Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 желтоқсан N 1694

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және оларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қазандағы N 247-ІІ ҚРЗ Z010247_ Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларында есепте тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің ақшалай қаражаттарынан 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсталған зейнетақы аударымдарын қайтару үшін 5 530 000 (бес миллион бес

 

жүз отыз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі





Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады