"Канемацу Корпорейшн" фирмасы алдындағы берешектi өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қараша N 1526

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасына берiлген СК-5М1 "Нива" комбайндары үшiн "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының "Канемацу Корпорейшн" фирмасы алдындағы берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - Корпорация) "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрі - Банк) (келiсiм бойынша) бiрлесiп, "Канемацу Корпорейшн" фирмасымен (бұдан әрі - Фирма) Корпорация мен Фирма арасындағы комбайндарды беруге арналған 1996 жылғы 31 шiлдедегi N 817-К келiсiм-шарт бойынша 3 787 600 (үш миллион жетi жүз сексен жетi мың алты жүз) АҚШ доллары сомасында Корпорацияның берешегiн өтеудi жүзеге асыру кезiнде тараптардың мiндеттемелерiн тоқтату туралы келiсiм (бұдан әрі - Келiсiм) жасассын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      1) көрсетiлген Келiсiмге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Мемлекеттiк астық ресурстарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 901 P970901_ қаулысына сәйкес "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қор) алған комбайндар үшiн Корпорацияға төлеуге Қорға 3 787 600 (үш миллион жетi жүз сексен жетi мың алты жүз) АҚШ долларына баламалы сомада 2001 жылға

арналған республикалық бюджетте көзделген ақшалай қаражаттың аударылуын 
қамтамасыз етсін;
     2) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын 
қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар 
енгізсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады