Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 952 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 желтоқсан N 1666 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.
      2) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 142-құжат):
      1-тармақта "2003" деген сан "2005" деген санмен ауыстырылсын;
      4-тармақта "2001-2004" деген сандары "2004-2007" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат):
      2-тармақтың екінші абзацында "2002" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшінші абзацында "2002" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын;
      6-тармақта "2001" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын;
      8-тармақта "2003 жылдың қаңтарынан" деген сөздер "2005 жылдың қыркүйегінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта "2000-2004" деген сандар "2004-2007" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. "Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 952 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады