Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1739 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 наурыз N 305

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Астана қаласы әкiмiнiң және энергиямен жабдықтаушы ұйымның 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Астана қаласында салынған орталық мемлекеттiк органдардың қалған объектiлерi бойынша электр энергетикасының объектілерiн ұлғайтуға және қайта құруға арнап қосымша қуаттарды жалғау үшiн төлемдер мен қосымша жүктемелердi қосу қажет емес деген ақпараты назарға алынсын.
      2. "Орталық мемлекеттiк органдар объектілерiнiң қосымша жүктемелерiн қосу кезінде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1739 P011739_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелерiн қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану ережесiнде:
      3-бөлiмнiң 6-тармағындағы "орындалған жұмыстар кесiмдерiнiң" деген

сөздер "энергиямен жабдықтаушы ұйым ұсынған есептердiң және объектiлердi 
жылу-энергиямен жабдықтау көздерiне қосу туралы кесiмнiң дұрыстығы туралы 
уәкiлеттi органның қорытындысының" деген сөздермен ауыстырылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады