Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасында шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы хаттама жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1471 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапымен келіссөздер жүргізсін және қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне рұқсат етіле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан көрсетілген Хаттаманы жасассын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы
шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы
ХАТТАМА

(Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы келісімнің 2-бабына сәйкес,
      төмендегілерді белгіледі:
      Шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері:
      Қазақстан Республикасы тарапынан:
      Ақтау учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Ақтау қаласы) - Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікменстанның мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінен Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының Арал теңізінің шығыс жағалауына шығатын жеріне дейін;
      Қызылорда учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Қызылорда қаласы) - Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекараларының Арал теңізінің шығыс жағалауына шығатын жерінен Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын Сырдария өзені кесіп өтетін жерге дейін;
      Сарыағаш учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Сарыағаш қаласы) - Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын Сырдария өзені кесіп өтетін жерден Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесіне дейін;
      Өзбекстан Республикасы тарапынан:
      Ташкент учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Ташкент қаласы) Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінен Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын Сырдария өзені кесіп өтетін жерге дейін;
      Үшқұдық учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Ташкент қаласы (уақытша) - Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын Сырдария өзені қиып өтетін жерден Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасының Арал теңізінің шығыс жағалауына шығатын жеріне дейін;
      Қарақалпақстан учаскесі бойынша шекаралық өкіл үшін (болу орны - Нөкіс қаласы) - Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасының Арал теңізінің шығыс жағалауына шығатын жерінен Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікменстанның мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесіне дейін.
     Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісіммен бір мезгілде өзінің қолданысын тоқтатады.
     Астана қаласында 2001 жылғы "___" қарашада әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
     Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін қолданылады.

     Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының
         Үкіметі үшін                             Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады