Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 мамыр N 490

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы" 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 U010585_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы облысының әкіміне:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2001 жылғы 4 мамырдағы N 606 P010606_ және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" 2001 жылғы 28 маусымдағы N 889 P010889_ қаулыларымен республикалық бюджеттен бөлінген, күрделі жөндеуден өткізілетін және қайта жаңартылатын объектілер бойынша үнемделген қаражатты Алматы қаласынан Талдықорған қаласына квота бойынша көшірілген орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмсауға;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы N 606 қаулысының 1-тармағына сәйкес сатып алынған жиһазды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық бөлімшелер арасында қажеттілігіне қарай бөлуге рұқсат етілсін.
      2. Алматы облысының әкімі қаражаттың мақсатты және тиімді

 

пайдаланылуын қамтамасыз етсін және 2002 жылғы 1 қыркүйекке дейін орталық

атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерін, пәтерлердің мекен-жайларын,

алаңын және олардың теңгерімдік құнын көрсете отырып, тәптіштелген есеп

ұсынсын.

     3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады