Қазақстан Республикасының меншiгiне Өзбекстан Республикасында жылжымайтын мүлiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 тамыз N 920

      Мемлекеттiк қаражатты ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасының меншiгiндегi шет елдегi жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiн кеңейту жөнiндегi белгiленген жобаларды одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң дипломатиялық қызмет персоналын орналастыру үшiн Ташкент қаласындағы жылжымайтын мүлiктi қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне сатып алу туралы ұсынысы қабыл алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен жылжымайтын мүлiктi сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақы төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 63030 (алпыс үш мың отыз) АҚШ долларына баламалы

 

сомада қаражат бөлсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге

асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

                                              2002 жылғы 19 тамыздағы

                                                   N 920 қаулысына

                                                       қосымша

       Қазақстан Республикасының меншiгiне Ташкент қаласында (Өзбекстан

                Республикасы) сатып алынатын жылжымайтын мүлiк

                                   тiзбесi

     1. 2 бөлмелi пәтер

     Миробад ауданы

     Саид Барак көшесi 3, 18-пәтер

     құны 9300 АҚШ доллары

     2. 2 бөлмелi пәтер

     Миробад ауданы

     Саид Барак көшесi 3, 21-пәтер

     құны 10100 АҚШ доллары

     3. 2 бөлмелi пәтер

     Миробад ауданы

     Саид Барак көшесi 4, 3-пәтер

     құны 8600 АҚШ доллары

     4. 3 бөлмелi пәтер

     Миробад ауданы

     Саид Барак көшесi 14, 24-пәтер

     құны 9300 АҚШ доллары

     5. 3 бөлмелi пәтер

     Миробад ауданы

     Чехов көшесi 21, 30-пәтер

     құны 9500 АҚШ доллары

     6. 3 бөлмелі пәтер

     Миробад ауданы

     Чехов көшесi 21, 54-пәтер

     құны 10500 АҚШ доллары

     Мәмiленi ресiмдеу жөнiнде қызметтер көрсету ақысы - 5730 АҚШ доллары



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Омарбекова А.Т.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады