Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 қаңтар N 112

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiмнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      6-тармақта: 
      "министрлiгiнiң жанындағы Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын жүзеге асыру жөнiндегi Топқа" деген сөздер "министрлiгiне" деген сөзбен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
     "9. Облыстардың әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен жердi суландыру және дренаж жүйелерiн қайта құруға салынған инвестициялық шығындардың үлесiн республикалық бюджетке қайтару жөнiндегi iшкi несие келiсiмiн жасасу ұсынылсын";
     көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
     4-тармақта:
     бiрiншi абзацта:
     "министрлiгiнiң жанындағы Жобаны жүзеге асыру тобы" деген сөздер "министрлiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
     10-тармақта:
     "қаражаттың" деген сөз "Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi займы мен бiрлесiп қаржыландыру қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын және "мөлшерiнде" деген сөзден кейiн "қосымша құн салығы есепке алынбай" деген сөздермен толықтырылсын.
      Ескерту. 6-абзацы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2005.06.03. N  557 қаулысымен.
       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады