Француз Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкіметi арасындағы Қаржыландыру туралы хаттаманы (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету мен кәрiз инфрақұрылымын қалпына келтiру және жаңғырту жобасы) iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 сәуір N 477

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Француз Республикасы Үкiметiнің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн Натексис Банк Попюлэр арасындағы 27 440 000 (жиырма жетi миллион төрт жүз қырық мың) ЕВРО сомасына несие келiсiмiнің жобасы (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету мен кәрiз инфрақұрылымын қалпына келтiру және жаңғырту жобасы) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан

 

Республикасының Қаржы министрi Александр Сергеевич Павловқа заңнамада

белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан жоғарыда

аталған Несие келiсiмiне қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзуге рұқсат ете отырып, қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



               2000 жылғы 5 қазанда қол қойылған

              Француз Республикасының Үкіметі мен

          Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы

           Қаржыландыру туралы хаттаманы қолдану үшін


        Француз Республикасы Үкіметінің атынан және тапсырмасы

                      бойынша әрекет ететін

                      Натексис Банк Попюлэр


                               мен


        Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан және тапсырмасы

                       бойынша әрекет ететін

                     Қазақстан Республикасының

                         Қаржы министрлігі


                            арасындағы


                          Несие келісімі



                          КIРIСПЕ БӨЛIМ



 
       ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Үкiметi мен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Үкiметi 2000 жылғы 5 қазанда қол қойған, Хаттамаға қосымшада көрсетiлген жобаны iске асыруға байланысты француз жабдықтарын және қызметтердi сатып алуды қаржыландыру үшiн оған сәйкес француз Үкiметi қазақстан Үкiметiнің билiгiне бұдан әрi "Несие" деп аталатын, ең жоғары сомасы ЖИЫРМА ЖЕТI МИЛЛИОН ТӨРТ ЖҮЗ ҚЫРЫҚ МЫҢ ЕВРОНЫ (27 440 000 ЕВРО) құрайтын француз Қазынашылығының несиесiн берген, бұдан әрi "Хаттама" деп аталатын Қаржыландыру туралы хаттамаға қол қойғанын назарға ала отырып,
 
      Осы Хаттаманың 3-бабында Француз Республикасы Үкiметiнің атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететiн НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететiн ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI арасында Несиенi пайдалану мен өтеудiң белгiленген ережесiн қолдану жөнiндегі Келiсiмге қол қою көзделгенiн назарға ала отырып,

 

     Институционалдық қызмет жөнiндегі директор Филипп МИШО мырза өкiлдiк

ететiн Француз Республикасы Үкiметінің атынан және тапсырмасы бойынша

әрекет ететiн НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР

     бiр тараптан,

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан және тапсырмасы бойынша

әрекет ететiн, төменде "ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI" деп аталатын ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI


     екiншi тараптан,


     ТӨМЕНДЕГIЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:


     1-БАП. Несиенің сомасы мен мәнi



 
       Ең жоғары сомасы ЖИЫРМА ЖЕТI МИЛЛИОН ТӨРТ ЖYЗ ҚЫРЫҚ МЫҢ ЕВРОНЫ (27 440 000 ЕВРО) құрайтын Несие ФРАНЦИЯДАН Хаттамаға қосымшада көрсетiлген жобаны iске асыруға байланысты француз жабдықтарын және қызметтердi сатып алуды қаржыландыруға арналған.
      Хаттаманың 5-бабына сәйкес ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ қазақстандық сатып алушыға (Алматы әкiмияты) осы Несие сияқты мерзiмi, жеңілдіктi кезеңi және пайыздық ставкасы бойынша дәл сол сомаға және дәл сол шарттарда Евромен несие бередi.
      Егер тасымалдау француз кеме иеленушiсi берген коносамент бойынша немесе француз әуе көлiгi кәсіпорны берген авиа жүк құжаты бойынша немесе француз автомобиль жүк компаниясы берген көліктiк жүк құжат бойынша жүзеге асырылатын және құзыреттi француз өкiмет орындары француз қызметi ретiнде куәландыратын болса, ол француз қызметi ретінде қаралады.
      Егер сақтандыру француз рыногында танылған компаниямен жасалған болса, ол француз қызметi ретiнде қаралады.
      Сонымен бiр мезгiлде, қаржыландыру ФРАНЦИЯДАН тыс басқа елдерде жүргiзiлген француз берушілерiнің жеткiзiлiмдерi құрамына енгiзiлген әрi олардың жауапкершілігі белгiленген жабдықтар мен қызметтерге және француз өкімет орындары белгiлеген шекте және шарттарда қолданылуы мүмкiн.
      Несиенi ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНЕ төменде келтiрiлген 2, 3 және 4-баптарда жазылған ережелерге сәйкес НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР беретін болады.
 
      2-БАП. Несие бойынша қарыз алу құқығын ашу
 
      ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға қабылданған келiсiм-шарттар 1997 жылғы 17 желтоқсандағы шетелдiк мемлекеттiк қызметшiлердiң халықаралық коммерциялық мәмiлелердегi сыбайлас жемқорлығына қарсы күрес туралы ОСЭР Конвенциясы сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегі халықаралық нормалармен айыпталатын ешқандай да практиканың мәнi болмайтындығы жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.
 
      Француздық берушi мен қазақстандық сатып алушы арасында жасалған және Хаттаманың 6-бабына сәйкес қаржыландыруға қабылданған Хаттамаға Қосымшада көрсетiлген жобаны iске асыруға қатысты әрбiр келiсiм-шарт төменде "Келiсiм-шарт" деп аталатын болады. Францияның ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ Елшiлігiнiң Экономикалық Кеңесшiсiнiң мөрiмен куәландырылған Келiсiм-шарттың бiр данасы НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ жiберiлетiн болады; Экономикалық Кеңесшi Келiсiм-шартта Хаттама шеңберiнде қаржыландыруға арналған соманы көрсетедi.
      Егер ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI қарыз алуға арналған өтінімнiң осы бапта айтылған шарттарға сәйкестiгiн тексеру үшiн қосымша құжаттар қажет деп санаса, Қаржы министрлiгi қазақстандық сатып алушыдан (Алматы әкiмияты) растайтын құжаттарды сұратады. ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ Қосымшада келтiрiлген жалпы нұсқаулыққа қосымша ретiнде НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ төлеуге жататын нақты соманы көрсете отырып, француздық берушіге ақы төлеуге арналған рұқсатты жiберуi тиiс. ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНЕН осы рұқсатты алмастан, НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР француздық берушіге ақы төлеудi жүргiзбейдi.
      Келiсiм-шарттың осы данасын және үлгiсi Қосымшада берiліп отырған жалпы нұсқаулықтармен бiрге хат нысанында ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI берген француздық берушіге ақы төлеудi жүргізуге арналған рұқсатты алған кезде НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР француздық берушіні Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға Келiсiм-шарттың қабылданғаны туралы хабардар етедi. Сонымен қатар, НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР бөлiнген қаражаттың пайдаланылуына және қабылданған міндеттемелердiң орындалуына, атап айтқанда, олардың қаржыландыру туралы хаттамаларға қатысты француздық қаржыландыру ережелерiне сәйкестiгiне ықтимал бақылау жүргiзуiне келiсiмдi талап етедi. Француздық берушіден осындай келiсiмдi алғаннан кейiн НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР Экономикалық кеңесшi көрсеткен қаржыландыру сомасына Несие бойынша қарыз алу құқығын ашады. Алайда, ақы төлеу ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ француздық берушіге ақы төлеуге арналған рұқсатында көрсетiлетiн соманың шегiнде ғана ақы төленуге тиiс нақты соманы көрсете отырып, жүргiзiлетiн болады.
 
      3-БАП. Кейінге қалдыру шарттары - Несие бойынша қарыз алу алдындағы
             негiздемелер
 
      Жоғарыда 2-бапта анықталған Несие бойынша қарыз алу құқықтарын ашқаннан кейiн Несие төменде келтiрiлген 4-бапта көзделгенiндей, тек НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДI қанағаттандыратын төмендегі мынадай шарттар орындалған жағдайда:
      а) НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ осы Несие келiсiмiне және ақы төлеуге арналған рұқсатқа қол қоюға тиiсінше өкiлеттiк берiлген ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ өкiлдерінің өкілеттiктерi берiлген жағдайда;
      б) әрбiр Келiсiм-шарт бойынша:
      - НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ жоғарыда келтiрiлген 1-бапта айтылғанындай, ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ берген заемға қатысты шарттың көшiрмесi берiлген жағдайда; бұл ретте ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ ұсынатын заемның шарттары осы Несиенің шарттарымен бiрдей болуы тиiс;
      - НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ қазақстандық сатып алушы мен түпкi бенефициар арасында қол қойылған шарттың көшiрмесi берiлген жағдайда; бұл ретте қазақстандық сатып алушы ұсынатын қаржылық шарттар Несиенiң шарттарымен бiрдей болуы тиiс;
      - НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ француздық берушіге ақы төлеу үшiн қажеттi құжаттарды қазақстандық сатып алушының өкілдерi бекiтуi тиiс жағдайда, қазақстандық сатып алушы өкілдерінің өкiлеттiктерi және қолдарының үлгілерi берiлуi тиiс;
      - НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ француздық берушi бiрiншi аванстық төлемдi төлегеннен кейiн Келiсiм-шарттың күшіне енуiн растайтын құжатты берген жағдайда, ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНIҢ шотына аударылатын болады.
 
      4-БАП. Несие бойынша қарыз алу
 
      Әрбiр Келісiм-шартта көзделген бiрiншi аванстық төлем фрахт пен сақтандыруды шегере отырып, Хаттаманың шеңберiнде қаржыландырылатын Келiсiм-шарт сомасының 10%-дан 20%-на дейiн құрауы тиiс.
      Фрахт пен сақтандыруға қатысты, жөнелтiлгенге дейiн ешқандай да ақы төлеу жүргiзiлмейдi.
      Несие бойынша әрбiр қарыз алу НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ Келiсiм-шартта талап етiлетiн құжаттардың фотокөшірмелерiн ұсыну бойынша Келiсiм-шарттың төлем мерзiмiне сәйкес француздық берушінің пайдасына жүргiзiлетiн болады.
      Егер НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР қарыз алуға арналған өтінімнің қаржыландыру туралы хаттамаға қатысты француздық қаржыландыру ережелерiне сәйкестiгiн тексеру үшiн қосымша құжаттар қажет деп санаса, НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР осы құжаттарды француздық берушіден сұратады.
      НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР 2-бапта көзделген шекте Несие бойынша француздық берушіге тиесілі соманы төлейдi. НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ жоғарыда көрсетiлген құжаттардың фотокөшірмелерiн тексеру жөнiндегi жауапкершiлігінің мәнi Құжаттамалық Несиелерге (соңғы шығарылым) қатысты Франция Банкінің қайта есептеуге рұқсат ету Ережесi мен Шарттарында айтылатын мағынада олардың Келiсiм-шарт бойынша төлем мерзiмдерi мен шарттарына және осы Несие келiсiмнің шарттарына сырттай сәйкестiгiн бақылаумен шектеледi.
      НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР талаптарға сай деп танылған құжаттарды алғаннан кейiнгi 15 жұмыс күнiнен кейiн француздық берушіге ақы төлеудi тiкелей жүргізедi.
      Әрбiр күнтiзбелiк тоқсанның аяғында НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНЕ осы күнтiзбелiк тоқсанның ішінде жүргiзiлген қарыз алулардың күнi мен сомасын нақтылайтын шоттың үзіндi көшiрмесiн жiбередi.
      Осы Келiсiмнің 2, 3 және 4-баптарында көзделген ережелерге сәйкес НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР француздық берушімен жүргiзген есеп айырысулар НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ 2-бапта айтылған жалпы нұсқаулықтар бар хатында берген тапсырманы орындауын бiлдiредi және оның билiгiне ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Yкiметi ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Үкiметiне бөлген Несиенің берiлгенiн растайды.
 
      5-БАП. Негiзгі соманы өтеу. Несие бойынша пайыздарды төлеу
 
      НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ пайдасына өтеуге арналған құқық осы Несие келiсiмiн орындау үшiн ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНIҢ есебiнен Несие бойынша ол жүзеге асырған төлемдерден туындайды. Несие бiркелкi бөлiктерге бөлiнетiн болады, оның әрқайсысы күнтiзбелiк тоқсан iшiнде НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР жүргiзген қарыз алуларға сәйкес келетiн болады.
      Ұзақтығы он алты (16) жыл Несиенің әрбiр бөлiгi жиырма (20) бiрдей әрi бiркелкi жарты жылдық жарнамен он (10) жыл ішінде өтелуi тиiс, бұл ретте бiрiншi бөлiгi оның ішінде қарыз алулар жүргізiлетін күнтiзбелік тоқсанның соңғы күнiнен кейiн жетпiс сегiз (78) ай өткеннен кейiн өтеледi. Несиенiң әрбiр бөлiгі төленген және әлi өтелмеген сомаға есептелген жылына екi және оннан бiр пайыз (2,10%) мөлшерiнде пайыздар алу құқығын бередi.
      Пайыздар әрбiр қарыз алу күнiнен бастап есептеледi және 360 күннен тұратын жылдың және 30 күннен тұратын айдың негiзiнде есептеледi. Олар мерзiмi басталған кезде әрбiр жарты жыл сайын төленедi; бұл ретте алғашқы пайыздарды төлеу мерзiмi оның ішінде қарыз алулар жүргізiлетін күнтiзбелік тоқсанның соңғы күнiнен кейiн алты (6) ай өткеннен кейiн басталады.
      Әрбiр күнтiзбелік тоқсанның аяғында жоғарыда берiлген Несиенiң айқындамасы әрбiр бөлiгіне НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР мүмкiндiк пайда болған кезде, ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІНЕ негiзгi борышты және оған тиiстi пайыздарды өтеу кестесiнiң төрт данасын жібередi. Осы кестеге НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР 4-бапта айтылған Несие бойынша қарыз алулары бар шоттың үзiндi көшiрмесiн қоса бередi.
      Осы өтеу кестесi осы кестеде көзделген барлық төлем мерзiмдерi бойынша НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ пайдасына Қазақстан Үкiметiнiң атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететiн ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНIҢ бұлжымас және қайтарып алынбайтын төлемдік міндеттемесi болып табылады.
      Жоғарыда айтылған өтеу кестелерiн алғаннан кейiн ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ, мүмкiн бола салысымен, қазақстандық сатып алушыға жоғарыда айтылған өтеу кестесiнің көшiрмесiн, сондай-ақ Несие бойынша жүргiзiлген қарыз алуларға сәйкес шоттың үзiндi көшiрмесiн жiбередi. Осы кесте қазақстандық сатып алушы ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНIҢ пайдасына, ал түпкi бенефициар - қазақстандық сатып алушының пайдасына жасауы тиiс өтеулердi анықтауға мүмкiндiк бередi.
      Әрбiр төлем мерзiмi басталған кезде ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ ПАРИЖДЕГI НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ N 30000 99999 63565775000 07 шотына тиесілі соманы несиеге бередi.
      Егер негiзгi сома бойынша немесе пайыздар бойынша өтеу күнi ФРАНЦИЯДА жұмыс iстемейтiн күнге тап келсе, онда ол одан кейiнгi бiрiнші жұмыс күнiне ауыстырылады.
      Тиесілі соманы алғаннан кейiн НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР жүргiзiлген төлем туралы ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНЕ хабарлайды.
 
      6-БАП. Келiсiм-шарттан туындайтын талаптар немесе ерекшелiктер
 
      ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI осы Несие келiсiмiнiң шеңберiнде алған барлық мiндеттемелер, атап айтқанда негiзгi борыш пен пайыздық ставкалар бойынша орындалу мерзiмi басталған мiндеттемелерге ақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелер Келiсiм-шарт ережелерi бойынша қазақстандық сатып алушы мен француздық берушiнiң арасында жасалған мiндеттемелерге тәуелдi емес.
      Демек, қазақстандық сатып алушы Келiсiм-шарт бойынша француздық берушіге қоюы мүмкiн ешқандай талап немесе ерекшелiк НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ қарсы қойыла алмайды, және осылайша осы Несие келiсiмiне сәйкес тиесілі барлық соманы төлеуге ықпал етпейдi.
 
      7-БАП. Есеп айырысу және төлем валютасы. Заңды мекен-жайы
 
      Келiсiм-шарттың әрбiр сомасы Евромен берiледi.
 
      Несие Евромен берiледi және өтеледi.
      НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ тиесілі кез келген ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI төлейтiн сома мына референция бойынша ПАРИЖДЕ ашылған НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ N 30007 99999 63565775000 07 шотына аудару арқылы жүргiзiлуi тиiс:
                         o
      А.I/Р.Е.Е. - Рrеt N А 41
 
      8-БАП. Келiсiм-шарт шеңберінде берiлген кепiлдiктердi тартуға
             байланысты соманы өтеу
 
      Қазақстандық сатып алушының пайдасына Келiсiм-шарт шеңберiнде кепiлдiктер (банктік кепiлдiктер, кепiлгерлiктер ....) берiлген жағдайда, ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ қазақстандық сатып алушыға осы кепілдiктерден алынған кiрiс НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ пайдасына берiлуi тиiстігі туралы хабарлайды. Демек, осы кепiлдiктердің мәтінін осы кепiлдiктердi тарту нәтижесiнде құралатын ақшалай қаражат толық және тiкелей НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ аударылатындығын нақтылайтын тармақты қамтуы тиiс.
      Егер жоғарыда айтылған кепiлдiктер төте кепiлдiктермен өтелетiн жағдайда, төте кепiлгер жоғарыда айтылған кепілдiктердi тарту нәтижесiнде алынған барлық ақшалай қаражатты тiкелей НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ аударуды жүргізетiнiне кепiлдiк бередi.
      НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР осы кепiлдiктерден алынған соманы 12-бапқа сәйкес қаржыландырады.
 
      9-БАП. Салықтар - баждар - шығындар және жанама салықтар
 
      Несие қаражаты Қазақстан Республикасында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге жiберiле алмайды.
      Заң бойынша ФРАНЦИЯДА төлеуге жататын осы Несие келiсiмiне қатысты осы немесе болашақ барлық баждарды, кез келген сипаттағы салықтарды, елтаңбалық алымдарды НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР өтейдi.
 
      Осы Несие Келiсiмiне қатысты және Қазақстан Республикасында төлеуге жататын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленедi. Заемның негiзгi сомасын және ол бойынша пайыздарды өтеу ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ заңнамасына сәйкес алынатын салықтардан және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден босатылады. Бұдан негізгі борыш сомасы және пайыздар кез келген шегерiмдерден немесе ұстап қалулардан тәуелсiз төленетіні шығады. Алайда, егер қандай да болмасын оқиға тиесiлi соманың бүкiл жиынтығын төлеуге кедергi жасаса, ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ оның бастапқы талабы бойынша және кешіктiрмей нақты айырмасын төлейдi.
      Осы Несие келiсіміне және одан туындайтын кез келген әрекетке қатысты барлық шығыстарды, кез келген баждар мен қаламақыларды, көбiнесе заң консультанттарының шығыстары мен қаламақыларын және ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІНIҢ әрекетiнен немесе әрекетсiздiгiнен туындаған процессуалдық әрекеттерге немесе тексерулерге байланысты туындауы мүмкiн барлық шығыстарды соңғысы төлейдi.
 
      10-БАП. Мораторийлiк пайыздар
 
      Төменде келтiрiлген 11-бапта көрсетiлетiндi жоймай, яғни 10-бапты бұзбай міндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап ету құқығы немесе төлемнiң қандай да болмасын мерзiмiн қорғау белгiленген күнi негiзгi сома бойынша немесе пайыздар бойынша орындауды басталған мерзiмдерiнде ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІНIҢ мiндеттемелердi өтемеуi берешек күнiнен бастап оны нақты төлеген күнiне дейiн мораторийлік пайыздарды есептеуге толық құқық бередi.
      Хаттаманың 3-бабына сәйкес осы мораторийлік пайыздар жылдық үш пайызға (3%) арттырылған жылдық екi бүтiн жүзден жетпiс төрт пайызда (2,74%), яғни жылына барлығы бес бүтiн жүзден жетпiс төрт пайыз (5,74%) 2000 жылға заңнамада белгiленген пайыз ставкасының негізiнде есептелетiн болады. Осы мораторийлік пайыздардың өздерiне осы мораторийлiк пайыздар бiр жылға жеткен сайын, жоғарыда келтiрiлген ставка бойынша пайыздар есептеледi - бес бүтiн жүзден жетпiс төрт (5,74%).
 
      11-БАП. Несиенi тоқтата тұру. Несие бойынша міндеттемелердi
              мерзімiнен бұрын орындауды талап ету
 
      Келiсiм-шарт бойынша ешқандай жаңа қарыз алу НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДЕН талап етiле алмайды және ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРГЕ қарыз Келiсiм-шарт бойынша барлық сома төменде санамаланған мән-жайлардың бiреуi туындаған кезде НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ алғашқы талабы бойынша жедел төлеуге жатады:
      - қандай себеп болса да Келiсiм-шартты тоқтата тұру, жою, ішінара немесе толық бұзу; Несиенi тоқтата тұру және Несие бойынша мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап ету Несиенің тоқтатыла тұрған, күшін жойған немесе бұзылған Келiсiм-шартқа қатысты бөлiгiне ғана қолданылады. Алайда, мұндай жағдайда ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНІҢ өтінуi бойынша НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР француз өкiмет орындарының мақұлдауымен төленген Несиенi сақтап қала алады.
      - ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІНIҢ осы Несие келiсiмi бойынша қандай да болмасын өзiнiң төлемдiк мiндеттемелерiн төлемеуi;
      - ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНIҢ осы Несие келiсiмiнен туындайтын қандай да болмасын шарттарды, айтылғандарды немесе мiндеттемелердiң бiрiн тиiсiнше орындамауы;
      - осы Несие келiсiмiнiң орындалуына кедергi болатын қазақстан Yкiметінің кез келген әрекет немесе шешiмi.
 
      Жоғарыда санамаланған жағдайларда кез келген Несиенi мерзiмiнен бұрын өтеудi талап ету ешқандай ресмиліксiз немесе заңмен белгiленген шешімдерсiз төменде 14-бапта көрсетiлген ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІНІҢ заңды мекен-жайына тапсырыс хатын жiберу арқылы жүзеге асырылады. Осы хатта жоғарыда айтылған өтеу хатты алғаннан кейiн ең әрiсi 30 күннен асырылмай жүргiзiлуi тиiстiгi нақтыланады.
 
      Жоғарыда айтылған құқықтарды жүзеге асыруда НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР тарапынан кез келген кешігудi немесе олқылықтарды ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ ешқашанда осы құқықтардан бас тарту түрiнде немесе ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНIҢ тарапынан ақы төленбеген келiсiм ретiнде қарай алмайды.
 
      12-БАП. НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДЕН алынған соманы қаржылық бөлу
 
      5 және 10-баптарда көзделген негізгі сома және пайыздарды төлеу бойынша төлемдердiң басталған мерзімінде мiндеттемелердi өтеудi қоспағанда, осы Несие келiсiмiнiң шеңберiнде, оның iшiнде 8 және 11-баптарды орындау үшiн НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДЕН алынған кез келген соманы НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР мынадай түрде бөледi:
 
      - бiрiншi кезекте төлеуге мүмкiндiк бар берешектердi төлеуге;
      - одан кейiн:
      - не бiр немесе бiрнеше қойылған өтеу кестелерi бойынша қалған

 

негізгі борышты өтеуге, бұл ретте көрсетiлген кесте немесе кестелер

тиiсiнше қайта есептеледi;

     - не НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР ақшалай қаражат алатын күнтiзбелiк тоқсан

ішінде Несие бойынша жүргiзiлген қарыз алуды шегеруге;

     - не өткен күнтiзбелiк тоқсандар үшiн Несие бойынша жүргiзiлген қарыз

алуды шегеруге, бұл ретте оларға қатысты өтеу кестесi немесе кестелерi

тиiсiнше қайта есептеледi.


     13-БАП. Қолданылатын құқық


     Осы Несие келiсiмiнiң қолданылатын құқығы француздық Құқық болып

табылады.


     14-БАП. Домицилийді таңдау


     Осы Келiсiмдi орындау үшiн домицилийлер мынадай мекен-жайлар бойынша

таңдалды:


     NATEXIS BAHQUES POPULAIR үшiн:


     Secretariat General

     Activites Institutionnelles

     Prets aux Etats Etrangers

     45, rue Saint Dominique

     75007 PARIS

     Телекс: 660 370

     Телефон: 01 48 00 32 11/39 86

     Факс: 01 48 00 37 70


     Қаржы министрлігі үшін:


     Қазақстан Республикасы

     473000 Астана қаласы

     Жеңіс даңғылы, 33

     Қаржы министрлігі

     Телекс:

     Телефон: 7 (3172) 117761

     Факс: 7 (3172) 117762


     15-БАП. Түсіндiру - шешiлмеген мәселелер - даулар



 
       Егер осы Несие келiсiмiн орындау уақытында түсiндiру проблемалары және осы мәтiнмен шешiлмейтiн мәселелер туындаса, НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР және ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГІ өзара түсiнiстiк және iзгі ниет рухында қарапайым хат алмасу арқылы тиiсті шешiмдердi iздейдi.
 

 

     Келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, мүдделi тараптар қажет болған

жағдайда, өз үкiметiмен консультацияға жүгiне отырып, оны өзара келiсiм

бойынша реттеу мақсатында келiссөздер жүргізедi.


     Егер келiсiмге қол жеткiзiлмесе, дау оны реттеудiң тиiстi тәсiлдерi

туралы шешiм қабылдайтын екi дауласушы тараптың үкіметтерінің назарына

ұсынылады.


     16-БАП. Күшіне енуі


     Осы Несие келісімі НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР және ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ оған

қол қойғаннан кейін күшіне енеді.


     ПАРИЖДЕ "____"

     және АСТАНАДА "____"

     жасалды.


     (Екі данада француз және орыс тілдерінде, бұл ретте екі мәтіннің де

бірдей күші бар).


     НАТЕКСИС БАНК                   Қазақстан Республикасының

       ПОПЮЛЭР                           Қаржы министрлігі



                         ҚОСЫМША


         ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ БАР ХАТТЫҢ YЛГIСI


     ........................................................... мырза!




     .................................... сомадағы Келiсiм-шартқа .......


(күні) ..............., француздық берушінің және ....................., қазақстандық сатып алушының арасында қол қойылды.
 
      2000 жылғы 5 қазанда қол қойылған Қаржыландыру туралы хаттаманың шеңберiнде қаржыландыруға жататын ................. жобаға қатысты осы Келiсiм-шарт Алматыда Франция Елшiлiгi Экономикалық Кеңесінің мөрiмен куәландырылды.
 
      Қазақстандық сатып алушының өтiнуi бойынша Сiзден бiздiң шотымызға француздық берушімен және қазақстандық сатып алушымен келiсiлген ақы төлеу шарттарына сәйкес және сiздiң қызметтерiңiзге келiсiм-шарттық құжаттардың фото көшiрмелерiн бергеннен соң және НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНЕН ақы төлеуге рұқсат алғаннан кейiн француздық берушіге тiкелей төлем жүргiзуiңiздi өтiніп сұраймыз.
 

 

     Төлеуге жататын нақты соманы көрсете отырып, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ

МИНИСТРЛIГІНIҢ рұқсатына сәйкес НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ француздық

берушінің пайдасына ақы төлеу, өтелуi және қызмет көрсетiлуi 2002 жылғы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГI мен НАТЕКСИС БАНК ПОПЮЛЭРДIҢ арасындағы

Несие келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылатын Несиенiң қаражатын алу түрiнде

қаралады.


     Француз қазынашылығының Несиесi бойынша өтеу

......................... Бiздiң Несие келісiмiмiзбен анықталған шекте және

шарттарда жасалады.


                                                  ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады