"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрік Республикасының Үкiметi арасында Дипломатиялық өкілдiктер ғимараттарының құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн өзара беру туралы келiсiмді бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңына жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 сәуір N 418

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының

Үкіметі арасында Дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарының құрылысын салу

үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                                              Жоба

                      Қазақстан Республикасының Заңы

        Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрік Республикасының

          Үкiметi арасында Дипломатиялық өкілдiктер ғимараттарының

            құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн өзара беру туралы

                          келiсiмді бекiту туралы

     Анкара қаласында 2001 жылғы 5 желтоқсанда жасалған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында

Дипломатиялық өкiлдiктер ғимараттарының құрылысын салу үшiн жер

учаскелерiн өзара беру туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының

            Президентi

       Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрік Республикасының

         Yкіметі арасында Дипломатиялық өкілдiктер ғимараттарының

           құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн өзара беру туралы

                                 КЕЛIСIМ

     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi

(бұдан әрi - Тараптар деп аталатын),

     Екi ел арасындағы дәстүрлi достық қатынастарды нығайту,


 
       Түрiк Республикасында Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасында Түрiк Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң болуы мен жұмыс iстеуiне тиiстi жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында,
      1961 жылғы 18 сәуiрдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын назарға ала отырып,
      Төмендегілер туралы келiстi:
 

                                 1-бап



 
 
       Түрiк Тарапы Қазақстан Тарапына 49 жыл мерзiмге өтеусiз пайдалануға кейiн осы тақылеттес мерзiмге ұзарта отырып, Түрiк Республикасының Анкара қаласындағы Оран дипломатиялық қалашығында орналасқан алаңы 4294 шаршы метр, 25016/3 - нөмiрлi учаскенi, алаңы 4066 шаршы метр, 25016/4 - нөмiрлi учаскенi және алаңы 2810 шаршы метр, 25012/6 - нөмiрлi учаскенi бередi.
      Анкара қаласындағы жоғарыда көрсетiлген жер учаскелерi Қазақстан Тарапына жерден ажыратылмайтын жылжымайтын мүлiктің ауыртпалығынсыз берiлетiн болады.
      Қазақстан Тарапы көрсетiлген учаскелерде Қазақстан Республикасы Елшiлiгінiң жұмыс істеуi үшiн қажеттi құрылыстар сала алады.
      Түрiк Тарапы Анкара қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлігі ғимаратының құрылысы аяқталғанға дейiн, Қазақстан Тарапына Түрiк Республикасы, Анкара қаласы, Марты Чыкмазы, 14, Бiлкент 1, Бiлкент-Анкара мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 260 шаршы метр ғимаратты өтеусiз пайдалануға бередi.
      Түрiк Тарапы Анкара қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ғимаратының құрылысы аяқталғанға дейiн, Түрiк Республикасы, Анкара қаласы, Ебузия Тевфик Сокак 6, Чанкая-Анкара мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 652 шаршы метр Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Елшiлігі ғимаратының жалға алу ақысын төлейдi.
      Егер, Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Елшiлiгi қазiргі уақытта өзi орналасқан ғимаратты ауыстыруға ниет бiлдiрген жағдайда Түрiк Тарапы төлейтiн жалға алу ақысының сомасы жылына 60000 АҚШ долларынан аспауы тиiс. Бұл ретте жаңа ғимаратты таңдауды Қазақстан Тарапы Түрiк Тарапымен ынтымақтаса отырып жүргізетiн болады.
      Түрiк Тарапы Қазақстан Республикасының консулдық өкiлдiгі үшiн Стамбұл қаласында ғимарат беруде жәрдем көрсетедi.
 

                                 2-бап



 
 
       Қазақстан Тарапы Түрiк Тарапына 49 жыл мерзiмге өтеусiз пайдалануға, кейiн осы тақылеттес мерзiмге ұзарта отырып, Астана қаласындағы Қараөткелде орналасқан, жалпы алаңы 13600 шаршы метр және Жастар ықшам ауданындағы жалпы алаңы 17600 шаршы метр жер учаскелерiн бередi.
      Астана қаласындағы жоғарыда көрсетiлген жер учаскелерi Түрiк Тарапына жерден ажыратылмайтын жылжымайтын мүлiктiң ауыртпалығынсыз берiлетiн болады.
      Түрiк Тарапы жоғарыда көрсетiлген учаскелерде Түрiк Республикасы Елшілiгінің жұмыс iстеуiне қажеттi құрылыстар сала алады.
      Қазақстан Тарапы Түрiк Тарапына 49 жыл мерзiмге өтеусiз пайдалануға, кейiн осы тақылеттес мерзiмге ұзарта отырып, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы Төле би көшесi, 29 мекен-жайы бойынша орналасқан Түрiк Республикасының дипломатиялық өкiлдігінiң және/немесе консулдық

 

мекемесінің мұқтажы үшiн жалпы алаңы 465 шаршы метр ғимаратты және iргелес

жатқан алаңы 1700 және 2200 шаршы метр жер учаскелерiн бередi.

                                 3-бап

     Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген ғимараттар, құрылыстар

және жер учаскелерi борыштардан азат күйiнде, ауырпалықтарсыз және үшiншi

тұлғалардың құқықтарынсыз берiледi.

                                 4-бап

     Тараптар болатын елiнiң сыртқы iстер министрлiгінiң жазбаша

рұқсатынсыз осы Келiсiмде көрсетілген учаскелердi басқа жеке немесе заңды

тұлғаларға бере алмайды.

                                 5-бап

     Тараптар болатын елдерiнде қала құрылысы мен сәулет саласындағы

қолданылып жүрген заңнаманы сақтауға мiндеттенедi.

                                 6-бап

     Осы келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерi мен

ғимараттар, болатын елде алынатын барлық салықтардан, алымдар мен

баждардан босатылады.

                                 7-бап

     Жөндеудiң, электр, газ, су және жылумен жабдықтаудың, байланыс

қызметiн көрсетудiң барлық шығыстарын Тараптардың дипломатиялық

өкiлдiктерi төлейдi.

                                 8-бап

     Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туындауы мүмкiн

барлық дауларды Тараптар өзара консультациялар және келiссөздер жолымен

шешетiн болады.

                                 9-бап

     Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi

болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн осы Келiсiмге өзгерiстер

мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.

                                 10-бап

     Осы Келiсiм оның күшіне енуi үшiн қажетті мемлекетішілiк рәсiмдердi

Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен

бастап күшiне енедi.

     2001 жылғы "05" желтоқсанда Анкара қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк,

орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң

күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегі мәтiндi ұстанатын болады.


     Қазақстан Республикасының             Түрік Республикасының

           Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін


     Қазақстан Республикасының             Түрік Республикасы Сыртқы істер

     Түрік Республикасындағы Елшісі        министрлігінің консулдық істер

                                           жөніндегі Бас директоры      




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады