Мемлекеттік кепілдіктер берудің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 желтоқсан N 1652

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Kazakstan Airlines" ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Заемшы) тартылатын мемлекеттік емес заем бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік кепілдігін берсін:
      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде 27 000 000 (жиырма жеті миллион) АҚШ доллары мөлшерінде негізгі борышын, сондай-ақ кепілгердің төлеуге тиісті пайыздары мен өзге де төлемдерін қамтитын сомада;
      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z010273_ Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде 42 000 000 (қырық екі миллион) АҚШ доллары мөлшерінде негізгі борышын, сондай-ақ кепілгердің төлеуге тиісті пайыздары мен өзге де төлемдерін қамтитын сомада;
      2) Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік кепілдігі берілуіне байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы Заемшымен тиісті келісім жасассын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.02.22. N 240

 

              қаулысымен. 


P020240_



     2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

заңнамада белгіленген тәртіппен Заемшының мемлекеттік кепілдік алуға

үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады