Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы арасындағы атқару хаттамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 6 ақпан N 174

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 26 желтоқсанда Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы арасындағы атқару хаттамасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының
Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімге
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен
Түрік Республикасының Бас штабы арасындағы
Атқару хаттамасы

(2002 жылғы 18 сәуірде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы,
      әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында және 2001 жылғы 31 шілдеде Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы Келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес,
      мыналар туралы келісті:

1-бап

      Түрік Республикасының Бас штабы Келісімнің 2-бабын іске асыру мақсатында мынадай тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жалпы сомасы 783 000 000 000 (жеті жүз сексен үш миллиард) дейінгі АҚШ долларына баламалы түрік лиріне материалдар береді:

      NN                Атауы                   есепке       саны
                                             алу бірлігі

      1. LANDROVER Defender тенттелген          бірлік         4
         (бір кабиналы) джипі
      2. LANDROVER Defender тенттелген          бірлік         4
         (екі кабиналы) джипі
      3. LANDROVER джипі медициналық            бірлік         1
         жәрдем машинасы
      4. Әр қайсысы 2 қосалқы батареясымен       дана          8
         Асельсан PRC-9610 ауыспалы
         радиостанциясы
      5. Әрбір радиостанцияның 2 қосалқы         дана          20
         батареясымен 4014 қол радиостанциясы

2-бап

      1. Осы Атқарушы хаттаманың шеңберінде техникалар мен құрал-жабдықтарды Түрік Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына дейін жеткізуге және кедендік ресімдеуге байланысты барлық шығыстарды Түрік Тарапы өз мойнына алады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында осы Хаттаманың 1-бабында көрсетілген техникалар мен құрал-жабдықтарды кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3-бап

      Осы Атқарушы хаттама 2001 жылғы 31 шілдеде Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Осы Хаттаманың орындалуын Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі жанындағы Әскери атташесінің аппараты жүзеге асыратын болады.

4-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Атқарушы хаттамаға жекелеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

5-бап

      Осы Атқарушы хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.
      2001 жылғы 26 желтоқсанында Анкара қаласында әрқайсысы қазақ және түрік тілдерінде түпнұсқалық екі данадан жасалды әрі барлық мәтіннің де бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының         Түрік Республикасының
      Қорғаныс министрлігі үшін            Бас штабы үшін
        генерал-майор                     генерал-лейтенант
      Түркиядағы Әскери атташесі        Бас штабтың бөлім бастығы

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.
      Орынбекова Д.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады