардың жоғары тұрақты селективтiк

 

детекторларын жалауға, күн элементтерi үшiн бақыланатын қорғаныш және

антиәсерлi бүркенiш қабатын жасауға, сонымен қатар

электрлюминесценттелетiн кеуектi кремнийдi алу әдiстерiн ұсынуға мүмкiндік

бередi.

     НIРРIВ және МIВS институтта жете қолданылуда, дегенмен қазiргi кезде

жұқа пленкаларды алу процесiн және аналитикалық әдiстердi жақсарту үшiн

бұл жүйелердi жаңа қуатты вакуумдық тетiктерiмен және ион көздерiнiң жаңа

түрлерiмен жабдықтау қажет.



                                                            2-Қосымша


                     Грант бойынша шығыстар баптары


     Шығыстарды өтеу үшiн грант қаражаты мынадай баптар бойынша

пайдаланылуға тиiс


                                                            АҚШ SUS

     - Жабдықтар                                            150,000

     - Жабдықтарға қосымша тетiктер және әдебиеттер         40,000

     - жұқа қабықтарды және аналитикалық

       спектроскопияны зерттеу және зерттеп дайындау

       саласы бойынша Институттың ғылыми қызметкерлерiн

       оқытып үйрету                                        60,000

     - Ислам Конференциясы Ұйымының мүше-           

       елдерiнен сарапшылардың ресми сапарлары              60,000

     - Тиiстi ойда болмаған шығыстар                        31,000


       ИДБ жиынтығы                                         341,000



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады