"Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 қыркүйек N 1190

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                         Жоба



 
                        Қазақстан Республикасының Заңы
 
         Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы

 

              табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты

          қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден

          жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту туралы


     1999 жылғы 15 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан

Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы табыс пен мүлікке

салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық

төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция бекітілсін.



     Қазақстан Республикасының

             Президенті


        Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы

              табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты

          қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден

                      жалтаруға жол бермеу туралы

                               Конвенция



 
       Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы, екі Мемлекет

 

арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени байланыстарды

нығайту мен дамыту ұмтылысын басшылыққа ала отырып және табыс пен мүлікке

салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық

төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция жасау ниетімен

     мына мәселелер туралы уағдаласты:


                            1-бап

              Конвенция қолданылатын тұлғалар


     Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де

резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.


                            2-бап

              Конвенция қолданылатын салықтар



 
       1. Осы Конвенция салық алу тәсілдерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкімшілік бөлімшелерінің немесе жергілікті өкiмет органдарының атынан алынатын табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қолданылады.
      2. Табыс пен мүлікке салынатын салықтар деп жылжитын және жылжымайтын

 

мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсіпорындар

төлейтін жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ мүлік

құнының өсiмiнен алынатын табыстардан алынатын салықтарды қоса, табыстың

жалпы сомасынан, мүліктің жалпы сомасынан, немесе табыстың не мүліктің

жеке элементтерiнен алынатын барлық салықтың түрлерi есептеледi.

     3. Атап айтқанда, Конвенция қолданылып жүрген салықтар мыналар болып

табылады:

     а) Қазақстан Республикасында:

     (i) заңды және жеке тұлғалардың табысынан алынатын салық;

     (ii) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiнен алынатын салық;

     (бұдан әрi - "Қазақстан салығы");

     b) Молдова Республикасында:

     (i) табыс салығы;

     (іі) мүлікке салынатын салық;

     (бұдан әрi - "Молдова салығы").

     4. Конвенция, сондай-ақ оған қол қойылған мерзімнен кейін алынып

жүрген салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын кез келген ұқсас

немесе іс жүзіндегі осындай салықтарға қолданылады. Уағдаласушы

Мемлекеттердiң құзыреттi органдары қолданылып жүрген салық заңдарындағы

кез-келген елеулi өзгерiстер туралы бір-бiрiне хабардар етiп отырады.


                            3-бап

                     Жалпы айқындамалар


     1. Егер түпнұсқа текстен өзге мағына тумаса, осы Конвенцияның мақсаты

үшін:


 
       а) "Қазақстан" термині Қазақстан Республикасын білдiредi. Географиялық мағынада "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және өзінің егемендік құқықтары мен халықаралық шарттарға сәйкес заңдарын жүзеге асыратын және оның салық заңдары қолданылатын аймақты қамтиды;
      b) "Молдова" термині Молдова Республикасын бiлдiредi және жағырапиялық мағынасында қолданғанда, Молдова Республикасы халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес табиғи ресурстарды зерттеу және игеру жөніндегі егемендік құқықтарын жүзеге асыратын ішкі сулар мен әуе кеңістігін қоса, Молдованың аумағын бiлдiредi;
      с) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, компанияны немесе тұлғалардың кез-келген басқа да бiрлестiгiн бiлдiредi;
      d) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк бiрлестiк ретiнде қарастырылатын кез-келген корпоративтiк бiрлестiктi немесе кез-келген ұйымды бiлдiредi;
      е) "бір Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi түпнұсқа тексіне қарай Қазақстанды немесе Молдованы бiлдiредi;
      f) "бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны" терминдері тиісінше Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;
      g) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе көлігi тек қана басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң пункттерi арасында пайдаланылатын жағдайлардан басқа, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны пайдаланатын теңiз немесе әуе көлiгiмен жүзеге асырылатын кез-келген тасымалды бiлдiредi;
      h) "ұлттық тұлға" термині мыналарды білдіреді:
      (і) бір Уағдаласушы Мемлекетте азаматтығы бар кез-келген тұлғаны;
      (іі) Уағдаласушы Мемлекет өздерінің қолданылып жүрген заңдары негізінде өз мәртебесін алған кез-келген заңды тұлғаны, серіктестікті немесе ассоциацияны;
      і) "құзыреттi орган" терминi мыналарды білдіреді:
      (i) Қазақстанда: Қаржы министрi немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
      (ii) Молдовада: Қаржы министрi немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияны қолданғанда, онда айқындалмаған кез-келген термин, егер контекстен өзгеше мағына тумаса, осы Конвенция қолданылатын салықтар жөнiнде осы Мемлекеттiң заңдары бойынша ол қандай мағынада пайдаланылса, сондай мағынаға ие болады.
 
                             4-бап
                           Резидент
 
      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттің заңдары бойынша өзiнiң тұрғылықты жері, резиденттiгi, басқару орыны, құрылу орыны немесе осындай сипаттағы кез-келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуға тиіс кез-келген тұлғаны бiлдiредi.
      Термин, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттi, оның әкімшілік бөлімшесін, жергілікті өкiмет орынын қамтиды. Ол, сондай-ақ кез-келген зейнетақы қорын немесе қызметкерлерге берілетін жәрдемақылардың басқа қорын, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған және табысы әдетте осы мемлекетте салық салудан босатылған кез-келген қайырымдылық ұйымын қамтиды.
      Алайда, бұл термин осы Мемлекетте салық салуға жататын кез-келген тұлғаға, ол тұлға табысын осы Мемлекеттегі көздерден алатын болғандықтан ғана немесе онда орналасқан мүлік бойынша қамтымайды.
      2. Осы баптың бірінші тармағының ережелерi негізінде жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылатын жағдайда оның мәртебесi былай анықталады:
      а) ол өзiнiң меншiгiне жататын тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттiң резиденті болып есептеледi; егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнде де өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол ұлттық тұлғасы болып табылатын Мемлекеттiң резиденті болып есептеледi;
      d) егер резиденттiң мәртебесi а)- және с)-тармақшаларына сәйкес

 

айқындалмаған болса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары

мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.

     3. Егер 1-тармақтың ережелерiнің себебінен жеке адамнан өзге тұлға

Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, онда ол өзінің

нақты басшылығы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледі.


                            5-бап 

                  Тұрақты мекеме (өкілдік)


     1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме (өкілеттік)"

терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметі толық немесе iшiнара жүзеге

асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.

     2. Атап айтқанда, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтиды:

     а) басқару орнын;

     b) бөлiмшенi;

     с) кеңсенi;

     d) фабриканы;

     е) шеберхананы; және

     g) шахтаны, рудник, мұнай немесе газ скважиналарын, кенiш немесе

табиғи ресурстар өндiретiн кез-келген басқа орын.

     3. Сондай-ақ "тұрақты мекеме" терминiне кіретіндер:


 
       а) егер мұндай алаң немесе объекті 6 айдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрған немесе мұндай қызмет 6 айдан астам уақыт бойы көрсетілген болса ғана, құрылыс алаңы немесе салынып жатқан, монтаждау не құрастыру объектi не осы жұмыстардың орындалуын қадалауға байланысты қызметтер; және
      b) егер мұндай пайдалану 6 айдан астам жүргізілсе немесе мұндай қызмет 6 айдан астам уақыт бойы көрсетілсе, осы жұмыстардың орындалуын бақылау үшін пайдаланылған қондырғыны не жабдықты, немесе табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылған бұрғылау қондырғыларын не кемені; және
      с) резидент осындай мақсаттар үшін жалдаған, қызметшілер немесе басқа тұлғалар арқылы резиденттердің кеңес беру қызметтерін қоса, бірақ егер мұндай сипаттағы әрекет елдің шегінде 6 айдан астам жалғасса, (осындай немесе соған байланысты жоба үшін) қызмет көрсетуді.
      4. Осы Баптың алдындағы ережелерге қарамастан, "тұрақты мекеме" (өкілдік) терминi:
      а) құрылыстарды, кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды тек сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек өзге кәсiпорынның ұқсату мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орынын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орынын тек кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез-келген басқа қызметтi жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды;
      f) тұрақты қызмет орынын осындай амал нәтижесiнде туындаған жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орынын а)-тармақшасынан е)-тармақшасы қоса көрсетiлген қызмет түрлерiнiң кез-келген амалын жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды қамтиды деп қаралмайды.
      5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорын атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiм-шарттар жасауға өкiлеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, онда бұл кәсіпорын осы тұлға кәсіпорын үшін жүзеге асыратын кез-келген қызмет жөнінде осы Мемлекетте тұрақты мекемесі (өкілдігі) бар кәсіпорын ретінде қарастырылады, бірақ осындай тұлғаның 4-тармақта көрсетілген тұрақты қызмет орыны арқылы жүзеге асырылған күннің өзінде осы тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге (өкілдігі) айналдырмайтын қызметпен шектелетін жағдай бұған қосылмайды.
      6. Делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар басқа агент арқылы сол басқа мемлекетте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, егер мұндай адамдар өздерінің әдеттегi қызметi шеңберлерінде әрекет еткен жағдайда, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорынға басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі (өкілдігі) бар кәсіпорын ретiнде қарастырылмайды.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы басқа Мемлекетте кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (не тұрақты мекеме (өкілдік) арқылы не басқа жолмен) компанияның бақылау немесе бақылап отыруы фактісінің өзі осы компаниялардың бірін екiншi компанияның тұрақты мекемесiне (өкілдігіне) айналдыра алмайды.
 
                             6-бап
              Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысқа (соның ішінде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысқа) осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңы бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез-келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер меншiктiлiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық ресурстарды, кен көздерін және басқа табиғи қазбаларды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды және жоғарыда аталғандарды игеру құқығын қамтиды; теңiз, әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез-келген басқа жолмен пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi, сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.
 
                             7-бап
             Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда
 
      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме (өкілдігі) арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналыспаса, осындай кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғанындай, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, онда оның пайдасына басқа Мемлекетте салық салынуы, бірақ мыналарға:
      а) осындай тұрақты мекемеге (өкілдігіне);
      b) тұрақты мекеме (өкілдігі) арқылы сатылатын тауарлармен немесе бұйымдармен бірдей немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды осы басқа Мемлекетте сатуға; немесе
      с) өзінің сипаты жөнінен осындай тұрақты мекеме (өкілдігі) арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметпен сәйкес келетін осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсіпкерлік қызметке қатысты бөлігінде ғана салынуы мүмкін.
      2. Осы баптың 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме (өкілдігі) арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, онда осы тұрақты мекеме (өкілдігі) нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысқан, өзi тұрақты мекемесi (өкілдігі) болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде төмендегi шығындар тұрақты мекеме (өкілдігі) орналасқан Мемлекеттік немесе одан тысқары жерде жұмсалған-жұмсалмағанына қарамастан басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қосқанда тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды шегерiп тастауға болады.
      Тұрақты мекеменің (өкілдігі) бас офисіне немесе резиденттің басқа офистерінің кез-келгеніне патенттер және басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, сыйақылар немесе басқа да ұқсас төлемдер төлеу арқылы немесе нақты қызметтер көрсеткені үшін болса да менеджмент үшін комиссиялық ақы төлеу арқылы немесе тұрақты мекемеге (өкілдігіне) қысқартылған сомаға проценттер төлеу арқылы төленген сомаларды тұрақты мекемеге шегеріп тастауға болмайды.
      4. Тұрақты мекеменің (өкілдігінің) кәсiпорын үшін тауарлар немесе бұйымдар сатып алуы нәтижесінде ғана осы тұрақты мекемеге (өкілдігіне) әлдеқандай пайда есептелмейді.
      5. Егер, пайда осы Конвенцияның басқа баптарында бөлек айтылатын

 

табыс түрлерін қамтитын болса, онда бұл баптардың ережелері осы баптың

ережелеріне қатысты болмайды.


                            8-бап

                      Халықаралық көлік


     1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің халықаралық тасымалдарда

теңіз немесе әуе кемелерін пайдаланудан алған табыстарына тек осы

Мемлекетте салық салынады.

     2. 1-тармақтың ережелері, сондай-ақ пулға, бірлескен кәсіпорынға

немесе көлік құралдарын пайдалану жөніндегі халықаралық ұйымға қатысудағы

пайдаға қолданылады.


                            9-бап

                 Ассоциацияланған кәсіпорындар


     1. Мына жағдайларда:


 
       а) Егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынның басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      b) белгілі бір тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса;
      және әрбір жағдайда кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың біріне есептелуі мүмкін, бірақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына қосылып, оған тиісінше салық салынуы мүмкін.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсіпорынның пайдасына қосып, тиісінше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттің кәсіпорынына есептелуі мүмкін пайда болса, егер екі кәсіпорынның арасында жасалған жағдайлар тәуелсіз кәсіпорындардың арасындағы жағдайлардай болса, онда осы басқа Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиісті түзетулер жасауға тиіс. Осындай түзетулерді айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа ережелері қаралуға тиіс және Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары қажет болған жағдайда бір-біріне консультация береді.
 
                             10-бап
                          Дивидендтер
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтеріне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда, осындай дивидендтерге, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес дивидендтер төлейтін компания резиденті болып табылатын осы Мемлекетте салық салынуы мүмкін, бірақ егер алушы дивидендтердің нақты иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда алынатын салық:
      а) егер нақты иесі дивидендтер төлейтін компанияның 25 процентін иемденсе алынатын салық дивидендтердің жалпы сомасының 10 процентінен аспайды;
      b) қалған барлық жағдайда дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен аспауға тиіс.
      Бұл тармақ дивидендтер төленетін пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
      3. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысу құқын қосқанда, сондай-ақ пайданы бөлетiн компанияның резиденті болып табылатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секілді дәл сондай салық реттеуiне жататын компанияға қатысудың басқа да корпоративтiк құқықтарынан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң нақты иесі дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып отырған басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме (өкілдігі) арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге (өкілдігіне) немесе тұрақты базаға қатысты болса, онда 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы басқа Мемлекет, мұндай дивидендтер осы басқа Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге (өкілдігіне) немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерге қандай да болсын салық сала алмайды, егер төленетін дивидендтер немесе бөлінбеген пайда осындай басқа Мемлекетте туындайтын пайдадан немесе табыстан толық не болмаса ішінара тұрған күннің өзінде де компанияның бөлінбеген пайдасына салық сала алмайды.
      6. Осы Конвенция ережелерінің ешқайсысы да Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттің тұрақты мекемесiне (өкілдігіне) жататын компанияның пайдасына осы Мемлекеттің ұлттық тұлғасы болып отырған компанияның пайдасына есептелген салыққа, егер осылай есептелген кез келген қосымша салық бұрынғы салық салынатын жылдары мұндай қосымша салық салынбаған мұндай табыс сомасының 5 процентiнен аспаса қосымша салық салуға бөгет ретінде түсінілмейді. Осы тармақтың мақсаттары үшін пайда тұрақты мекеме (өкілдігі) орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте мекемесі өндіріп алынатын осы тармақта айтылған қосымша салықтан өзгеше барлық салықтардың сомаларынан шегерілгеннен кейін айқындалады.
 
                             11-бап
                           Проценттер
 
      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай проценттерге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер алушы проценттердiң нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болса, онда осылай алынған салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
      Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осындай шектеулерді өзара келісім бойынша белгілейді.
      3. Осы Баптың 2-тармақтың ережелерiне қарамастан бір Уағдаласушы Мемлекетте туындаған проценттер осы Мемлекетте салық салудан босатылады, егер олар Уағдаласушы Мемлекеттің Үкiметiне, оның әкімшілік бөлімшесіне немесе жергілікті өкiмет органына немесе осы Мемлекеттің Ұлттық банкісіне немесе осы сияқты кез-келген басқа ұйымдарына алынып және соларға жататын болса соңынан Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдары арасында келісімге жетуі мүмкін.
      4. "Проценттер" терминi осы Бапта пайдаланылған кезде кепiлдiкпен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердің пайдасына қатысу құқығын беретін немесе бермейтін қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты, үкіметтің бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, соның ішінде осы бағалы қағаздар, облигациялар яки борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйақылар мен ұтыстарды бiлдiредi. Төлемдердiң уақытында жасалмағаны үшiн салынатын айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын проценттердiң нақты иесi проценттер туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме (өкілдігі) арқылы осында кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленетін борыштық талап осындай тұрақты мекемеге проценттерге қатысты борыш міндеттемесі нақтылы осындай тұрақты мекемемен (өкілдігімен) немесе тұрақты базамен нақты байланысы болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттің өзі, оның әкімшілік бөлімшесі, жергілікті өкімет органы немесе осы Мемлекеттің резиденті болып табылса, проценттер осы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер проценттер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте проценттер төленетiн қарыз пайда болған тұрақты мекемесi (өкілдігі) немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме (өкілдігі) немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      7. Егер проценттер төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себептi төленетiн проценттердi төлеушi мен олардың нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы тиiс.
      8. Егер өзіне қатысты проценттер төленетін кез-келген борыш талаптарының жасалуымен немесе жүктелуімен байланысты кез-келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі құқықтарды осылай жасау болмаса жүктеу арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
 
                             12-бап
                             Роялти
 
      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ роялти алушы және оның нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылай алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
      3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде әдебиет, өнер және ғылым шығармаларына, кинематографиялық фильмдерге, кез-келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға болмаса процеске кез-келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшін немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн сыйақы ретінде алынатын төлемдердiң кез-келген түрiн және өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн төленетін төлемдердi бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң нақты иесi роялти пайда болған басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме (өкілдігі) арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және роялти өздерiне қатысты төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай мекемемен (өкілдігі) немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi Уағдаласушы Мемлекеттiң өзі, оның әкімшілік бөлімшесі, жергілікті өкімет органы немесе осы Мемлекеттің резидентi болып табылса, роялти осы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу мiндеттемесiнiң пайда болуына қатысты тұрақты мекемесi (өкілдігі) немесе тұрақты базасы болса және осындай роялти осы тұрақты мекемемен (өкілдігі) немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме (өкілдігі) немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      6. Егер роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болуы себептi төленетiн роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсе алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн ескере отырып әрбір Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
      7. Егер өзіне қатысты роялти төленетін құқықты жасауға немесе беруге байланысы бар кез-келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, бұл баптың ережелері қолданылмайды.
 
                             13-бап
            Мүлiк құнының өсiмiнен түсетін табыстар
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта айтылған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің шеттетуден алған табыстары:
      а) басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын тікелей немесе жанама құнды немесе оның үлкен бөлігі қор биржасында танылған акциялардан өзге акциялар, немесе
      b) басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен немесе (а) тармақшасында айтылған акциялардан, негізінен траста немесе әріптестік үлесте тұратын үлестері,
      осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленіп отырған тұрақты мекеме (өкілдігі) мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекет резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты базасына қатысты жылжымалы мүлiктен алынған табыстарға, соның ішінде осындай тұрақты мекеменi (өкілдігін) (жеке өзін немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) болмаса осындай тұрақты базаны шеттетуден алынатын осындай табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      4. Халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемелерiнен немесе осындай әуе немесе теңіз кемелерін пайдалануға байланысты жылжитын мүлiктен Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған пайдаға салық тек қана осы Уағдаласушы Мемлекетте салынады.
      5. Өткен тармақтарда айтылған мүлік түрлерін өзге кез-келген мүлiктi шеттетуден алынатын табыстарға шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салуға жатады.
 
                             14-бап
                   Тәуелсiз жеке қызметтер
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кәсiби немесе тәуелсiз сипаттағы басқа да ұқсас қызметтер көрсетуден алған табысқа, егер ол осындай қызметтердi жүзеге асыру үшін басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүйелі түрде ие болып отырған немесе ие болған тұрақты базаға қатысты болса онда тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер онда осындай тұрақты база болса табыстарға басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін, бірақ, тек тұрақты базаға жататын бөлігі ғана.
      2. "Кәсiби қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсіз ғылыми, әдеби, әртiстiк, бiлім беру немесе оқытушылық қызметтi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшілердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсіз жеке қызметiн қамтиды.
 
                             15-бап
                    Тәуелдi жеке қызметтер
 
      1. 16, 18, 19-баптың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып істеген жұмысына байланысты алған жалақы және осы сияқты басқа да ырыздықақы егер тек жалданып жұмыс істеу басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылмаса, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша жүзеге асырылса, онда алынған осындай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесiне қарамастан, басқа Уағдаласушы Мемлекетте жалданып жұмыс істеуіне байланысты Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып алған сыйақыға салық тек алғашқы айтылған Мемлекетте салынады, егер:
      а) алушы кез-келген дәйекті он екі айлық кезеңiнiң iшiнде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы жүрсе басқа Мемлекетте жүрсе; және
      b) сыйақыны басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      с) сыйақы жалдаушының басқа Мемлекеттегі тұрақты мекемесiнде (өкілдігінде) немесе тұрақты базасында төленбейді.
      3. Осы баптың мұның алдындағы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемесі бортында орындаған жалдаушы қызметіне қатысты алынған сыйақы теңіз немесе әуе кемесін пайдаланатын резидент болып табылатын кәсіпорынға Уағдаласушы Мемлекеттің салығы салынуы мүмкiн.
 
                             16-бап
                   Директорлардың сыйақылары
 
      Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi директорлар кеңесiнiң мүшесi немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын осындай компания органы ретінде алған директорлардың сыйақыларына және басқа да осындай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
 
                             17-бап
                    Әртiстер мен спортшылар
 
      1. 14-баптың және 15-баптың ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар әртiсi немесе сазгер секiлдi өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерлерi немесе спортшылар өзiнiң осы сипатында жүзеге асырған жеке қызметiне қатысты табысы өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа, 7, 14-баптың және 15-баптың ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерлерінің немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
 
                             18-бап
               Зейнетақылар және басқа төлемдер
 
      1. 19-баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрынғы жұмысына қатысты төленетiн зейнетақыларға және басқа да осындай сыйақыларға және осы резидентке төленетін кез-келген аннуитетке тек осы Мемлекетте салық салынады.
      2. "Аннуитет" термині ақшалай немесе ақша құнымен төлем жасау міндеттемесі болғанда бүкіл өмір бойы немесе белгілі бір не белгіленетін уақыт кезеңінде жеке тұлғаға белгіленген уақытта жүйелі түрде төленіп тұратын белгіленген соманы білдіреді.
 
                             19-бап
                       Мемлекеттiк қызмет
 
      1. а) Жеке тұлғаға Уағдаласушы Мемлекет немесе оның бөлімшесі болмаса жергiлiктi өкiмет органдары осы Мемлекетте немесе оның бөлімшесіне болмаса жергілiктi өкiмет органына көрсетiлетiн қызметiне қатысты төлейтiн зейнетақыдан басқа сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
      b) Алайда, осындай сыйақы, жалақы және басқа сыйақыларға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
      (i) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылса; немесе
      (ii) қызметтi жүзеге асыру мақсаты үшін ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаған жағдайда салық салынады.
      2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі немесе жергiлiктi өкiмет органы төлейтiн немесе олар құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі немесе жергілікті өкiмет органы үшін көрсеткен қызметі үшiн төленетiн кез-келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
      b) Алайда, осындай зейнетақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте, егер жеке тұлға осы Мемлекеттің резидентi және азаматы болып табылса салық салынады.
      3. Осы 15, 16 және 18-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкімшілік бөлімшелерінің немесе жергiлiктi өкімет органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына байланысты жүзеге асырылатын қызметке қатысты төленетiн ырыздықақыларға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыларға және зейнетақыларға қолданылады.
 
                             20-бап
                           Студенттер
 
      Басқа Уағдаласушы Мемлекетке барардың нақ алдында басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған және бiрiншi аталған Мемлекетте тек өзiнiң оқуы немесе бiлiм алуы және мақсатында тұруға, оқуға және білім алуға арналған төлемдерге студенттер мен стажерлерге осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды, тек осындай төлемдер осы Мемлекеттен сырт көздерінен туындайды.
 
                             21-бап
                        Басқа табыстар
 
      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және осы Конвенцияның бұның алдындағы баптарында қарастырылмайтын табыс түрлеріне тек осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын төмендегі табыстарды алушы басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме (өкілдігі) арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және табыстар төленіп отырған құқық немесе мүлiк осындай тұрақты мекемемен (өкілдігімен) немесе тұрақты базамен байланысты болса, 6-баптың 2-тармағында айқындалғандай, жылжымайтын мүлiктен алынған табыстардан өзге табыстарға осы баптың 1-тармағының ережелері қолданылмайды. Мұндай кезде жағдайға байланысты 7-бап немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
 
                             22-бап
                             Мүлік
 
      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне жататын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан 6-бапта айтылған жылжымайтын мүлiк ретiнде ұсынылған мүлікке осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленіп отырған тұрақты мекеменiң (өкілдігі) кәсiпкерлiк мүлкiнiң бір бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте қарамағында ұстап отырған тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк ретінде ұсынылған мүлікке осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентінің меншігі болып табылатын теңiз және әуе кемелерiмен жеткізілген мүлік халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңіз және әуе кемелерін пайдалануға байланысты жылжымалы мүлік түрінде ұсынылған мүлікке тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi меншіктің барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
 
                             23-бап
                 Қосарланған салық салуды жою
 
      1. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табыс тапса немесе мүлік иеленсе бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет:
      (i) осы резиденттің табысына салынатын салықтан басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленетін табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
      (іі) осы резиденттiң мүлігіне салынған салықтан осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленген мүлікке салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға мүмкіндік береді.
      Осылай шегерулер кез-келген жағдайда осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табысқа немесе мүлікке қатысты шегеру берілгенге дейін есептелген табыс салығының немесе мүлікке салынатын салықтың бөлігінен аспауы керек.
      2. Егер осы Конвенцияның қайсы бір ережесiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің алатын табысы және мүлігі осы Мемлекетте салықтан босатылған, осы Мемлекет соған қарамастан осы резиденттің табысы мен мүлігінің қалған бөлігіне есептелген сомасы кезінде табыс немесе мүлік салығынан босатылғанын назарға алады.
 
                             24-бап
                            Кемсiтпеу
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы басқа Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға немесе соған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалық салық салуға немесе соған байланысты міндеттемеге басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды. Бұл ереже, сондай-ақ 1-баптың ережелерiне қарамастан біреу немесе екі Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерi болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар осындай жағдайлар кезінде осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғаларына қолданылатын немесе қолданылуы мүмкін салық салуы тәртіптеріне және соған байланысты талаптарға қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын қандай да бір салық салу тәртібі немесе соған байланысты қандай да бір талапқа Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында да ұшырамауы тиiс.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметпен айналысатын осы басқа Мемлекеттiң кәсiпорынына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте қолайсыздау болмайды. Осы ереже бiр Уағдаласушы Мемлекеттi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне оларды салық төлеуден және азаматтық мәртебе немесе өзiнiң төл резидентiне беретiн отбасы мiндеттемелерi негiзiнде салық салу бойынша қандай да бiр жеңiлдiктер, шегерiмдер мен кемiтiп көрсетулер берiлетiндей болып пайымдалмауы тиiс.
      4. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының, 12-баптың 6-тармағының ережелері қолданылатын жағдайды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның пайдасын айқындау мақсаты үшін бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиіс. Осы секілді Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез-келген қарызы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаттары үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттің резидентiнiң қарызы қалай шегерілсе, нақ сондай жағдайларда шегеріліп тасталуға тиіс.
      5. Капитал басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тікелей не жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан болмаса осымен байланысты кез-келген мiндеттемелерден өзгеше болмаса анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын салық салу мiндеттерiне немесе соған байланысты қандай да бiр мiндеттерге бiрiншi аталған Мемлекетте қолданылмауы тиiс.
 
                             25-бап
                    Өзара келiсiп алу рәсiмi
 
      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан өзінің iсiн өзi резидент болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның бастан кешірген жағдайы 24-баптың 1-тармағына қатысты болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органдарының қарауы үшiн бере алады. Арыз Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер жайлы алғашқы хабар берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
      2. Құзыреттi орган, егер ол шағымды орынды деп есептесе және өзi қанағаттандырарлық шешімге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыреттi органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Кез-келген қол жеткiзiлген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында бар қандай да бiр уақытша шектеулерге қарамастан орындалуға тиiс.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары Келісімді пайдалану немесе қолдану кезiнде туындайтын кез-келген қиындықтарды немесе күмән-күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мұның алдындағы тармақтарды келiсiп алуға қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер Конвенцияға қол жеткiзу үшiн ауызша пiкiр алысуды ұйымдастыру қажет болса, осындай пiкiр алысу Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдарының өкiлдерi арасында өткiзiлуi мүмкiн.
 
                             26-бап
                         Ақпарат алмасу
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерiн немесе салық салу әзiрше Конвенцияға қайшы келмейтiндей дәрежеде Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарын орындау үшін қажеттi ақпарат алысып тұрады. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез-келген ақпарат осы Мемлекеттің ішкі заңдарының шеңберінде алынған ақпарат секілді құпия болып есептеледі және Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, күшпен жинап алумен немесе тиiстi сот қудалауымен немесе қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соның ішінде соттар мен әкiмшiлiк органдарына) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде аша алады.
      2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерге:
      а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк

 

практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;

     b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша немесе

әдеттегi әкiмшілік практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;

     с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық

немесе кәсiптiк құпияны немесе сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат немесе

ашылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуi мүмкін

ақпарат беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада пайдаланылмауға тиiс.


                            27-бап

              Дипломатиялық миссиялар мен консулдық

                     постылардың мүшелері


     Осы Конвенцияның ешқандай ережесi дипломатиялық миссия мен консулдық

постылардың мүшелерінің халықаралық құқықтың жалпы нормалары берген немесе

арнаулы келісімдердің ережелеріне сәйкес берілген салық артықшылықтарын

қозғамайды.


                            28-бап

                          Күшiне енуi



 
       1. Әрбір Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияның күшіне ене бастауы үшін ішкімемлекеттік рәсімдеулердің аяқталғаны жайында дипломатиялық арна бойынша екіншісін хабардар етеді.
      2. Осы Конвенция өз күшіне осы баптың 1-тармақшасында көрсетілген хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап енедi және оның ережелерi қолданылатын болады:
      а) осы Конвенция өз күшiне енген кезде алдағы жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың бірінші қаңтарынан және бірінші қаңтардан соң бастап төленетін табыстардан, көздерден алынатын салықтарға қатысты;
      b) Осы Конвенция өз күшіне енгеннен кейiн алдағы жылдан күнтiзбелiк жылдың бірінші немесе бірінші қаңтарынан басталатын әрбір салық жылында мүлікке және табыстарға алынатын басқа салықтарға қатысты.
 
                             29-бап
                    Қолданылу күшін тоқтату
 
      Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның күшiн тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет Конвенция күшіне енгеннен кейін 5 жыл өткен соң кез-келген күнтізбелік жылдың аяқталуына кемінде 6 ай бұрын Конвенцияның қолданылу күшін тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлай отырып Конвенцияның күшін тоқтата алады. Мұндай жағдайда Конвенция өзінің әрекетін тоқтатады:
      а) денонсация туралы хабарлама берілген алдағы жылдың күнтізбелік

 

жылдың бірінші қаңтарынан немесе бірінші қаңтардан төленетін табыстардан,

көздерден алынған салықтарға қатысты;

     b) денонсация туралы хабарлама берілген алдағы жылдың күнтізбелік

жылдың бірінші немесе бірінші қаңтардан кейін басталатын әрбір салық

жылында алынатын табысқа және мүлікке алынатын басқа салық түрлеріне

қатысты.


     Өкілдік берген төменде қол қоюшы өкілдер осыны растап, Конвенцияға

қол қойды.


     Астана қаласында 199 ___ жылғы 15 шілде қазақ, молдован және орыс

тілдерінде екі дана етіп жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.

Мәтіндерде алшақтық пайда болған жағдайда орысша мәтін айқындаушы болады.


     Қазақстан Республикасы                 Молдова Республикасы

              үшін                                 үшін




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады