"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1735

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                                  Жоба



 
                         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
                                  ЗАҢЫ
 
                        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
                     ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ
 
      Осы Заң Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастыру мен қызметi қағидаттарын, өкiлеттiктерiн, сондай-ақ қаржы полициясы жүйесiн анықтайды.
 
                         1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
 
      Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi - қаржы полициясы органдары) заңдарда белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел iздестiру қызметiн, алдын ала тергеудi және анықтауды, әкiмшiлiк өндiрiстi жүргiзу жолымен экономика және қаржы қызметi саласында қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғудың алдын алу, оны анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк органдар болып табылады.
 
      2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
 
      1. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi:
      1) өкiлеттіктерi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздігін, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғамның және мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
      2) экономика және қаржы саласындағы қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу;
      3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
      4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      5) заң актiлерiмен анықталатын өзге де мiндеттер болып табылады.
 
      3-бап. Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
 
      Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы, кодекстерi, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
 
      4-бап. Қаржы полициясы органдарын ұйымдастыру мен олардың
             қызметiнiң қағидаттары
 
      1. Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, барлығының заң мен сот алдындағы теңдiгi, адам және азамат құқықтары мен еркiндiктерiн, ар-намысын құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы жүйесiнiң тұтастығы, қызметтiң жария және жария емес нысандарының үйлесуi және дара басшылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
      2. Қаржы полициясы органдары мемлекеттік құпияларды қорғау туралы

 

заңдардың талаптарына қайшы келмейтiн шекте жария iс-қимыл жасайды.

     3. Заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, қаржы

полициясы органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.


                   2-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ЖҮЙЕСI

                        ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ


     5-бап. Қаржы полициясының жүйесі


     1. Қаржы полициясының төмен тұрған құрылымдары жоғары тұрғандарына

бағынысты бiртұтас орталықтандырылған жүйесi бар.

     Қаржы полициясының бiртұтас жүйесiн:

     1) қаржы полициясы органдары, оның iшiнде:

     орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);

     қаржы полициясының аумақтық және арнайы органдары;

     2) оқу орындары және уәкiлеттi орган оларға қатысты басқару органы

болып табылатын өзге де ұйымдар құрайды.


 
       2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.
      Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының арнайы органдары болып табылады.
      3. Қаржы полициясының аумақтық және арнайы органдары тиiстi әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктiң шегiнде уәкiлеттi орган функцияларын жүзеге асырады.
      4. Уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ қаржы полициясы жүйесiне кiретiн ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Қаржы полициясы жүйесiне кiретiн ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртiбi және ерекшелiктерi өзге заңдармен анықталады.
      6. Қаржы полициясы органдарының туы мен рәмiзi болады.
      Қаржы полициясы органдары туы мен рәмiзiнiң сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
 
      6-бап. Уәкiлеттi орган
 
      1. Экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметi саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шекте салааралық үйлестiрудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкiлеттi орган болып табылады.
      2. Уәкiлеттi орган:
      1) қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша iс-қимылдарына жалпы басшылықты, оларды үйлестiру мен келiсудi қамтамасыз етедi;
      2) қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң практикасын талдайды;
      3) экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын анықтайды, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
      4) қаржы полициясы бөлiмшелерiнiң жұмысын бақылайды;
      5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасасады;
      6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын айқындайды, оларды iске асырудың құқықтық, ұйымдастыру және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;
      8) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен өзара iс-әрекет жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
      9) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Уәкiлеттi орган, оның бөлiмшелерi, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультативтiк-кеңес беру органы болып табылатын алқа құрылады.
      4. Заңдарда белгiленген негiзде және тәртiппен қабылданған уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындалуға мiндеттi.
 
      7-бап. Уәкiлетті органның басшысы
 
      1. Уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары заңдарға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      2. Басшы өз өкiлеттiктерi шегінде шешiмдер қабылдауда дербес және уәкiлеттi органның қызметi үшiн жеке жауапты болады.
      3. Басшы заңдарға сәйкес:
      1) уәкiлеттi органға басшылықты жүзеге асырады;
      2) барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда уәкiлеттi органды бiлдiредi;
      3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын тағайындайды;
      4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды;
      5) өз өкiлеттiктерi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      6) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң және қаржы полициясы органдары оқу орындарының құрылымын, және қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;
      7) мiндеттi арнайы тексеруден өткен Қазақстан Республикасының

 

азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы

атақтарды бередi;

     8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды

және қызметтен босатады;

     9) алқаның сандық құрамын және, ереже бойынша, орынбасарларының,

бөлiмшелер басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың iшiнен, жеке

құрамын бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын дайындау мен өткiзу тәртiбiн

айқындайды;

     10) заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


                  3-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ

                          МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ


     8-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi


     1. Қаржы полициясы органдары алдында қойылған мiндеттерiне сәйкес, өз

өкiлеттiктерi шегiнде:


 
       1) жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, олардың алдын-алу, ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау, және қоғамға қауiптi зардаптарын болдырмау жөнiнде шаралар қолдануға;
      2) қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
      4) жедел iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн бекiту жолымен қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өндiрiсiндегi қылмыстық iстер бойынша жедел iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ сот ұйғарымдарын орындауға;
      5) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша адамдарды;
      мемлекет мүддесiне берiлген талап бойынша орналасқан жерi белгiсiз болған кезде жауапкердi iздестiрудi жүзеге асыруға;
      6) экономикалық құқық бұзушылықтармен келтiрiлген мүлiктiк залалды орнына келтiрудi қамтамасыз етуге шаралар қолдануға;
      7) сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
      8) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де тұлғалардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғау бойынша заңдарда көзделген шараларды қабылдауға;
      9) мемлекеттiк, коммерциялық құпияны және жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға;
      10) заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.
 
      9-бап. Қаржы полициясы органдарының құқықтары
 
      1. Қаржы полициясы органдарына оларға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн, өкiлеттiктерi шегiнде және заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай құқықтар берiледi:
      1) жалпы және арнайы жедел іздестiру шараларын жүзеге асыру;
      2) тек қана өндiрiстегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректер мен өзге де мәлiметтерге рұқсаты болуы және оларды берудi талап ету, олардың көшiрмелерiн алу, түсiнiктемелер алу, шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген тұлғаларды мәжбүрлеп әкелу;
      3) қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және әкiмшiлiк заңдарға сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қою немесе алуды жүргiзу;
      4) заңдарда көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
      5) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылдау;
      6) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу;
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау мен iстердi қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдарда көзделген басқа да шараларды қолдану;
      8) салықтық тексеру және мемлекеттiк қызметке орналасуға үмiткерлердiң, мемлекеттiк қызметшiлердiң және мемлекеттiк қызметтен босатылған тұлғалардың декларацияларын тексеру жүргiзуде салық қызметi органдарына қолдаухаты (өтiнiшi) бойынша жәрдем беру;
      9) заңдарда көзделген жағдайларда уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалардан ревизия, тексерiс, аудит және бағалау жүргiзудi талап ету;
      10) кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiк нысанына қарамастан) аумағына кедергiсiз, ал әскери бөлiмдердiң және басқа да режимдi объектiлердiң аумағына - олардың басшыларының келiсiмi бойынша, тергеу, анықтау және жедел iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен кез келген уақытта кiру;
      11) заңдарда белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпарат жүйелерiн құру және пайдалану, алдын ала тергеу, анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiс барысында зерттеулер ұйымдастыру;
      12) заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа

 

қызметiн жүзеге асыру;

     14) заң актiлерiнде көзделген өзге де әрекеттердi орындау.

     2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi заңдарда белгiленген

тәртiппен қаруды, оқ-дәрiлердi, арнайы құралдарды сақтауға, алып жүруге

және қолдануға, сондай-ақ қажет болған кезде күш, оның iшiнде күрестiң

жауынгерлiк тәсiлдерiн, қолдануға құқығы бар.


                    4-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ

                   ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ КYШ, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР

                            ЖӘНЕ ҚАРУ ҚОЛДАНУЫ


     10-бап. Күш және арнайы құралдар қолдану



 
       Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi күш, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, және тiзбесiн Yкiмет анықтайтын арнайы құралдарды:
      1) азаматтарға, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне және өзге де елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қорғау және қылмысқа қарсы күрес бойынша қызметтiк немесе азаматтық борышын орындайтын тұлғаларға шабуылды тойтару;
      2) құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды, егер осы адамдар заңды өкiмдерге немесе талаптарға бағынбаса немесе өзге де қарсылық көрсетсе, немесе айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн болса, оларды құқық қорғау органының үй-жайларына жеткiзу;
      3) ұсталғандарды, қамауға алынған адамдарды, егер осы адамдар айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiрумен түйiндес заңды өкiмдерге немесе талаптарға бағынбаса немесе өзге де қарсылық көрсетсе, немесе, айдауылдау;
      4) қажеттi қорғаныс пен аса қажеттiлiктiң өзге де жағдайлары кезiнде қолданады.
 
      11-бап. Қару қолдану
 
      1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген шекте жауынгерлiк қол атыс қаруын:
      1) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларды қылмыстық қол сұғудан қорғау;
      2) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы және салық органдарының иелiгiндегi, пайдаланысындағы немесе бақылауындағы күзетiлетiн тауарларға, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға және көлiк құралдарына шабуылды тойтару;
      3) қарулы қарсылық көрсеткен, қылмыс жасаған, тұтқыннан қашқан (әкiмшiлiк қамаудағылардан басқа) адамдарды ұстау, қарулы адамдарды ұстау;
      4) егер жүргiзушi қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң заңды

 

талаптарына бағынбай азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн

болса, көлiк құралдарын зақымдау жолымен тоқтату;

     5) жануарлар шабуылынан қорғану;

     6) қару қолдану туралы ескерту, дабыл белгiсiн беру немесе көмекке

шақыру;

     7) қажеттi қорғаныс пен аса қажеттiлiктiң өзге де жағдайлары кезiнде

қолдануға құқылы.

     2. Жауынгерлiк қол атыс қаруын қолданудың барлық жағдайларында қаржы

полициясы органдарының қызметкерi:

     1) айналасындағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап

шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар

қабылдауға;

     2) тiкелей бастығына қару қолданғаны туралы баяндауға, ал қару мен

арнайы құралдарды қолдануы адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға

әкеп соқтырған жағдайларда кiдiрiссiз прокурорды хабардар етуге мiндеттi.


     12-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң

             күш қолдануы, арнайы құралдарды және қаруды

             қолдануы бойынша шектеулер


     Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға және жасы белгiлi

немесе анық болып тұрса кәмелетке толмағандарға қатысты, олар

айналасындағылардың өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл,

топтасып шабуыл жасаған немесе қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды

қоспағанда, күш қолдануды, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға тыйым

салынады.


                     5-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ

                      ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ


     13-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң

             еңбегiн құқықтық реттеу мен жағдайы


     1. Еңбек қатынастары:


 
       1) қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен, сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдармен реттеледi;
      2) қаржы полициясы органдарының мамандары мен жұмысшыларының еңбек қатынастары мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдармен реттеледi.
      2. Қаржы полициясы органдарының қызметiнде немесе кадрларында тұрған, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматы қаржы полициясы органдарының қызметкерi болып табылады.
      Қаржы полициясы органдарының кадрына енгiзу тәртiбi мен шарттары Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
      3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi мемлекеттiк өкiмет өкiлi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң заңды талаптарын барлық азаматтар мен лауазымды тұлғалар орындауға мiндеттi.
      4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерiне Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережеде көзделген тәртiппен оның жеке басын және өкiлеттiктерiн растайтын белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiк пен жетон берiледi. Куәлiк пен жетонның сипаттамасын уәкiлеттi орган бекiтедi.
      5. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, қорлау, қарсылық көрсету, зорлықпен қорқыту немесе оның өміріне, денсаулығына, ар-намысына, қадір-қасиеті мен мүлкiне қол сұғу, оған жүктелген мiндеттердi орындауға бөгет жасайтын басқа iс-әрекеттер жасау, сондай-ақ оның қызметтiк борышын орындауына байланысты отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетi мен мүлкiне қол сұғу заң актiлерiмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      6. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң қызметтiк iс-әрекетiне араласуға, осыған заң актiлерiмен тура уәкiлеттік берiлген тұлғалардан басқа, ешкiмнiң құқы жоқ. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң iс-әрекетiне құқыққа қарсы араласу заң актілерiнде белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      7. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi республиканың аумағында лауазымына және ведомствоiшiлiк бағыныстылығына, уақытқа қарамастан, оған азаматтар немесе лауазымды тұлғалар экономика қызметi саласындағы құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабарлама берген жағдайда немесе сондайды тiкелей анықтаған жағдайда, экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жақын арадағы қаржы полициясы органдарының бөлiмшесiне хабарлау бойынша өзiне берiлген құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi.
      8. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi өзiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      9. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi, егер оның әрекеттерi заңдарға сәйкес жүзеге асырылса, арнайы құралдарды, күш пен қаруды қолданудан келтiрiлген зиянға жауап бермейдi.
      10. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы еңбек туралы заңдарға сәйкес белгiленедi. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi кезек күттiрмейтiн жедел және тергеу iс-шараларын орындау қажет болған жағдайда белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мейрам күндерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруға тартылуы мүмкiн.
      11. Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органдарының кадрларында қалдырыла отырып, Үкiмет айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
 

     14-бап. Қаржы полициясы органдарының

             қызметкерлерiмен қызмет өткеру


 
 
       1. Қаржы полициясы органдарына қызметке он сегiз жасқа толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi мен денсаулық жағдайы жөнiнен қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      2. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарына оқуға он алты жасқа толған, орта бiлiмi бар, денсаулық жағдайы жөнiнен қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды адамдар алынады.
      3. Қаржы полициясы органдарына қызметке 40 жастан аспаған, ал қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына - 32 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      4. Қаржы полициясы органдарына қызметке бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
      5. Қаржы полициясы органдарына қызметке алынған азаматтар мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ант бередi.
      6. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне саяси партияларда, кәсiби одақтарда тұруға, қандай да болсын саяси партияны қолдауға, ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға, өзге ақылы қызметке орналасуға (оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа), кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйым басқару органының немесе бақылау кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады.
      7. Қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамының

 

лауазымдарына тағайындалған немесе кадрларына енгiзiлген әскери

мiндеттiлер, қаржы полициясы органдары оқу орындарының курсанттары мен

тыңдаушыларын қоса, белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылып, қаржы

полициясы органдарының арнайы есебiнде тұрады.


     15-бап. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтің

             шектi жасы


     1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi

жасы:

     1) қатардағы және кiшi басшы құрам тұлғалары үшiн - 45 жасқа;

     2) орта басшы құрам, сондай-ақ майор мен подполковник арнайы

атақтарындағы аға басшы құрам тұлғалары үшiн - 45 жасқа, полковник арнайы

атағындағы тұлғалар үшiн - 50 жасқа;

     3) жоғары басшы құрам тұлғалары үшiн - 55 жасқа белгiленедi.

     2. Қажет болған жағдайда қаржы полициясы органдарының жекелеген

қызметкерлерiне Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен

анықталатын тәртiппен қызмет мерзiмi ұзартылуы мүмкін.


     16-бап. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтi

             тоқтату негiздерi


     1. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтi тоқтату үшiн негiздер:

     1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босатылу;

     2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;

     3) қаржы полициясы органдарының қызметкерiн заңда белгіленген

тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;

     4) қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң өлiмi;

     5) оның лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысуы;

     6) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе ақтауға болмайтын

негiздер бойынша қылмыстық iстiң қысқартылуы.

     2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi:

     1) зейнетақыға құқық беретiн қызмет өткерген жылдары (қызмет мерзiмi)

бойынша;

     2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;

     3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке

жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы қорытындысы негiзiнде;

     4) штаттың қысқаруына байланысты;

     5) өз қалауымен;

     6) келiсiм-шартты бұзуға байланысты;

     7) аттестациямен белгiленген тәртiпте қызметке сай келмеуi бойынша;

     8) сынақ мерзiмi кезiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;

     9) кiр келтiретiн терiс қылық жасағанда;

     10) қызмет тәртiбiн ұдайы бұзуы үшiн;

     11) еңбек туралы заңдарда көзделген өзге жағдайларда жұмыстан

босатылады.

     3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi әскери есепке

қойылуымен запасқа шығарылады, егер олар әскери қызметке жарамды тұлғалар

запасында тұру үшiн заңдарда белгiленген шектi жасына жетпеген болса.


     17-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң

             арнайы атақтары


     1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне мынадай арнайы

атақтар белгiленедi және берiледi:

     1) қатардағы құрам:

     қатардағы қаржы полицейi;

     2) кiшi басшы құрам:

     қаржы полициясы кiшi сержанты;

     қаржы полициясы сержанты;

     қаржы полициясы аға сержанты;

     қаржы полициясы старшинасы;

     3) орта басшы құрам:

     қаржы полициясы кiшi лейтенанты;

     қаржы полициясы лейтенанты;

     қаржы полициясы аға лейтенанты;

     қаржы полициясы капитаны;

     4) аға басшы құрам:

     қаржы полициясы майоры;

     қаржы полициясы подполковнигi;

     қаржы полициясы полковнигi;

     5) жоғары басшы құрам:

     қаржы полициясы генерал-майоры;

     қаржы полициясы генерал-лейтенанты.

     2. Жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының

Президентi бередi.

     Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнайы атақтарын беру (олардан

айыру) тәртiбi Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен

анықталады.


                   6-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ

                ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI МЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРIН ӘЛЕУМЕТТIК

                                  ҚОРҒАУ


     18-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне

             еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей

             қамтамасыз ету



 
       1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiртұтас жүйесiнiң негiзiнде белгiленедi және лауазымдық жалақыға, арнайы атақтар үшiн қосымша төлемге, жылына екi лауазымдық жалақы мөлшерiндегi сауықтыруға арналған жәрдемақыға; қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыға; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өтемақыларға; орын ауыстыру кезiндегi көшерақы және қызметтен босатылу кезiндегi бiржолғы жәрдемақыға сүйене отырып анықталады.
      2. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң ақшалай жабдықталымы заңдарда белгiленетiн ақшалай үлестен және қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыдан тұрады.
      3. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлесi лауазымдық жалақыдан және арнайы атақ үшiн қосымша төлемнен тұрады.
      4. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жұмыскерлерiне еңбекақы төлеу шарттары мен тәртiбi заңдарға сәйкес анықталады.
      5. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтiн тегiн нысандық әрi арнайы киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.
      6. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдарда белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.
      Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткерген жылдарын есептеу iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жүргізiледi.
      7. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне асыраушысынан айырылған жағдайда және мүгедектiгi бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен және шарттарда жүргiзiледi.
 
      19-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң
              демалысы
 
      1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы отыз

 

күнтiзбелiк күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де

демалыс берiледi.

     2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне қосымша ақы төленетiн

демалыс (күнтiзбелiк есеппен) қызмет өткерген жылдарына қарай:

     он жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы бес

күнтiзбелiк күн;

     он бес жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы он

күнтiзбелiк күн;

     жиырма жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы он бес

күнтiзбелiк күн мерзiмге берiледi.


     20-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаза

             тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда

             кепiлдiктер



 
       1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төленедi.
      Бiржолғы өтемақыны төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе қызметтен босатылған кейiнгi бiр жылдың iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақатынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
      3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiндегi жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде, оларға:
      1) 1-топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай үлесi;
      2) 2-топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай үлесi;
      3) 3-топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
      4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда оларға бiр жарым айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде, орташа деңгейде мертiккен жағдайда - бiр айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде, жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
      5. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң қазасы (қайтыс болуы), жарақаты, жаралануы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындауға қатысы жоқ жағдаяттарға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
      6. Қаржы полициясы органдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
 
      21-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен
              зейнеткерлерiнiң тұрғын үй құқығы
 
      1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
      2. Қызметте тұрған қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үй-жайларын заңдарда белгiленген тәртiппен және шарттарда жекешелендiре алады.
      3. Егер басқа тұрғын үй-жайлар берiлмесе қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қаржы полициясы органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы қызметтiк тұрғын үй-жайлардан немесе қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үй-жайлардан шығарылуға жатпайды.
      4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей заңдарда белгiленген шарттарда және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
 
      22-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен
              зейнеткерлерiн әлеуметтік қорғаудың өзге шаралары
 
      1. Қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын тiзбе бойынша, олармен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерiн есепке алып, тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тиiстi

 

жылға арналған республикалық бюджетпен анықталатын мөлшерде ақшалай

өтемақы төленедi.

     2. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген шекте, қаржы

полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне Қазақстан

Республикасының iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне

заңдарда белгiленетiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары таралады.


                  7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР


     23-бап. Қаржы полициясы органдарын қаржылық және

             материалдық-техникалық қамтамасыз ету

             және осы Заңның күшiне ену тәртiбi


     1. Қаржы полициясы органдарының шығыстарын қаржыландыру және оларды

материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатынан

жүргiзiледi.

     2. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.


     24-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң

             жауапкершiлiгi және олардың құқыққа қарсы

             әрекеттерiне шағымдану құқығы



 
       1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиiсті орындамағаны үшiн заңдарға сәйкес тәртiптiк, қылмыстық және өзге де жауапкершiлiкке тартылады.
      2. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне

 

заңдарда белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.


     25-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметiн қадағалау


     Қаржы полициясы органдарының Қазақстан Республикасының заңдарын дәл

және бiрыңғай қолдануына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының

прокуратура органдары заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi            



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады