Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің салық және кеден органдары арасында ақпарат алмасу туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 81

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің салық

 

және кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің жобасы

мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кәрім

Қажымқанұлы Мәсімовке қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар

енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің салық және кеден

органдары арасында ақпарат алмасу туралы келісім жасасуға өкілеттік

берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


      Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң

     салық және кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу туралы

                              КЕЛIСIМ



 
       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
      1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қауымдастығын құру туралы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) әкелу мен әкетудi, Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердiң мемлекеттiк бюджеттерiне салықтардың, баждардың және өзге де төлемдердiң уақтылы және толық түсуiне бақылауды күшейтуде өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
      осы мақсатпен бiр-бiрiне жәрдем етудi қалай отырып, төмендегi туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      Осы келiсiмде "құзыреттi органдар" терминінен ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары ұғынылады.
 
                                2-бап
 
      Өз құзыретi шегiнде Тарап мемлекеттерiнiң әрбiр кеден органдары ай сайын оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн қажеттi ақпаратпен алмасады.
      Тарап мемлекеттерiнiң әрбiр кеден органдары өз елiнiң салық органдарына қажеттi ақпаратты бередi.
      Тарап мемлекеттерiнiң салық органдары ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерiнiң салық органдары арасындағы ынтымақтастық туралы қолданылып жүрген үкiмет аралық келiсiмдердiң шегiнде кеден органдарынан алынған ақпаратты бiр бiрiне беруге құқығы бар.

 

     Тарап мемлекеттерi әрбiрiнiң кеден органдары өз Тарабының кеден

органдарына қажеттi ақпаратты бередi.

     Тарап мемлекеттерi әрбiрiнiң кеден органдары ЕурАзЭҚ мүше

мемлекеттерiнiң салық органдары арасындағы ынтымақтастық туралы қолданылып

жүрген үкiмет аралық келiсiмдердiң шегiнде кеден органдарынан алынған

ақпаратты бiр бiрiне беруге құқығы бар.


                              3-бап


     Ақпарат алмасу тәртiбi Тарап мемлекеттерi әрбiрiнiң салық және кеден

органдары өзара әрекет шегiнде келiсiледi.


                              4-бап


     Тараптардың құзыреттi органдары ақпараттың қүпиялылығын сақтайды

және Тарап мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес оны қорғау режимiн

қамтамасыз етедi.

     Тараптардың құзыреттi органдары үшiншi тұлғаларға алынатын ақпаратты

беруге жол бермейдi.


                             5-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптардың құзыреттi

органдары жекелеген мәселелер бойынша қосымша хаттамаларды жасауға құқылы.


                             6-бап


     Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi бойынша жеке хаттамалармен

ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi және Келiсiмнiң

бөлiнбес бөлiгi болып табылады.


                             7-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдануға қатысты даулар

мен келiспеушiлiктердiң барлығы тараптар арасындағы келiссөздер мен

кеңестер жолымен шешiледi.


                             8-бап


     Осы Келiсiмнiң депозитарийi болып Еуразиялық экономикалық

қоғамдастығының Интеграциялық Комитетi табылады.


                             9-бап



 
       Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдерге қол қойған оның Тараптарының орындауы туралы үшiншi хабарламаны депозитарияға сақтауға тапсыру күнiнен бастап күшiне енедi.
      Әрбiр Тарап шығуға дейiнгi 6 айдан кем еместе депозитарияға осы

 

туралы жазбаша хабарламаны жiберiп, осы Келiсiмнен шыға алады.

     Түпнұсқа дана осы Келiсiмнiң оның куәландырған көшiрмесiн әрбiр

Тарапқа жiберетiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық

Комитетiнде сақталады.

     2002 жылдың "___"______ __________ қаласында орыс тілінде бір данада

жасалды.


     Беларусь Республикасының

         Үкiметi үшiн


     Қазақстан Республикасының

         Үкiметi үшiн


     Қырғыз Республикасының

         Үкiметi үшiн


     Ресей Федерациясының

         Үкіметі үшiн


     Тәжiкстан Республикасының

          Үкiметi үшiн




     Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады