Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелерiн қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1739

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қарашадағы Заңын орындау үшiн және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1493 P011493_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      қоса берiлiп отырған Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелерiн қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану ережесi;

     қоса берiлiп отырған Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң 
тiзбесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және 
минералдық ресурстар министрi В.С Школьникке жүктелсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі


                                              Қазақстан Республикасы
                                              Yкiметiнiң
                                              2001 жылғы 28 желтоқсандағы
                                              N 1739 қаулысымен
                                              бекiтiлген


      Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелерiн
      қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға
            қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте
                      көзделген қаражатты пайдалану
                                 ережесi

                           1. Жалпы ережелер



      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың энергия жүйесiне орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелер қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртiбiн реттейдi.

                     2. Құжаттарды дайындау және ұсыну

      2. Тиiстi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi (бұдан әрi - әкiмшi) болып табылатын энергиямен жабдықтау ұйымы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталатын, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың энергия жүйесiне орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелер қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға орталық мемлекеттiк органдар бөлетiн қаражат мөлшерiнiң есеп айырысуларын;
      энергиямен жабдықтау ұйымының орталық мемлекеттiк органдарға берген желiлерге қосылуға арналған техникалық шарттарының көшiрмелерiн ұсынады.
      3. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттар бойынша қорытынды ұсынады.
      4. Энергиямен жабдықтау ұйымының жарғылық капиталындағы үлестi республикалық меншiкке беру - әкiмшi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) және энергиямен жабдықтау ұйымы тараптар болып табылатын шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтау ұйымының, Комитетке энергиямен жабдықтау ұйымының акциясын, жүзеге асырылған қаржыландыру сомасына беру мiндетi шарттың мiндеттi шарттары болып белгiленсiн. Бұл ретте акцияның бағасы, акцияларды жазылу бойынша таратқан жағдайда, оның бастапқы құнына тең болуы тиiс.

                      3. Есеп айырысуды жүргізу тәртiбi

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен әкiмшiге "Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелер қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуы" республикалық бюджеттiк бағдарламасын iске асыруға қаражат бөледi.
      6. Әкiмшi энергиямен жабдықтаушы ұйым ұсынған есептердің және

объектілерді жылу-энергиямен жабдықтау көздеріне қосу туралы кесімнің 
дұрыстығы туралы уәкілетті органның қорытындысының негiзiнде ақшаны өзiнiң 
бюджеттiк шотынан энергиямен жабдықтау ұйымының есептiк шотына аударады.
<*>

     Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.14. N 305           
              қаулысымен.  

P020305_

 
     
                        4. Есеп және есептiлiк

     7. Әкiмшiнiң бухгалтерлiк есебiнде және есептiлiгiнде қаражаттың 
бөлiнуi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп туралы заңнамасына 
сәйкес көрсетiледi.


                                              Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметiнiң
                                              2001 жылғы 28 желтоқсандағы
                                              N 1739 қаулысымен
                                              бекiтiлген


    Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қосылғаны үшiн қарызын өтеуi қажет    
              орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң тiзбесi
___________________________________________________________________________
                               Астана қаласы
___________________________________________________________________________
           !Объектiнiң! Тех.шарттың !Жылу  !Электр.!Жиыны ! Жүктемені
           !  атауы   !  күні және  !жүкте.!лік.   !Млн.  ! растайтын
           !          !    нөмірі   !месі  !жүкте. !теңге ! құжаттар 
           !          !             !Гкал/ !ме     !      ! 
           !          !             !сағ.  !кВт    !      !
___________!__________!_____________!______!_______!______!________________
1. ҚР Қаржы  Жеңіс      N1591/04-19  2,104   2200   474,14  28.02.00 ж. 
министрлiгi  даңғылын.  12.11.99ж.                          энергия сарап.
             дағы       N1835/01-18                         тау қорытынды.
             әкімшілік  15.12.99ж.                          сы. Есептеу
             корпус                                         "Әдістемеге"
                                                            сәйкес
                                                            жүргізілді.

ҚР ішкi      Манас      N880/04-32   2,322   700    154,054 14.05.99ж.
істер        көшесін.   21.02.01ж.                          N533 энергия 
министрлiгi  дегі.      N505/04-32                          сараптау қоры.
             әкімшілік  02.03.01ж.                          тындысы. 
             ғимараты                                       Есептеу
                                                            "Әдістемеге"
                                                            сәйкес
                                                            жүргізілді.
ҚР Ұлттық    125 -      N1333/06     0,24    70     7,46    10.02.00ж.
қауiпсiз.    орамдағы   01.10.01ж.                          N1856 энергия
дiк          Спорт -    N5-13-1166                          сараптау
комитетi     сауықтыру  01.10.01ж.                          қорытындысы.
             кешені                                         Есептеу
                                                            "Әдістемеге"
                                                            сәйкес
                                                            жүргізілді.

             83 -       N1997/04-32  1,034   190    38,746  14.12.00ж. 
             орамдағы   02.10.01ж.                          N3142 энергия
             90 пәтерлi N5-22-1164                          сараптау
             тұрғын үй  01.10.01ж.                          қорытындысы.
                                                            Есептеу
                                                            "Әдістемеге"
                                                            сәйкес
                                                            жүргізілді.
             133 -      N1173/07     0,31    46     4,816   29.06.98ж.
             орамдағы   06.11.00ж.                          шартқа    
             емхананы   N5-14-509                           N3 қосымша
             кеңейту    26.06.00ж.   

ҚР Прези.    Ресми      N5-107-835           280    12,3    Есептеу
дентiнiң     адамдарға  02.11.98ж.                          "Әдістемеге"
Iс           арналған                                       сәйкес
Басқармасы   қонақ үй                                       жүргізілді.

             "Самал"    N1163/01-06          3000   308,484 Есептеу
             ш/а.       27.09.99ж.                          "Әдістемеге"
                                                            сәйкес
                                                            жүргізілді.
___________________________________________________________________________
Жиыны                                               1000     
___________________________________________________________________________
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады