"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қараша N 1424

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі    

                                                                  Жоба


                      Қазақстан Республикасының Заңы


      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"

             Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен

                         толықтырулар енгiзу туралы



 
       1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Z970136_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомстары, 1997 ж., N 12, 186-бап; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж, N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 2001 жылы 22 тамызда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмыстық атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Z010244_ Заңы; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 2001 жылы 16 қазанда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қазандағы Z010247_ Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-бапта:
      үшiншi және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "банк-кастодиан - бағалы қағаздар, құжатталған бағалы қағаздарды сақтау жөнiндегi құқықтарды есепке алу және тiркеу және клиенттердiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы банк;
      жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы (бұдан әрi салымшы) - мiндеттi немесе ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен өз пайдасына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға немесе республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын жүзеге асырушы агент, сондай-ақ ерiктi зейнетақы жарналары және/немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес қызметкердiң пайдасына өзiнiң жеке қаражаты есебiнен ерiктi зейнетақы жарнасын және/немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарнасын жүзеге асыратын агент;";
      бесiншi абзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға республикалық бюджеттен зейнетақыларды төлеуге бөлiнетiн қаржы есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға, азаматтарға әлеуметтiк жеке код тағайындауға, мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiн жүргiзуге, мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға, Орталыққа аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған сомалар бойынша тiзiлiмдер мен төлем құжаттарын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органға беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес басқа да функцияларды орындауға Қазақстан Республикасының Yкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк кәсiпорын;";
      жетiншi және сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерiн азайту мақсатында оларды уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
      ерiктi зейнетақы жарналары - салымшылардың өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына өзiнің пайдасына және/немесе қызметкерлердiң пайдасына зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда және шарттарда белгiленетiн тәртiппен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен енгiзетiн ақшасы;"
      тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      оныншы абзацтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алынып тасталсын;
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке зейнетақы шоты - салымшының/алушының жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi және/немесе ерiктi зейнетақы жарналары өз пайдасына есептелетiн атаулы шоты, сондай-ақ алушының агент жүзеге асыратын ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, өсiмпұл және шарттарға сәйкес зейнетақы төлемдерi жүргiзiлетiн өзге де түсiмдер есептелетiн атаулы шоты;"
      он үшiншi және он төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жинақтаушы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;";
      жинақтаушы зейнетақы қоры - лицензия негiзiнде зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдерiн жүргiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;";
      он бесiншi абзац алынып тасталсын;
      он алтыншы және он жетiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "мiндеттi зейнетақы жарналары - салымшының заңдарда белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына осы Заңға сәйкес енгiзетiн ақшасы;
      Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;";
      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "зейнетақы активтерi - зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн және аударымдарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алып қоюларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;";
      жиырма үшiншi абзацтағы "ақша" деген сөз "зейнетақы жинақтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма төртiншi және жиырма бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "зейнетақы жинақтары - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлдарды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсiмдердi қоса алғанда салымшының/алушының дербес зейнетақы шоттарында есептелетiн ақша;
      зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарына және жинақтарына байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бiр жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi жағынан салымшы арасында жасалатын шарт (келiсiм);";
      жиырма алтыншы және жиырма жетiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға және (немесе) Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған жеке адам;
      пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның қаржы орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн заңдарда белгiленетiн экономикалық талаптар;";
      жиырма тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы - егер осы Заңда өзгедей көзделмесе, салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын кiрiсiнiң пайыздық қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшерi;";
      отыз бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлеттi орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың, банк кастадиондердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкілеттiктердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";
      отыз екiншi абзацтағы:
      "қамсыздандырылуға құқығы бар әрбiр азаматқа" деген сөздер "қамсыздандырылуға құқығы бар адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "азаматтарды бiрегейлендiру бойынша басқа да әлеуметтiк рәсiмдер" деген сөздердің орнына "әлеуметтiк төлемдердi дербестендiру мақсатында" деген сөздер жазылсын;
      отыз үшiншi абзацтағы "бөлектеп есеп жүргiзу" деген сөздер "жинақтаушы зейнетақы қорларында бөлектеп есеп жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметкерлердiң табыстарынан мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына есептейтiн, ұстап қалатын (есептейтiн) және аударатын шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары, өкiлдiктерi;
      ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - салымшылардың өз бастамашалығымен Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына заңдарда және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен Жинақтаушы зейнетақы қорларына енгiзетiн ақшасы;"
      зейнетақылық аннуитет шарты - оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенетiн, ал сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерiн сақтанушының пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр кезең iшiнде жүзеге асыруға мiндеттенетiн сақтандыру шарты;
      ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
      ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы заңда белгiленген жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
      сақтандыру ұйымы - уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде "өмiрдi

 

сақтандыру" саласында сақтандыру қызметiн жүзеге асырушы заңды тұлға;

     баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн мерзiмдiк

баспасөз басылымы;";

     сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын бұзған

кезде сақтанушы сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақшаның сомасы;

     зейнетақы активтерiн ұжымдық сақтандыру жүйесi жинақтаушы зейнетақы

жүйесiнiң сенiмдiлiк деңгейi мен зейнетақы активтерiнiң сақталу деңгейiн

арттыру жөнiндегi, сақтандыру тетiгiн пайдалана отырып жүзеге асыратын

шаралар жүйесi.";

     2) 4-бап алынып тасталсын;

     3) 6-бапта:

     1-тармақ алынып тасталсын;

     2-тармақтағы:

     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "3) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар мен жинақтаушы

зейнетақы қорлары үшiн пруденциалдық нормативтердi белгiлеу;";

     3-1) тармақша алынып тасталсын;

     5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды

жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерiн басқару

компанияларымен аффилиирленбеген банк-кастодианде ғана сақтау талабын

белгiлеу;";

     8) тармақша алынып тасталсын;

     9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "9) уәкiлеттi органның зейнетақы активтерiн әртараптандыру жөнiндегi

талаптарды белгiлеуi;";

     мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

     "15) зейнетақы активтерiн ұжымдық сақтандыру жүйесiн құру;";

     4) 8-бапта:

     1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:


 
       "3) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға;";
      2-тармақтағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi болған зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе оны жерлеген жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге бiржолғы төлем төленедi";
      5) 9-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Зейнеткерлiк жасына жеткен зейнеткерлерге, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек сіңiрген жылдары үшiн тағайындалған зейнетақысын осы Заңның талаптары бойынша жалпы негiздерде қайта тағайындату құқығы берiледi";
      4-тармақта:
      1) тармақша "және осы Заңның 60-бабының 2-тармақшасында көрсетiлген адамдар қатарындағы еркектерге, қызметтен босатылған сәтiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша "және осы Заңның 60-бабының 2-тармақшасында көрсетiлген адамдар қатарындағы әйелдерге, қызметтен босатылған сәтiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      5, 6-тармақтар "және осы Заңның 60-бабының 2-тармақшасында көрсетiлген адамдарға, қызметтен босатылған сәтiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 13-баптың, 2-тармағының екiншi бөлiгi:
      "белгiленедi" деген сөздiң алдынан "Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган белгiлейтiн тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 18-бап алынып тасталсын;
      8) 21-баптың 1-тармағы "жағдайлардан" деген сөзден кейiн "сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айрылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) III бөлiмнiң тақырыбы "қорларынан" деген сөзден кейiн "және сақтандыру ұйымдарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 7-тараудың тақырыбындағы "Зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру" деген сөздер "Зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу
      1. Мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылар осы Заңда белгiленген ставка бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге тиiс.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын салушы мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу үшiн бiр ғана қорды таңдап алуға және онымен зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мiндеттi зейнетақы жарналарын салушыларға мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр мезгiлде екi және одан да көп шарт жасасуға жол берiлмейтіні сияқты, салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгiзуге, не жарнаны бiр қорға төлеп, зейнетақы жинақтарының бiр бөлігiн екiншi бiр жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауға да жол берiлмейдi.
      3. Осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнет жасына жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
      4. Мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен төленедi.
      5. Мiндеттi зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелетiн өсiмпұлдардың толығынан және уақытында төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
      6. Мiндеттi зейнетақы жарналары басқа адамдардың пайдасына төленбейдi.";
      12) мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3 және 22-4-баптармен толықтырылсын:
      "22-1-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары мiндеттi зейнетақы жарналарын салушының мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеуге қабылданатын айлық табысының он пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын айлық табыс ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
      2. Адвокаттар, жекеменшiк нотариустар мен жеке кәсiпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына олар өз пайдасына төлеуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары ең төмен жалақының кемiнде он пайызы мөлшерiнде белгiленедi, бiрақ ең төменгi жалақының елу еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
      Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (есептеудің) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.".
      22-2-бап. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы
      1. Ерiктi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке тұлғадағы салымшылар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасағанда өз табысы есебiнен өз пайдасына енгiзедi.
      2. Ерiктi зейнетақы жарналарын енгiзудi өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асырған жағдайда агенттер қызметкерлердiң пайдасына ерiктi жарна салушылар бола алады.
      3. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы мен оларды төлеудiң тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
      22-3-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы
      1. Ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналарын төлеудi агенттер өзiнiң жеке қаражаты есебiнен кәсiптер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн қызметкердiң пайдасына жүзеге асырады.
      2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi. Бұл ретте ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен белгіленедi және ол Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.";
      22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын уақытында ұстамағаны және аудармағаны үшiн жауапкершiлiк
      1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының агент уақытында ұстамаған және аудармаған сомасы салымшыға нақты төленген және салымшы табысты алған жағдайда оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оны агент осы сомалар нақты төленетiн күнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде әрбiр кешiктiрiлген күн (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын салушының пайдасына өсiм есептей отырып аударуға тиiс.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және/немесе уақытында аударылмаған жағдайда салық органдары жинақталып қалған берешектер шегiндегi ақшаны агенттердiң банктiк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы. Бұл ретте агент салық органдарының инкассалық өкiмiмен ұсынылған берешектер пайдасына өндiріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн қызмет көрсетушi банкке ұсынуға тиiс."
      3. Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент салық органдарының инкассалық өкiмiмен ұсынылған берешектер пайдасына өндiріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы салымшыларының тiзiмiн ұсынбаса, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектерi болса, банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы басқа да ұйымдар агенттердiң банктiк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және ең алдымен, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға қатысты нұсқауларды орындауға мiндеттi.
      4. Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасын осы сомаларды агенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығару күнi Орталық арқылы аударуға тиiс.
      13) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерiне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақтары бар адамдардың мына жағдайларда құқығы бар:
      1) осы Заңның 9-бабының 1,2 және 3-тармақтарында көзделген талаптар басталғанда;
      2) еңбек қызметiн тоқтатқанда және 55 жасқа толғанда;
      3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектер;
      4) осы Заңның 60-бабының 1-1-тармағында және 65-бабының 4-тармағында көрсетiлген:
      5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды берген адамдар. Бұл ретте Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кетер кезiнде зейнетақы жинақтарын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабының 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұрагерлiкке қалдырылады."
      14) мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 және 23-3-баптармен толықтырылсын:
      "23-1-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi
      1. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiне жинақтаушы зейнетақы қорларында зейнетақы жинақтары бар мыналардың:
      1) 55 жасқа толған адамдардың;
      2) мүгедектердің құқығы бар.
      2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұрагерлiкке қалдырылады.
      23-2-бап. Ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi
      1. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiне еңбек қызметiн тоқтатқан және 50 жасқа толған адамдардың құқығы бар.
      2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұрагерлiкке қалдырылады.
      23-3 бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын төлеу
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн төлеу жеке зейнетақы шоттарында зейнетақы төлемдерi бар алушыларға оның жеке басын растайтын куәлiгi болғанда жүргiзiледi.
      2. Осы Заңның 9-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген адамдар өз қалауы бойынша зейнетақы төлемдерiн жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген кестеге сәйкес зейнетақы төлемдерi түрiнде немесе зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебiнен сақтандыру ұйымынан зейнетақы төлемдерi түрiнде алуға құқылы.
      3. Алушыға Орталықтан тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң және кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң ай сайынғы сомасы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      Егер Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аз болса, онда жинақтаушы зейнетақы қоры кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн ең төмен зейнетақы мөлшерi мен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң сомасы арасындағы айырма ретiнде жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейiн есептейдi.
      4. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн есептеудi жүзеге асырудың әдiстемесiн және кезеңдiлiгiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      6. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi мен алушы ұсынатын құжаттардың тiзбесi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарында белгiленедi.";
      15) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтер беру
      1. Агенттер, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, әр айдың 15-iне дейiнгi мерзiмде салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары жөнiнде мәлiметтер ұсынады. Мәлiметтер ұсынудың тәртiбiн Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органмен келiсе отырып белгiлейдi.
      2. Агенттер тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-ына дейiн, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, салымшылардың аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларына уәкiлетті орган белгiлеген нысандар бойынша ұсынуға мiндеттi.
      Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарына бастапқы есеп жүргiзуге мiндеттi.";
      16) 25-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегергендегi айыппұл санкциялары (өсiмпұл) және зиянды өтеу ретiнде түскен қаражат есебiнен қалыптасады.";
      2-тармақтағы:
      "алушының" деген сөзден кейiн "жинақтаушы" деген сөздермен;
      "және" деген сөзден кейiн "/немесе" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-1 тармақта:
      1) тармақшадағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы "заңдарға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын және "зейнетақы қорына" деген сөздерден кейiн "не зейнетақы аннуитетi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымына" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерiн төлеумен және зейнетақы жинақтарын аударумен байланысты шығыстарды өтеуге.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      17) 26-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кастодиандық шарт банк-кастодиан, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры өз бетiнше жүзеге асыратын болса, онда кастодиандық шарт банк-кастодиан мен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.";
      2-1 тармақтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер алынып тасталсын
      3-тармақта:
      бiрiнші бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банк-кастодиан мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды және олар заңдарға сәйкес келмеген жағдайларда зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының (егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шек қоюға (орындамауға) және бұл жөнiнде бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар етуге мiндеттi.
      екiншi бөлiктегi "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      18) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының, жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен агенттерінің құқықтары мен мiндеттерi
      1. Мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының және жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:
      1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға;
      1-1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлерi), зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания және банк-кастодиан туралы уәкiлеттi орган белгiлеген көлемде ақпарат алуға;
      2) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алуға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;
      4) егер осы Заңда зейнетақы төлемдерiн алудың өзгедей тәртiбi көзделмесе, жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға;
      5) өзiнiң зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне жылына екi реттен асырмай аударуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң зейнетақы жинақтарын мұра етiп қалдыруға;
      7) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрғылықты тұруға кетер кезiнде заңдарға сәйкес зейнетақы жинақтарын алып кетуге;
      8) зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;
      9) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн қызметкерден талап етуге құқылы.
      3. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары:
      1) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес бiр мезгiлде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр шарттың ғана тарабы болуға және мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын тек қана бiр жинақтаушы зейнетақы қорында ұстауға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерiн орындауға әсер ететiн барлық өзгерiстер туралы жинақтаушы зейнетақы қорларына осы өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк он күн ішінде хабарлауға;
      3) мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару үшiн мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн агентке ұсынуға;
      4) осы Заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитетiн жасасуға;
      5) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға және зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
      4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен уақытылы есептеуге, аударуға (есептеуге) және төлеуге мiндеттi.
      19) 28-бап алынып тасталсын;
      20) 30-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгiлi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.";
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгiлi шарттарды уәкiлеттi орган әзiрлейді және бекiтедi, демек онда мынадай мәлiметтер болады:";
      11) тармақша "жарналарының" деген сөзден кейiн "немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзге де мәлiметтер.";
      21) 31-бапта:
      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы тараптардың және өзге адамдардың жауапкершiлiгi;
      мынадай мазмұндағы 3,4,5-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және кастодиан-банктердiң жауапкершілігiнiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және шарттарымен белгiленедi.
      4. Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының мөлшерi шын мәнiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарынан аз болып қалса, ал зейнетақы жинақтарының азаюы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң және/немесе зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және/немесе банк-кастодиандердiң кiнәсiнен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры өз қаражаты есебiнен зейнетақы жинақтарының жоғалған бөлiгiн нақты енгiзiлген зейнетақы жарналары мөлшерiне дейiн өтеудi ескере отырып, орнына келтiруге мiндеттi. Өтеу мөлшерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      5. Зейнетақы жинақтарын аударуды және зейнетақы төлемдерiн жүргiзудi кешiктiрген кiнәлi заңды тұлғалар кешiктiру салдарынан құқықтары бұзылған адамның пайдасына шартта көзделген өсiмпұлды төлеуге мiндеттi.";
      22) Мынадай мазмұндағы 7-1 тараумен және 31-1, 31-2, 31-3, 31-4 және 31-5 - баптармен толықтырылсын:
      "7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру
      31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан берiлетiн сақтандыру төлемдерi
      1. Осы Заңның 9-бабының 1,2 және 3-тармақтарында көрсетiлген адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерiн өмiр бойына жүзеге асыру туралы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан ай сайын берiлетiн сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
      2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқанда ғана зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.
      Осы тармақта көрсетiлген адамдарға сақтандыру төлемдерiн сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес өмiр бойына жүргiзедi. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтандыру ұйымымен ай сайынғы сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмаған жағдайда жасалады.
      3. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген адамдардың еңбек сіңiрген жылдары үшiн зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн, сондай-ақ әскери қызметтен, iшкi iстер органдарындағы қызметтен еңбек сiңiрген жылдары үшiн босатылған адамдардың өзiнің мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының елу пайызынан аспайтын мөлшерiн пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқанда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.
      4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында көрсетiлген адамдардың зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқанда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.
      31-2-бап. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу
      1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгiлi шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
      2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында осы Заңда тiкелей белгiленген жағдайларды қоспағанда, шарт тараптарының келiсiмiмен белгiленген мерзiмге жасалады.
      3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы тұлға сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.
      4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
      5. Зейнетақы аннуитетi шартының талаптары заң актiлерiнде белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс.
      6. Зейнетақы аннуитетi шарты жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған сәттен бастап қолданылады және ол тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.
      7. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамға оны жасасқан күннен бастап екi жыл ішiнде зейнетақы аннуитетi шартын бұзуға тыйым салынады.
      Зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана мүмкiн болады. Зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде оларға көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымы iстi жүргiзу үшiн жұмсаған шығыстар шегерiле отырып, төленген сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      31-3-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен мiндеттерi
      1. Сақтанушы:
      1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есептерiмен танысуға;
      2) сақтандыру ұйымынан жүргiзiлетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есептерiн тексеру үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
      3) сақтандыру полисi жоғалып қалған жағдайда оның көшiрмесiн алуға құқылы.
      2. Сақтанушы:
      1) Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын осы шарттың түпнұсқасын ұсына отырып хабардар етуге;
      2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитетi шартын жасасқанда оны жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде бұрын жасасқан Зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға және жаңа шарттың түпнұсқасын бұрынғы сақтандыру ұйымына беруге мiндеттi.
      3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес зейнетақы жинақтарының сомасын бiрмезгiлде және толық көлемiнде алуға құқылы.
      4. Сақтандыру ұйымы:
      1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан берiлетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есебiмен таныстыруға;
      2) Зейнетақы аннуитетi шартын үш данада рәсiмдеуге, оның екеуi сақтанушыға берiледi;
      3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған сәттен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында көрсетiлген сатып алу сомасын сақтандыру ұйымына аударуға;
      4) зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру ұйымынан берiлетiн сақтандыру төлемдерiн уақытында жүзеге асырмаған кезде кешiктiрiлген әр күн үшiн алынбай қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерiнде сақтанушыға өсiмпұл төлеуге;
      5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемiн отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеудi жүзеге асырушы адамға осы Заңда белгiленген мөлшерде жерлеу жәрдемақысы түрінде жүзеге асыруға мiндетті.
      31-4-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударудың тәртiбi
      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мiндеттердi орындауды

 

кешiктiрген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 31-бабының

3-тармағына сәйкес алушы алдында жауапты болады.

     31-5-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты бойынша есептердi жүзеге асыру

     1. Зейнетақы жинақтары (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру

төлемдерiнiң есебiн сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы уәкiлеттi орган

белгiлеген әдiстемеге сәйкес жүзеге асырады.

     2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарты бойынша iс

жүргiзуге арналған шығыстарының шектi деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

     23) 32-бап алынып тасталсын;

     24) 33-бапта:

     баптың тақырыбындағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып тасталсын;

     1-тармақтағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып тасталсын;

     3-тармақ "сол" деген сөзден кейiн "жинақтаушы зейнетақы қорының"

деген сөздермен толықтырылсын;

     4-тармақтағы:

     "алушының" деген сөз "салымшының/алушының" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     "зейнетақы шартын" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру туралы

шарттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

     25) 34-баптың тақырыбындағы және баптың мәтiнiндегi "мемлекеттiк

емес" деген сөздер алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын.

     26) 36-бапта:

     баптың тақырыбындағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып тасталсын;


 
       1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының резиденттерi және резиденттерi емес тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Заңда және уәкiлеттi органның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнде белгiлi бiр рейтiнгi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Коммерциялық ұйым мәртебесi бар, оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар мен жарғылық қорына оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе афилиирленген адамдар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      1-2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының шетелдердiң қатысуымен жиынтық жарғылық капиталы уәкiлеттi орган рұқсат берген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының бәрiнiң жария етiлген жиынтығы жарғылық қорының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.
      1-3. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнiң үштен бiрiн Қазақстан Республикасының азаматтары құрауы тиiс. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттерi емес мүшелерi қызметiн қаржы рыногында жүзеге асырушы ұйымдарда кемiнде үш жыл басшылық қызмет тәжiрибесiн куәландырушы құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
      1-4. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес проценттен астам жиынтығы:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың;
      2) акцияларының (қатысушылар салымының) елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншiгiнде және (немесе) басқаруында болатын заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң;
      3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын номинальды ұстаушылары болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде және басқаруында болатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қатысуымен ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.
      2-тармақтағы бiрiншi және екiншi бөлiктердегi "акцияларының" деген

 

сөзден кейiн "жалпы санының" деген сөздермен толықтырылсын;

     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "3. Мемлекеттiк кәсiпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы

немесе акционерi бола алмайды.";

     5-тармақтағы "құрылтайшысы" деген сөзден кейiн "немесе акционерi"

деген сөзбен толықтырылсын;

     27) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ олардың

құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу әдiлет

органдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсаты болғанда

жүзеге асырылады.";

     28) 38-бапта:

     баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер

алынып тасталсын;

     2-тармақта:

     "Мемлекеттiк емес" деген сөздер "Жинақтаушы" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып тасталсын;

     "тыйым салынады" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен

толықтырылсын:


 
       "Мемлекеттiк" деген сөз жинақтаушы зейнетақы қорының атауында егер

 

құрылтайшылары немесе акционерлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi

болғанда ғана пайдаланылады";

     "Атауда алушының" деген сөздерден кейiн "/салымшының" деген сөзбен

толықтырылсын;

     29) 39-бапта:

     3, 3-1, 4 және 5-тармақтары алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

     "6. Жинақтаушы зейнетақы қорларын - лицензиаттарды қайта құру

салдарынан туындайтын жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын

тартуға, зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға, егер бұл құқықтық

мирасқорлық көлемiнде оларға ауысқан мiндеттерден туындайтын болса,

лицензия алу үшін белгiленген мерзiмдерге уәкiлеттi орган уақытша рұқсат

беруi мүмкiн.";

     30) 40-бапта:

     2-тармақта:

     үшiншi абзацтағы "алынбаған" деген сөзден кейiн "өтелмеген" деген

сөзбен толықтырылсын;

     төртiншi абзацта:

     "бұрын" деген сөз "ертеректе" деген сөзбен ауыстырылсын;


 
       "болған адам" деген сөздерден кейiн "осы оқиғадан кейiн бес жылдан аз уақыт өткен болса," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған адам басшы қызметкер бола алмайды.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      31) 41-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегi қызметтi уәкiлетті орган беретiн лицензияның негiзiнде дербес жүзеге асыруға;
      2-2) зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мәселелер жөнiнде сот органдарында салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен оның мүддесiн бiлдiруге.";
      2-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) алушының зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне және сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен аударуға;
      7) тармақша мынадай сөздермен толықтырылсын: "жинақтаушы зейнетақы

 

қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi

жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда.";

     мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:

     "11) салымшымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен

қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

     12) салымшымен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен

қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

     13) әрбiр жеке тұлғамен олардың тұратын жерiне қарамастан,

зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға кепiлдiктi қамтамасыз

етуге.";

     3-тармақта

     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "2) жеке қажеттiлiктерiне сатып алған мүлiктi сатуды және қаржы

құралдарымен мәмілелердi қоспағанда, уәкілеттi орган белгiлейтiн сауда

қызметiн жүзеге асыруға;";

     6) тармақша алынып тасталсын;

     бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:


 
       "4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында сақтауға мiндеттi пруденциялық нормативтер белгiленедi, олардың құрамына мыналар кiредi:
      1) жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi;
      2) резервтiк капиталды қалыптастыру;
      3) меншiктi капиталының жеткiлiктi болуы;
      4) өзге нормативтер.
      Пруденциялық нормативтердiң нормативтiк маңызы мен есеп айырысу әдiстерiн, сондай-ақ тиiстi есеп беру нысандары мен оны ұсыну мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қорының қатысуымен консорциумдарға және қарапайым серiктестiктерге қатысатын адамдар мен ұйымдардың қызметiн реттеу шоғырланған негiзде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Реттеудi шоғырландырылған негiзде жүзеге асырудың ережесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
      32) 42-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Уәкілеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын кез келген мынадай негiздердiң бiрi бойынша алты айға дейiн тоқтатуға құқылы:
      1) лицензия берiлген ақпараттың жалғандығы;
      2) лицензия алғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын бастауды кешiктiруi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн ұдайы (12 күнтiзбелiк ай ішiнде үш және одан да көп жағдайлары) орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген нормативтердi және орындауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi ұдайы (12 күнтiзбелiк ай ішiнде үш және одан да көп жағдайлары) бұзуы;
      5) Қазақстан Республикасының заң және нормативтiк құқықтық актiлерiн, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзуы не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
      6) есептiлiктер мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе қасақана жалған есеп-қисаптар мен мәлiметтердi ұсынуы.
      1-2. Лицензияның қолданылуын тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және бұрыннан тартылған салымшылар бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуына тыйым салынуына әкеп соқтырады.
      1-3. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы қабылдаған шешiмi басылым беттерiнде қазақ және орыс тiлдерiнде хабарландыруларды жариялау жолымен жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларының назарына жеткiзiледi.
      1-4. Лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептердi жинақтаушы

 

зейнетақы қорларының белгiленген мерзiмде жоймауы оны уәкiлеттi органның

керi қайтарып алуына негiз болады.";

     33) 43-бапта:

     тақырыбындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып

тасталсын;

     1-тармақтағы "қордың" деген сөздiң алдынан "жинақтаушы зейнетақы"

деген сөздермен толықтырылсын;

     2-тармақтағы

     "екi аптаның" деген сөздер "он бес күннiң" деген сөздермен;

     "жазбаша хабардар ету бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi

жарияланымдар беру" деген сөздер "екi басылымда мемлекеттiк және орыс

тiлдерiнде тиiстi хабарландырулар жариялау" деген сөздермен ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

     "Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң салымшылар мен алушыларды

хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшiн атауын

өзгерткен кезде де мiндеттi болып табылады";

     бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

     "3. Қайта құрылған жағдайда:

     1) қосу нысанында - жаңадан құрылған жинақтаушы зейнетақы қоры;

     2) бөлiну нысанында - жаңадан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары;

     3) бөлiнiп шығу нысанында - бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы

қорлары,


 
       зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн жүзеге асыру құқығына жаңа лицензия алуға мiндеттi.
      Қайта құрылған жағдайларда мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары қолдағы бар лицензиясы негiзiнде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқылы:
      1) бөлiнiп шығу нысанында қайта құру кезiнде одан екi немесе одан да көп заңды тұлға бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негiзiнде бiрiктiру

 

нысанында қайта құру кезiнде өзiне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып

алған, қайта құрылған жинақтаушы зейнетақы қоры.

     Жинақтаушы зейнетақы қоры корпоративтiк түрден ашық түрге қайта

құрылған жағдайда қайта құрылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа

лицензия алуға мiндеттi.";

     34) 44-бапта:

     тақырыбындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып

тасталсын;

     3) тармақша "заңдар" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан

Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

     35) 45-бапта:

     тақырыбындағы және баптың мәтiнiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер

алынып тасталсын;

     4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "4. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатыны туралы күнтiзбелiк он күн iшiнде салымшылар мен алушыларды басылым беттерiнде қазақ және орыс тiлдерiнде хабарландыруларды жариялау жолымен хабардар етуге мiндеттi."
      5-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "зейнетақы шарты" деген сөздер "зейнетақымен

 

қамсыздандыру туралы шарт" деген сөздермен ауыстырылсын;

     екiншi бөлiктегi "қорды" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорын" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

     "8. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратушы комиссияның қызметiне

бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";

     36) 46-бапта:

     "Жинақтаушы зейнетақы қорының" деген сөздiң алдынан "1" деген санмен

толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

     "2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының меншiктi капиталы бұл жинақтаушы

зейнетақы қорларының мiндеттемелерiн алып тастағандағы оның активтерiнiң

құны. Меншiктi капиталды есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

     37) 47-бапта:

     1-тармақ алынып тасталсын;

     2-тармақтағы:

     бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

     "2. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталының ең төменгi

мөлшерiн, оны қалыптастырудың тәртiбiн және құрамын уәкiлеттi орган

белгiлейдi.";

     екiншi бөлiктегi:

     "мемлекеттiк емес" деген сөз алынып тасталсын;

     "қосымша эмиссия" деген сөздер "қосымша шығару" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     "қор "деген сөздiң алдынан "жинақтаушы зейнетақы" деген сөздермен

толықтырылсын;

     4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "4. Құрылтайшылар немесе акционерлер-заңды тұлғалар ақшаны жарғылық капиталға енгiзедi, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын меншiктi капиталының шегiнде төлейдi.
      Құрылтайшылар немесе акционерлер-заңды тұлғалар ақшаны жарғылық капиталға енгiзедi, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын салық заңдарында табысы және мүлiгi туралы декларация беру бөлiгiнде белгiленген талаптарды ескере отырып төлейдi."
      5-тармақта:
      "лицензия" деген сөздiң алдынан "зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру құқығына" деген сөздермен толықтырылсын;
      тармақ "жарғылық капитал" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      бап мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:
      "6. Уәкiлеттi орган құрылтайшылар мен жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерiнен құрылтайлық құжаттар мен қаражат есептемесiн ұсынуды талап етуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.";
      38) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын.
      "1. Комиссиялық сыйақылардың шекті шамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) түскен зейнетақы жарналарының 0,5 пайызынан;
      2) инвестициялық кiрiстiң 10 пайызынан;
      3) тоқсанына зейнетақы активтерiнiң 0,05 пайызынан аспайтын шекте белгiлейдi.
      Комиссиялық сыйақының мөлшерi жылына кемiнде бiр рет өзгеруi және

 

енгiзiлуден кем дегенде бiр ай бұрын жариялануы мүмкiн. Комиссиялық

сыйақыны өндiрiп алудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi

белгiлейдi.";

     39) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Алушылардың/салымшылардың жеке шоттарындағы мiндеттi зейнетақы

жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары және ерiктi кәсiптiк зейнетақы

жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган

белгiлеген тәртiппен бөлек жүргiзiледi.";

     "алушылардың" деген сөз "салымшылардың/алушылардың" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     40) 50-бапта:

     тақырыбындағы және 1-тармақтағы "алушының" деген сөз алынып тасталсын;

     1-тармақтағы:

     "алушының" деген сөздiң алдынан "салымшының/" деген сөзбен

толықтырылсын;

     "осы шоттардағы" деген сөздердiң алдынан "салымшылардың" деген сөзбен

толықтырылсын;


 
       3-тармақ "алушының" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес рәсiмделген" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақша "жүргiзiп отырған" деген сөзден кейiн "қылмыстық" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) тармақша "не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргiзуiне байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5. Прокурорға - тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде, өзiнiң

 

қарауындағы өзiнiң құзырына жататын материалдар шегiнде";

     6) салымшының/алушының өкiлдерiне - ноториалды куәландырылған

сенiмхат негiзiнде";

     41) 11 бөлiмнiң тақырыбындағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып

тасталсын;

     42) 51-бапта:

     тақырыбындағы және баптың мәтiнiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер

алынып тасталсын;

     баптың мәтiнiндегi "компания" деген сөзден кейiн "не қызметтiң осы

түрiмен айналысуға лицензиясы болғанда жинақтаушы зейнетақы қоры дербес"

деген сөздермен толықтырылсын;

     "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алынып

тасталсын;

     43) 52-бапта:

     тақырыбындағы және баптың мәтiнiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер

алынып тасталсын;

     1-тармақтағы "жабық" деген өз алынып тасталсын;

     1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5 тармақтармен толықтырылсын:


 
       "1-1. Заңды және жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi және резиденттерi емес тұлғалар осы заңда және уәкiлеттi органның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
      1-2. Рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнде белгілі бiр рейтiнгi бар заңды тұлға - қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резидентi емес зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның құрылтайшысы және акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төменгi рейтiнгтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Коммерциялық ұйым мәртебесi бар, оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар мен жарғылық қорына оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе аффилиирленген адамдар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      1-3. Ашық акционерлiк зейнетақы қорларының шетелдер қатысқандағы жиынтық жарғылық капиталы, уәкiлеттi орган рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының бәрiнiң жиынтықты жария етiлген жарғылық капиталының елу пайызынан аспауға тиiс.
      1-4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының директорлар кеңесi және басқарма мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалары қатысқандағы үштен бiрiн Қазақстан Республикасының азаматтары құрауы тиіс. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалары - ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының директорлар кеңесi және басқарма мүшелерi қаржы рыногындағы қызметтi жүзеге асырушы ұйымдарда кемiнде үш жыл басшы жұмысына ақы төлегенi туралы көрсететiн құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
      1-5. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бестен астам пайызы жиынтықты түрде:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың;
      2) акцияларының (қатысушылар салымының) елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының меншiгiнде және (немесе) басқаруында болатын заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерiнiң;
      3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын номинальды ұстаушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттерiнің меншігiнде және басқаруында болатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қатысуымен зейнетақы активтерiн басқару жөніндегi компаниялар болып табылады.
      3-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      44) 53-бапта:
      2-тармақта:
      төртiншi абзацтағы:
      "бұрын" деген сөз "ертеректе" деген сөзбен ауыстырылсын;
      абзац "болған адам" деген сөздерден кейiн "егер бұл оқиғадан кейiн бес жылдан кем уақыт өткен болса" деген сөздермен толықтырылсын;
      абзацтағы "ұшыраған" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуден өтпеген" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның басшы қызметкерiнiң кандидатурасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсілуге тиiс.";
      Уәкiлеттi орган зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келiсiмдi мынадай негiздерде:
      1) негiзiнде келiсiм берiлген жалған мәлiметтер анықталған;
      2) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi инвестициялық қызметпен байланысты құқық бұзғаны үшiн жыл iшiнде екi және одан да көп әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғандығы туралы деректердiң болуы;
      3) осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сай келмеуi

 

негiздерiнде қайта қарауға құқылы.";

     4-тармақтағы:

     "уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейiн "белгiленген тәртiппен" деген

сөздермен толықтырылсын;

     "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алынып

тасталсын;

     45) 54-бапта:

     тақырыбындағы және баптың мәтiнiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер

алынып тасталсын;

     1-тармақ "не қызметтiң мұндай түрiмен айналысуға құқық беретiн

уәкiлеттi орган берген лицензиясы болғанда жинақтаушы зейнетақы қоры

дербес жүзеге асырады." деген сөздермен толықтырылсын;

     3-тармақта:

     "пропорциялы" деген сөз "сәйкес" деген сөзбен толықтырылсын;

     "басқаруға" деген сөздiң алдынан "инвестициялық" деген сөзбен

толықтырылсын;

     "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алынып

тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:


 
       "6. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге

 

асырушы жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы

қорларымен олардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт

жасасуға құқығы жоқ.";

     46) 55-бапта:

     баптың мәтiнiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып тасталсын;

     1-тармақта:

     1), 4), 5) және 6) тармақшалардағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу

жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;

     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "3) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде және тәртiпте өз қызметi

туралы есеп беруге;";

     47) 56-баптағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген

сөздер алынып тасталсын;

     48) 57-бапта:

     "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган" деген

сөздер алынып тасталсын;

     "нормативтер белгiлейдi" деген сөздерден кейiн "оларға мыналар жатады:

     1) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерi;

     2) резервтiк капиталды қалыптастыру;

     3) меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi;

     4) өзге нормативтер.


 
       Пруденциялық нормативтердiң нормативтiк маңыздары мен есеп әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептеменiң нысандары мен оны ұсынудың мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
      49) 58-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметiн уәкiлеттi орган заңдарда белгiленген тәртiппен лицензиялайды.";
      екiншi бөлiктегi "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi", "және брокерлiк-дилерлiк қызметтi" деген сөздер алынып тасталсын;
      50) 59-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен жасалған шартты бiржақты тәртiппен бұзуға және зейнетақы активтерiн дұрыс басқармаудан туындаған шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.";
      51) ІҮ-бөлiмнің тақырыбындағы "Әдiлет министрлiгi жүйесiнiң қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн "және соларға теңестiрiлген адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      52) 60-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "жылы бар" деген сөздерден кейiн "толық көлемiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соларға теңестiрiлген адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) және 2) тармақшалардағы:
      "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      "сiңiрген жылы бар" деген сөздерден кейiн "1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның кемiнде 10 жылы әскери қызметтi немесе iшкi iстер органдарындағы қызметтi құрайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада:
      "iшкi iстер органдарының қызметкерлерi" деген сөздер "соларға теңестiрiлген адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "iшкi iстер органдары" деген сөздердiң алдындағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын;
      "6 айын" деген сөздерден кейiн "соның iшiнде 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде 10 жылын" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "соның iшiнде 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның кемiнде 10 жылы " деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерiне:
      1) әскери қызметте, iшкi iстер органдары қызметiнде кемiнде 25 жыл еңбек сіңiрген жылдары бар, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның 10 жылын әскери қызмет пен iшкi iстер органдарындағы қызмет құрайтын және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен;
      2) әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметiнде кемiнде 25 жыл еңбек сiңiрген жылдары бар, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның 10 жылын әскери қызмет пен iшкi iстер органдарындағы қызмет құрайтын, штаттың қысқаруына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босатылған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң, соларға теңестiрiлген адамдардың құқығы бар.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты босатылған адамдарды қоспағанда, қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жыл және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, соларға теңестiрiлген адамдарға осы баптың 1-тармағы бойынша еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы болмаған ретте зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде Орталықтан тағайындалады.";
      3-тармақта:
      "Әділет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      "арнаулы" деген сөз "әскери "деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сыныптық бiлiктiлiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
      53) 61-бапта:
      1-тармақтағы "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерге" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын:
      "60-бабының" деген сөзден кейiнгi "1" деген сан "1-1" деген санмен ауыстырылсын;
      "2,4" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы қызметте 25 жылдан артық iстеген әрбiр жылы үшiн 60-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемiндегi зейнетақы мөлшерi ақшалай үлестiң 2 процентiне және әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы қызметте еңбек сiңiрген жылдары үшiн жалпы стажының әрбiр жылы үшiн 1 пайызына көбейедi.
      25 жылдан артық iстеген жалпы еңбек стажының әрбiр жылы үшiн 60-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемiндегi зейнетақы мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай үлестiң 1 процентiне көбейедi.";
      4-тармақ алынып тасталсын;
      5-тармақтағы "iшкi iстер органдары қызметкерлерi" деген сөздерден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      54) 62-баптағы:
      "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерiнiң" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған еңбек сiңiрген жылдары жеңiлдiктi шарт негiзiнде, ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап - күнтiзбелiк негiзде есептелуi мүмкiн.";
      55) 63-бапта:
      1-тармақтағы "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерiнiң" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "қызметкерлерiн" деген сөздер "соларға теңестiрiлген адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын,
      3-тармақтағы "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      56) 64-бапта "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      57) 65-бапта:
      1-тармақтағы "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтағы "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерi" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы қызметте кемiнде он жыл стажы бар әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi, соларға-теңестiрiлген адамдар үшiн осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай үлестiң 20 процентi мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына, салымшының қалауы бойынша тиiстi бюджеттердiң есебiнен зейнетақы жарналарын енгiзу тәртiбi енгiзiледi.";
      екiншi бөлiгiндегi "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын "қызметкерлерi" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару комитетiнiң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетінің" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерi" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      58) 66-бапта:
      баптың тақырыбындағы "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, соларға теңестiрiлген адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырады.".
      2-тармақтағы "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн "соларға теңестiрiлген адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі.
 

     Қазақстан Республикасының

            Президенті    



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады